Жұмыс бағдарламасы Пәні: «Қазақстанның физикалық географиясы» Мамандық:



Дата13.06.2016
өлшемі202.5 Kb.
#133111
түріЖұмыс бағдарламасы
Қазақ инновациялық заң –гуманитарлық университеті

Гуманитарлық факультет

Тарих және география кафедрасы

«Бекітемін» ___________

Университет ректоры

Құрманбаева Ш.А.

«___»________2015ж


Оқу жұмыс бағдарламасы

Пәні: «Қазақстанның физикалық географиясы»

Мамандық: «География» 5В011600

Курс: 3

Семестр: 5

Дәріс: 30

Зерханалық жұмыс: 15

Аудиториялық сағат: 45

СОӨЖ: 22,5

СӨЖ : 67,5

Емтихан: 5

Семей-2015ж.

«Қазақстанның физикалық географиясы» пәні бойынша оқу әдістемелік кешен 5В011600 «География» мамандығының типтік оқу жоспары негізінде жасалған.


Құрастырған: оқытушы ______________________
Тарих және география кафедрасы мәжілісінде қаралды
« » 2015 ж. Хаттама№ ___
Кафедра меңгерушісі __________ Курманбаева С.А.
Гуманитарлық факультеттің оқу-әдістемелік комиссия мақұлдады.
« » 2015 ж. Хаттама № ___
Төрайымы:_____________Ахметова А.К.
Университеттің оқу -әдістемелік кеңесінде бекітілген
« » ________2015 ж. Хаттама №___
Төрайымы _______________________ Жарыкбасова К.С.


«Қазақстанның физикалық географиясы» пәні бойынша оқу жұмыс бағдарламасы.
1.Пәннің оқу процесіндегі мақсаты мен міндеті.

1.1 Жоғары оқу орындарының география мамандықтары үшін «Қазақстанның физикалық географиясы» оқу курсы негізгі пәннің бірі болып есептеледі. Себебі бұл пән өзіміздің Отанымыз, туған жеріміз туралы болғандықтан студенттерге тереңдетіп оқытып жеткізу. Бұл ғылыми пән – басқа облыстардан табиғатының әр алуан ерекшеліктерінің т.б. қайталанбас табиғатының көріністерін оқыту;

Ұсынылып отырған пәннің басты міндет – мақсаты табиғатын және табиғи құбылыстарды бақылауға, алған білімдерін сараптай отырып табиғат құбылыстарының түрлеріне өзіндік сипаттама беруді қалыптастыру. Алған білімдерін одан әрі өз бетінше дамытуға дағдыландыру. Студенттердің қоршаған ортаны қорғауын, туған өлкесінің табиғатына деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін қалыптастырады.
1.2.Пәнді оқытудағы міндеті:

Бұл пән географиялық білім беру жүйесінде, әсіресе педагогикалық бағыттағы оқу орындағы география мамандығы үшін негізгі пән болып есептеледі. қазақстанның табиғат жағдайының алуан түрлі екендігін, олардың қалыптастырудағы географиялық заңдылықтарды, осы Қазақстанның физикалық географиясы курсында оқып шығады.



  • География ғылымдары жүйесінде Қазақстан физикалық географиясының алатын орны туралы студенттерге таныстыру;

  • Табиғатының зерттелу тарихы, табиғатының ерекшелігі туралы білімді қалыптастыру;

  • Қазақстанның физикалық – географиялық аймақтары мен аудандары туралы білім беру;

  • Қазақстан территориясындағы қорғалатын аумақтары, экологиялық проблемалары туралы сипаттау;

Студент курс аяқталған соң келесідегідей білім, біліктілік дағдыларды игере алады:



  • Қазазстанның физикалық географиясы жайлы толық мағлұмат;

  • Қазақстанның физикалық географиялық орнына сипаттама бере білу, географиялық орнының табиғат компоненттерінің қалыптасуына әсерін;

  • Қазақстанның табиғатын оқып үйренудегі зерттеулердің алатын орнын;

  • Рельефтің қалыптасу заңдылығын, оның қалыптасуындағы тектоника мен геологиялық құрылымының әсерін;

  • Климатын және оны қалыптастырушы факторларға сипаттама беру;

  • Картадан су жүйелерін, ағын модулін;

  • Картадан топырақ – өсімдік жамылғысының таралуын, оның қалыптасуындағы негізгі факторларын анықтап, оған сипаттама беру;

  • Физикалық – географиялық процесстерге – құбылыстарға болжам жасау;

  • Экологиялық проблемалардың себебін оның салдарын және шешу жолдарын анықтау.

  • Қазақстанның физикалық географиясын оқып үйренуде білімді қалыптастыру үшін бұл пәнге қоса басқада география жүйесін қалыптастыратын, географиялық қабық тұжырымы, топография, картография, геология, метеорология, гидрология, геоморфология, жаратылыстану негізі, материктер және дүние жүзінің экономикалық әлеуметтік географиясын білу қажет.


1.3. Оқу процесіндегі пәннің орны
География ғылымында Қазақстанның физикалық географиясының алатын орны, рөлі және курстың мақсат, міндетін білуіміз керек. Себебі өз туған өлкеміз туралы студенттердің толық мағлұмат алуы басты міндет болып отыр. Осы Қазақстанның физикалық географиясын оқу процесінде пәннің алатын орны өте зор. Бұл курста Қазақстанның географиялық орнының ерекшелігін, ауданын, шекарасының ұзындығын, көршілес мемлекеттері туралы, сонымен қатар территориясының зерттелу тарихын, тектоникалық – геологиялық құрылымын, жер бедерін (рельефін), климатын, климат құрастырушы факторларын, ішкі суларын және олардың таралу ерекшеліктерін, топырақ – өсімдік жамылғысын, оның таралу заңдылығын, жануарлар дүниесін, зоогеографиялық аудандастырылуын, табиғат зоналарын, ол зоналардың қалыптасуы және оның таралу ерекшелігін, экологиялық проблемаларын, аудандардың физикалық – географиялық ерекшелігін, қорғалатын территорияларын, табиғи жолмен болатын төтенше жағдайларын оқытамыз. Осы Қазақстанның физикалық географиялық ерекшеліктерімен студенттер толықтай танысып, меңгеріп шығу қажет.

2.Курс мазмұны

2.1. «Қазақстанның физикалық географиясы» пәнінен дәріс тақырыптары.

30 сағат.




Дәріс тақырыптары

Дәрістің мақсаты мен мазмұны

Оқу түрі

Сағат көлемі

1



Қазақстанның физикалық – географиялық орны және шекаралары

Мақсаты: Қазақстанды физикалық тұрғыдан географиялық орны мен шекараларын анықтау.

Танысу қажет: Қазақстанның физикалық география пәнінің негізгі курсына мазмұндық сипаттама берумен.

Білу қажет: Қазақстанның физикалық география курсының мақсаты мен міндеттерін.

Меңгеру қажет: Қазақстандағы физикалық географияның даму тарихын. Географиялық орны, шекарасы. Физикалық географияның орнының ерекшеліктері мен саяси-әкімшілік бөлінуін



Күндізгі


2сағат



2

Территориясының зерттелу тарихы

Мақсаты: Территориясының әр кезең бойынша зерттелу ерекшеліктері мен зерттеген саяхатшы ғалымдармен таныстыру.

Танысу қажет: Біздің заманымызға дейін зерттелуі мен қалыптасуы.

Білу қажет: Қазақстан зерттеуші саяхатшыларын ;

Меңгеру қажет: Орта ғасырлардағы Араб және Қытай зерттеушілері

Еуропалық зерттеушілер.

Жергілікті зерттеушілерін



күндізгі

2сағат

3

Гео – тектоникалық құрылымы

Мақсаты: Қазақстан аумағында тектоникалық – геологиялық құрылымының даму ерекшеліктерін сипаттау.

Танысу қажет: Қазақстандағы геологияның негізгі ерекшеліктерін

Білу қажет: палеогеографияның негізгі қағидаларын;

Меңгеру қажет: Қазақстан Республикасының геологиялық құрылысының ерекшеліктері мен тектоникалық аудандастырылуын



күндізгі

2сағат

4

Қазақстанның жер бедері (рельефі)

Мақсаты: Қазақстан территориясының жер бедерлерінің түрлерімен таныстыру.

Танысу қажет: шөгінді, магмалық, өзгерген метаморфтық жыныстармен.

Білу қажет: тау жыныстарының генетикалық топтарын, физикалық үгілу қарқындылығындағы жыныстардың жылусыйымдылық, жылуөткізгіштік қасиеттерін

Меңгеру қажет: Қазақстандағы тау жыныстарының физикалық және химиялық қасиеттерін ажырата алуды. Рельефтің генетикалық типтері,геоморфологиялық аудандастыру мен еліміздегі

негізгі рельеф пішіндерін


күндізгі

2сағат

5

Климаты

Мақсаты: Қазақстан климатының басқа облыстардан ерекшелігін оқыту.

Танысу қажет: Климат құрушы факторлармен және олардың ерекшеліктерімен

Білу қажет: Антропогендік факторлардың климатқа әсерін

Меңгеру қажет: Қазақстандағы таулы және жазық жерлердің климат ерекшеліктері мен климаттық аудандастырылуын;

Табиғи ортаның гидроклиматтың көрсеткіштерін


күндізгі

2сағат

6

Ішкі сулары

Мақсаты:Қазақстан ішкі суларының таралуы мен орналасуы туралы сипаттау.

Танысу қажет: Ішкі сулардың таралу заңдылықтарын

Білу қажет: Қазақстанның ішкі суларының экологиялық жағдайын

Меңгеру қажет: Өзендер

Көлдер, жерасты сулары және

мұздықтар және олардың ғаламдық мәселелерін зерттей алу.



күндізгі

2сағат

7

Топырақ жамылғысы

Мақсаты: Қазақстан территориясында таралған топырақ түрлерімен таныстыру.

Танысу қажет: Топырақ түрлері және олардың таралу заңдылықтарын

Білу қажет: Генетикалық типтері, мен құрылымдық ерекшеліктерін

Меңгеру қажет: Топырақ эрозиясы жайлы және топырақты рекультивациялау мен әдістерін.



күндізгі

2сағат

8

Өсімдік жамылғысы

Мақсаты: Қазақстан аумағындағы өсімдік жамылғысын оқыту.

Танысу қажет: Өсімдіктердің таралу заңдылықтарымен, түрлерінің ерекшеліктерін

Білу қажет: Геоботаникалық аудандастырылуын, олардың таралу сипаттамасын

Меңгеру қажет: Құрылымдық динамикасының ерекшеліктері мен биогендік компоненттер және олардың сипатын.



күндізгі

2сағат

9

Жануарлар дүниесі

Мақсаты: Қазақстан территориясындағы жануарлар дүниесінің ерекшеліктерін сипаттау.

Танысу қажет: Жануарлар дүниесінің таралу ерекшеліктерімен, жануарлар түрлерімен.

Білу қажет: Қазақстанның ерекше қорғалатын аймақтарын.Қорықтар және олардың сипатын

Меңгеру қажет: Зоогеографиялық аудандастыру.

Эндемик жануарларға сипаттама беру.


күндізгі

2сағат

10

Табиғат зоналары

Мақсаты: Қазақстан территориясындағы табиғат зоналар түрлері мен бір – бірінен айырмашылығын түсіндіру.

Танысу қажет: Қазақстандағы табиғат зоналарының таралу заңдылығымен

Білу қажет: Ендік зоналар мен биіктік зоналар, олардың айырмашылықтарын

Меңгеру қажет: Қазақстандағы жеке таулы аумақтардың биіктік белдеуліктері және өзіндік ерекшеліктерін.



күндізгі

2сағат

11

Қорықтар

Мақсаты: Қазақстан аумағындағы флорасы мен фаунасын ерекше қорғауға алатын қорықтарын оқыту.

Танысу қажет: Қазақстан қорықтарының алуан түрлілігі мен ерекшеліктерін

Білу керек: Қазақстан қорықтарының құрылу мақсаттары мен міндеттерін

Меңгеру керек: Қазақстан қорықтарында негізгі қорғауға алынған жануарлары мен өсімдіктерін



күндізгі

2сағат

12

Қорықшалар

Мақсаты: Қазақстан аумағындағы флорасы мен фаунасын ерекше қорғауға алатын қорықшаларын оқыту.

Танысу қажет: Қазақстан қорықшаларының алуан түрлілігі мен ерекшеліктерін

Білу керек: Қазақстан қорықшаларының құрылу мақсаттары мен міндеттерін

Меңгеру керек: Қазақстан қорықтары мен қорықшалар айырмашылықтары мен ұқсастықтарын



күндізгі

4сағат

13

Қазақстанның физикалық-географиялық аудандастырылуы

Мақсаты: Қазақстан территориясының физикалық – географиялық жағынан аудандастырылу ерекшеліктерімен таныстыру.

Танысу қажет: Қазақстанның физикалық географиялық аудандастырылу тарихымен, бір – бірінен ерекшеліктерін

Білу қажет: Аудандастыру принциптерін, олардың орналасу заңдылықтарын

Меңгеру қажет: Гвоздецкий, Давыдова және Чупахин бойынша аудандастырылуын



күндізгі

2сағат

14

Қазақстанның табиғи орталықтарын қалыптастырушы негізгі факторлар.

Мақсаты: Қазақстан табиғатының ерекшеліктері мен қайталанбас сипатын таныстыру.

Танысу қажет: Қазақстанның қайталанбас әдемі табиғатының ерекшеліктерімен

Білу керек: Қазақстанның табиғатының қалыптасуына әсер етуші негізгі факторларды

Меңгеру қажет: Қазақстан аудандары бойынша ауа райының әр алуандығымен, қалыптасқан табиғат компоненттерінің ерекшеліктерін









15

Экологиялық жағдайы

Мақсаты: Қазақстан аумағының ластану дәрежесі мен ластаушы көздерін оқыту.

Танысу қажет: Ауа бассейінің, су ресурсының, жер ресурсының ластану дәрежесінің сипатын

Білу керек: Қазақстан территориясындағы экологиялық апатты жерлерді

Меңгеру керек: Қазақстан территориясында ең лас қалалар ахуалын











2.2 «Қазақстанның физикалық географиясы» пәнінің семинар тақырыптары мен мазмұны. 15сағат.





Сабақ тақырыбының атауы

Мазмұны

Оқу түрі

Сағат саны

1.

Қазақстан табиғатының жағдайы

Табиғат жағдайының алуан түрлілігімен таныстыра отырып, меңгеріп шығу.

Табиғат жағдайының шаруашылық түрлерін дамытудағы рөлін меңгеру керек.



күндізгі

1сағат

2.

Қазақстанның гео-тектоникалық даму ерекшелігі, жыныстардың пайда болу кезеңдері

Қазақстан территориясындағы гео-тектоникалық даму тарихын білу керек.

Шөгінді жыныстардың таралуы мен магмалық жыныстардың таралуын білу керек.

Табиғатының төрттік дәуірдегі қалыптасу ерекшелігін білу керек.


күндізгі

1сағат

3.

Рельефінің ерекшелігі оның құрылымы

Рельефті қалыптастырушы сырқы процесстерді білу керек.

Рельефті қалыптастырушы ішкі процесстерді білу керек.

Рельефтің геологиялық – тектоникалық құрылымының байланысын меңгеру керек.


күндізгі

1сағат

4.

Климаттық ерекшеліктер

Қазақстан аумағында ауа температурасының таралуын, сонымен қатар Қазақстан аумағында атмосфералық жауын - шашынның таралуын,

ауа массалары, оның айналымын, атмосфералық қысымның таралу заңдылығын меңгеру керек.



күндізгі

1 сағат

5.

Минералды және термальді сулар

Қазақстан территориясында минералды сулар және термальды сулардың таралу ерекшелігін меңгеру керек.

Минералды сулардың көздерін (Барлық – Арасан, Рахман бұлағы т.б) білу керек.

Минералды сулар мен термальді сулардың шаруашылықтағы маңызын игеру керек.


күндізгі

1 сағат

6.

Мәңгі тоңдар, мұздықтардың типтері

Қазақстан тауларының қазіргі кезеңдегі мұздануын білу керек.

Мұздықтардың жалпы көлемі және алып жатқан ауданын және

қар сызығының биіктігі мен климатының мұздықтарға әсерін білу керек.

Қазақстанда таралған мұздықтар саны мен олардың жіктелу ерекшеліктерін меңгеру крек.



күндізгі

1 сағат

7.

Жер ресурсы

Азық – түлік проблемасын шешудегі жер ресурсының рөлі мен халық шаруашылығындағы маңызын білу керек

Шабындық жерлер мен жайылымдық жерлердің маңызын меңгеру керек.

Жарамсыз жерлердің пайда болу себептері және оны шешу жолдарын игеру керек.


күндізгі

1 сағат

8.

Топырақ ластануының негізгі факторлары

Топырақты ластаушы негізгі көздерін білу керек.

Топырақтың ластануына антропогендік факторлардың әсерін білу керек.

Топырақты мелиорациялау жолдарын және тағы басқа қайта қалпына келтіру жолдарын анықтау керек.


күндізгі

1 сағат

9.

Өсімдік жамылғысының классификациясы

Өсімдік ресурстары, олардың шаруашылықтағы маңызын білу керек.

Дәрілік өсімдіктер мен олардың дәрілік мақсатта қолдану жолдары игеру керек.

Эндемик өсімдіктер түрлері мен таралған аймақтарын білу қажет.


күндізгі

2 сағат

10.

Жануарлар дүниесінің классификациясы

Жануарлар түрлерінің зоогеографиялық аудандастырылуын білу керек.

Кәсіптік маңызы бар жануарлар түрлерін атап, олардың пайдалану жолдарын білу керек.

Эндемик жануарлар түрлері мен таралған аймақтарын меңгеру керек.


күндізгі

2 сағат

11

Табиғат зоналарының таралу заңдылығы

Зоналардың географиялық орны, рельефі, климаты, топырақ – өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесін игеру керек.

Жеке таулы аймақтардың биіктік белдеуліктері және өзіндік ерекшеліктерін(мысалы: Алтай және Сауыр – Тарбағатай тауларына сипаттама жасау) білу қажет.



күндізгі

1 сағат

12

Агроклиматтық қорлар

Күн радиациясының шаруашылықтағы әсерін білу керек.

Жел энергиясын пайдалану ерекшелігі мен дәл қай аймақтарда пайдаланатынын игеру керек.

Температура мен ылғалдылық элементтерінің шаруашылықтағы әсерін білу керек.


күндізгі

1 сағат

13

Қазақстанның табиғатын тиімді пайдалану

Жер ресустарын тиімді пайдалану жолдарын білу керек.

Су ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын меңгеру керек.

Минералды ресурстарды тиімді пайдалану мәселесін білу қажет.


күндізгі

1 сағат



2.3 «Қазақстанның физикалық географиясы» пәні бойынша СОӨЖ орындау және тапсыру кестесі. 22,5 сағат.




Сабақ тақырыбының атауы

Мазмұны

бақылау формасы

Сағат саны

1

Қазақстанның табиғатын зерттелуіне үлес қосқан ғалым (қалауы бойынша кез – келген ғалым туралы) Ш.Ш. Уәлихановтан басқа

Қазақстанның табиғатын зерттеген ежелгі, орта ғасыр, жаңа дәуір ғалымдарына тоқтала келе, талдау жасап оған баға беру.

Ғалымдардың зерттеген географиялық обьектілерін анықтап, соның ішінде қазақтың тұңғыш ұлы географ саяхатшысы Ш.Ш. Уәлихановтың еңбегінен басқа зерттеушілердің зерттеген жерлерін білу керек.



Баяндама

2 сағат

2

Аласа таулы және орта таулы аймақтар ерекшеліктері

Аласа және орташа таулы аймақтардың географиялық орнын, тектоникалық геологиялық құрылымын, таралған пайдалы қазбаларын білу керек. Сонымен қатар осы таулардан бастау алатын өзендерін, топырақ пен өсімдіктер жамылғысының таралуы, жануарлар дүниесінің таралуын т.б. ерекшеліктерін меңгеру керек.

Хабарлама

1 сағат

3

Биік таулы аймақтар ерекшеліктері

Биік таулы аймақтардың географиялық орны мен тектоникалық геологиялық құрылымын, таралған пайдалы қазбаларын білу керек.

Сонымен қатар осы таулардан бастау алатын өзендерін, топырақ пен өсімдіктер жамылғысының таралуы, жануарлар дүниесінің таралуын т.б. ерекшеліктерін игеру керек.



Хабарлама

1 сағат

4

Жазықтар. Жазықты аймақтар ерекшеліктері

Тарбағатай тауының географиялық орны. Тектоникалық геологиялық құрылымын, таралған пайдалы қазбаларын, бастау алатын өзендерін, топырақ пен өсімдіктер жамылғысының таралуы, жануарлар дүниесінің таралуын т.б. ерекшеліктерін толықтай меңгеріп шығу керек.

Хабарлама

1 сағат

5

Өзендер. Өзендердің таралуы.

Қазақстанның және ШҚО – ның ең ірі өзені ретінде Ертіс өзенінің қай таудан бастау алатынын, қай алапқа құятынын игеру қажет. Және де өзеннің салаларын, жылдық ағын мен су шығынының мөлшерін, қоректену режимін, шаруашылықтағы маңызы мен атқаратын рөлін білу керек.

Конспект

2 сағат

6

Көлдер. Көлдердің пайда болуы мен орналасу ерекшеліктері

Қазақстан көлдерінің географиялық орнын, қазаншұңқырда пайда болуына қарай типін, шығу тегін, құятын өзендерін меңгеру керек. Және осы көлдердің флорасы мен фаунасын, эндемик балықтарын, халық шаруашылығындағы маңызын игеру керек.

Баяндама

2 сағат

7

Мұздықтар

Қазақстанда таралған тау шыңдарындағы мұздықтар саны мен түрлерін сипаттай білу керек. Мұздықтар түрлерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын меңгеру керек. Мұздықтардан бастау алатын өзендерге және осы мұздықтардың халық шаруашылығындағы маңызын білу керек.

Баяндама

2 сағат

8

Қазақстанның рекреациялық ресурстары

Қазақстан территориясы бойынша рекреациялық ресурстарының алуан түрлілігін білу керек. Соның ішінде минералды су көздері бар арасан жерлерін, Алтай тауының, Катон Қарағай жерінің табиғатының ерекшеліктерін т.б табиғат байлықтарын білу керек.

конспект

2 сағат

9

Қазақстан табиғатының антропогенді өзгерістері

Қазақстан территориясының антропогендік факторлар әсерінен өзгерген обьектілері мен олардың қазіргі кездегі жағдайын білу қажет. Антропогенді өзгерістер нәтижесінде қалыптасқан жерлерге сипаттама бере білу.

Хабарлама

2 сағат

10

Қазақстан экологиялық проблемаларының себептері, салдары және шешу жолдары

Қазақстан территориясында орын алған экологиялық апатты жерлерді білу керек.

Экологиялық ахуалы нашар жерлерді анықтап, экологиялық проблемалардың туындау сипатын меңгеру керек.

Экологиялық проблемалардың алдын алу шараларын ұйымдастыру жолдарын меңгеру керек.


Конспект

2 сағат

11

Табиғи жолмен болатын төтенше жағдайлар

Қазақстан территориясында болатын табиғи төтенше жағдайларды білу керек.

Табиғи жолмен болатын төтенше жағдайлардың пайда болу себеп-салдарын анықтау керек. Апатты табиғи құбылыстар әсерін сипаттап, жиі болатын аймақтарды меңгеру керек.



конспект

1 сағат

12

Қазақстан аумағының жер бедер түзуші факторлар

Қазақстан территориясының жер бедеріне сипаттама бере бу керек. Жер бедерінің алуан түрлілігін, ерекшелігін анықтау керек. Таулы жерлерге және жазықты жерлерге сипаттама беріп, оны меңгеру керек.

Конспект

1 сағат

13

Қазақстанның климаттық аудандастырылуы

Қазақстан климатының нәтижесінде қалыптасқан ауа райының әр алуандығын меңгеру керек. Территориясының аумақты болуына байланысты климат аудандастырылуының қалыптасу ерекшеліктерін білу керек.

Конспект

2 сағат

14

Қазақстанның жер асты сулары

Қазақстан жер асты суларына сипаттама беру керек. Жер асты суларының таралу ерекшеліктерін меңгеру керек. Шөлді алқаптарда жер асты суларының көлемін, таралу заңдылықтарын, халық шаруашылығындағы маңызын білу керек.

Баяндама

2,5 сағат

15

Қазақстан тауларының жоталары

Қазақстандағы ірі – ірі тауларға сипаттама беріп, олардың бірнеше жоталарының ерекшеліктерін меңгеру керек. Тау жоталарының аттарын, олардың орналасу сипатын білу керек. Тау жоталарының шыңдарын жатқа біліп, оларды картадан анықтап игеру керек.

Конспект

1 сағат



2.4 «Қазақстанның физикалық географиясы» пәні бойынша СӨЖ орындау және тапсыру кестесі. 67,5 сағат.




Тақырыптар

Мазмұны

Сағат саны

бақылау формасы

1

Солтүстік Қазақ жазығы

Батыс Сібірдің яғни Қазақстан территориясындағы Солтүстік Қазақ жазығының географиялық орнын, шекараласатын аудандарын білу керек. Оның гео-тектоникалық даму тарихын әр дәуір мен кезең бойынша сипаттау керек. Солтүстік Қазақ жазығының топырақ және өсімдік жамылғысын, жануарлар дүниесін, климатын, экологиялық жағдайын білу керек.

7

Конспект

2

Тұран жазығы

Қазақстан территориясындағы Тұран жазығының географиялық орнын, шекараласатын аудандарын білу керек. Оның гео-тектоникалық даму тарихын әр дәуір мен кезең бойынша сипаттау керек. Тұран жазығының топырақ және өсімдік жамылғысын, жануарлар дүниесін, климатын, экологиялық жағдайын білу керек.

7

Конспект

3

Шығыс Еуропа жазығы

Қазақстан территориясындағы Шығыс Еуропа жазығының географиялық орнын, шекараласатын аудандарын білу керек. Оның гео-тектоникалық даму тарихын әр дәуір мен кезең бойынша сипаттау керек. Шығыс Еуропа жазығының топырақ және өсімдік жамылғысын, жануарлар дүниесін, климатын, экологиялық жағдайын білу керек.

7

Хабарлама

4

Сарыарқа

Қазақстан территориясындағы Қазақ ұсақ шоқысының географиялық орнын, шекараласатын аудандарын білу керек. Оның гео-тектоникалық даму тарихын әр дәуір мен кезең бойынша сипаттау керек. Қазақ ұсақ шоқысының топырақ және өсімдік жамылғысын, жануарлар дүниесін, климатын, экологиялық жағдайын білу керек.

6,5

Баяндама

5

Алтай таулы аймағы

Қазақстан территориясындағы Алтай таулы аймағының географиялық орнын, шекараласатын аудандарын білу керек. Оның гео-тектоникалық даму тарихын әр дәуір мен кезең бойынша сипаттау керек. Алтай таулы аймағының топырақ және өсімдік жамылғысын, жануарлар дүниесін, климатын, экологиялық жағдайын білу керек.

7

Хабарлама

6



Жоңғар Алатауы таулы аймағы

Қазақстан территориясындағы Жоңғар Алатауы таулы аймағының географиялық орнын, шекараласатын аудандарын білу керек. Оның гео-тектоникалық даму тарихын әр дәуір мен кезең бойынша сипаттау керек. Жоңғар Алатауы таулы аймағының топырақ және өсімдік жамылғысын, жануарлар дүниесін, климатын, экологиялық жағдайын білу керек.

7

Баяндама

7

Саур Тарбағатай таулы аймағы

Қазақстан территориясындағы Саур Тарбағатай таулы аймағының географиялық орнын, шекараласатын аудандарын білу керек. Оның гео-тектоникалық даму тарихын әр дәуір мен кезең бойынша сипаттау керек. Саур Тарбағатай таулы аймағының топырақ және өсімдік жамылғысын, жануарлар дүниесін, климатын, экологиялық жағдайын білу керек.

7

Конспект

8

Тянь-Шань таулы аймағы

Қазақстан территориясындағы Тянь – Шань таулы аймағының географиялық орнын, шекараласатын аудандарын білу керек. Оның гео-тектоникалық даму тарихын әр дәуір мен кезең бойынша сипаттау керек. Тянь – Шань таулы аймағының топырақ және өсімдік жамылғысын, жануарлар дүниесін, климатын, экологиялық жағдайын білу керек.

7

Реферат

9

Орал таулы аймағы

Қазақстан территориясындағы Орал таулы аймағының географиялық орнын, шекараласатын аудандарын білу керек. Оның гео-тектоникалық даму тарихын әр дәуір мен кезең бойынша сипаттау керек. Орал таулы аймағының топырақ және өсімдік жамылғысын, жануарлар дүниесін, климатын, экологиялық жағдайын білу керек.

7

Конспект

10

Қазақстанда туризмді дамыту мүмкіндіктері

Қазақстан территориясындағы табиғаты қайталанбас көрнекті жерлерді білу крек. Осы табиғаты нәтижесінде туризмді қалай дамыту жолдарын меңгеріп, олардың қазіргі таңда даму мүмкіндіктерін меңгеру керек.

5

Ауызша талдау


Негізгі әдебиеттер;

  1. Атлас Казахской ССР.- том 1. Природные условия и ресурсы.- М.: ГУГ и К, 1982.

  2. Атлас Казахской ССР.- том 2. Социально-экономические условия,
    население.- М.: ГУГ и К, 1985

  3. Бейсенова А.С. Физико-географические исследования Казахстана.- Алма-
    Ата.: Казахстан, 1982 – 229 бет.

  4. Бейсенова А.С. Первооткрыватели.- Алма-Ата.: Жалын, 1987 - 197 бет.

  5. Магидович И.П., Магидович В.И. Очерк по истории географических
    открытий.- Том 1-9 .- М: Просвещение, 1982 - 325 бет.

  6. Давыдова М.И., Раковская Э.В. Физическая география СССР. М.: 1989.
    том 2.-М.,1990 – 425 бет.

  7. Малиновский Е.Е. Геология СССР.- Часть 1, 2, 3- М: МГУ, 1988-1990 -

  8. Николаев Н.И. Новейшая тектоника и геодинамика литосферы.- М.: Недра,
    1988 – 329 бет.

  9. Мещеряков Ю.А. Рельеф СССР.- М.: Просвещение, 1972 – 197 бет.

  10. Мягкова Н.А. Климат СССР.- М.: МГУ, 1983 – 189 бет.

  11. Герасимова М.И. География почв СССР.- М.: Высшая школа, 1987 – 265 бет.

  12. Устименко П.Д., Утемагамбетов М.М., Карпенко К.Д. Физическая география Казахской ССР.-Алма-Ата.: Мектеп, 1990 -203 бет.

  13. Второв П.П., Дроздов Н.Н. Биогеография. М.: Просвещение, 1978 – 225 бет.

  14. Красная книга Казахстана.- Том 1.- Животные, Том 2.- Растения.- Алма-Ата.:
    Наука АН Каз. ССР, 1979, 1981 – 420 бет.

  15. Муканов Б., Мусакулов Т., Суворов Н. Растительный и животный мир

  16. Казахстана.-Алма-Ата: Мектеп, 1978 – 205 бет.

  17. 16.Тахтаджян А.Л., Лазаренко А.С. и др. Жизнь растений.- Том 1-5.- М.:

  18. Просвещение, 1978, 1984 – 195 бет.

  19. Чупахин В.П. Физическая география Казахстана.- Алма-Ата: Мектеп, 1968 – 321 бет.

  20. Физическая география Казахстана / Под ред. Г.М. Джаналиевой.- Алматы:
    КазГУ, 1998 - 297 бет.

  21. 19.Гарапова Г.С. Қазақстанның физикалық, географиясына арналған

  22. сарамандық жұмыстар. Өскемен, 2003 - 49 бет.

  23. 20Қазақстанның тарихи танымдық географиясы «Глобус». Алматы. 2007ж

  24. Шығыс Қазақстанның географиялық атаулары. Өскемен 2003ж

  25. Оқушы анықтамасы «Географиясы» Алматы «Арман» 2004ж

  26. Экономическая и социальная география география. / под. ред А.А.Вольского. –М., 1995.

  27. Шығыс қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі. Өскемен 2005ж

  28. Шығыс Қазақстан «Золотая книга». Алматы 2007 ж.

  29. Энциклопедия. Страны и народы мира.

  30. Статистич. ежегодники Казахстана. Казахстан и регионы. 1995-2002 гг.

  31. Чигаркин А.В Геоэкология и охрана природы Казахстана. Алматы 2003г.

  32. Абдуллин А.А Геология Казахстана.

  33. Ердавлетов С.Р География туризма. Алматы. 200г

  34. Қазақстанның қызыл кітабы (өсімдіктері және жануарлар) Алматы 1978ж

  35. Биғалиев А.Б. Жамалбеков Е.Ж. Қазақстанның топырақ экологиясы. Алматы 1995ж

  36. Пальгов Н.Н Реки Казхстана. Изд. АН КазССР. А – А 1959г

  37. Экология және табиғатты қорғау. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Мектеп 2002ж

  38. Үйсімбаев Б.С Шығыс Қазақстан облысының географиясы. Семей 2000ж


Қосымша әдебиеттер:


  1. Физико-геофафический атлас мира. М.: ГУГ и К, 1964 – 303 бет.

  2. Устименко П.Д., Утемагамбетов М.М., Карпенко К.Д. Физическая географияКазахской ССР. Алма-Ата.: Мектеп, 1990 – 401 бет.

  3. Чупахин В.М. Высотно-зональные геосистемы Средней Азии и Казахстана.-Алма-Ата.: Наука АН Каз.ССР, 1987 - 391 бет.

  4. Исаченко А:Г. Ландшафтоведение и физико-географическое
    районирование.- М.: Высшая школа, 1991 – 234 бет.

  5. Реймерс Н.Ф. Природопользование./ Словарь-справочник/. М.: Мысль, 1990 – 192 бет.

  6. Гельдыева Г.В., Веселова Л.К. Ландшафты Казахстана. – 301 бет.

  7. Ландшафтная карта Каз.ССР/ под ред. Гвоздецкого./ М 1:2500000. М.: ГУГ и К,1979.

  8. Чигаркин А.В. Геоэкология Казахстана.- Алматы: Наука, 1996 – 322 бет.

  9. Красная книга Каз.ССР. Алматы: Конжык, 1996 – 401 бет.

10. Николаев В.А. Казахстан.- М.: МГУ, 1979 – 165 бет.

11. Казахстан. Под ред. Герасимова И.П. М.: Наука, 1969 – 208 бет.

12. Исаченко А.Г. Ландшафты СССР. Л., 1985 - 198 бет.

13. Арманд Д.Л. Наука о ландшафте. М., 1976 - 235 бет.

14. Забелин И.М. Физическая география в современном естествознании – М, Наука, 1968 – 291 бет.

15. Беручашвили Н.Л. Четыре измерения ландшафта. М., 1986 - 193 бет.



  1. Солнцев Б.Н. Геолого-геоморфологический каркас в формировании физико-географической структуры территории./Вестник МГУ, серия
    географическая, 1974.- 235 бет.

  2. Перельман А.И. Геохимия. М.: Наука, 1990 - 129 бет.

18. Исаченко А.Г., Шляпникова А.А. Природа мира. Ландшафты. М.: Мысль, 1986 – 235 бет.

  1. Розанов Б.Г. Основы учения об окружающей среде. М.: МГУ, 1984, 192 бет.

20. Горшков СП. Земельные ресурсы мира: антропогенные воздействия. М.:
Знание, 1987, 203 бет.

21. Карпеков К., Бейсенова Э. Қазақстанның физикалық географиясы. Окулық.-Алматы.: Атамұра, 2003 – 311 бет.


4. Пәннің материалдық - техникалық қамтамасыз етілуі.




Дәріс тақырыптары

Мультимедиялық презентациялар

Оқу фильмдері

Муляжи

Макропрепа-раттар

Басқалар

1

Қорықтар

Слайд презентация













Карта

2

Қорықшалар

Слайд презентация















3

Экологиялық жағдайы

Слайд презентация


















Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет