Жұмыс бағдарламасы пәні/модуль: жкп 05-«Медициналық биология генетикамен» Мамандық: 0302000-«Мейірбике ісі»



бет1/19
Дата03.08.2023
өлшемі349.5 Kb.
#475942
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
мед биол руп



БЕКІТЕМІН
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
« ____»________20____ ж.


ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


Пәні/модуль: ЖКП 05-«Медициналық биология генетикамен»
Мамандық: 0302000-«Мейірбике ісі»
Біліктілігі: 0302043-«Жалпы тәжірбиедегі мейірбике»
Оқу түрі: Күндізгі
Оқытудың нормативтік мерзімі: 2 жыл 10 ай
Курс: 1
Семестр: 1
Пәні: «Медициналық биология генетикамен»
Бақылау түрі: емтихан
Барлық оқу сағатының көлемі: 60 сағат (2 кредит)
БӨЖ: 15 сағат
ОБӨЖ: 5 сағат
Аудиториялық: 40 сағат
Симуляция: -


Шымкент 2020 ж.
Оқытушы туралы мәлімет:





А.Ж.Т.

Каб.

Қызметі

Ғылыми
атағы

Жүргізетін пәні



Эл. пошта

Кеңес беру уақыты



1

Туменова А.Ж

202

Оқытушы

Аға оқытушы

Медицина. биология генетикамен

tumenova@
mail.ru

10.00-11.00

Оқу жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 20__жылғы __________________________________бұйрығына сәйкес құрастырылды.
Құрастырушы: Туменова А.Ж ______________

«Медицина » кафедрасының мәжілісінде (2020 ж. 26 тамыздағы №_1__хаттама) қаралды.


Кафедра меңгерушісі: ________________________


«Қазақстан » медициналық колледжінің әдістемелік кеңесінде (2020 ж. 27 тамыздағы № 1 хаттама) мақұлданды.
ӘК төрайымы ______


1.Түсіндірме жазба
Кіріспе
Медициналық биология адамды биологиялық объект ретінде зерттейді. Заманауи биология жетістіктері гендік және жасушалық инженерияның, биотехнологияның дамуымен тікелей байланысты. Медициналық биология және генетика пәні медициналық білім беруде фундаментальді пәндердің бірі болып санадалы. Биология саласындағы жетістіктер мен жаңалықтар медициналық биологиялық және клиникалық пәндердің дамуы мен прогресінде үлкен маңызы бар.
Медициналық генетика тұқым қуалайтын аурулардың дамуының және түзілуінің себептерін, олардың диагностикасын, алдын алуын және емделуін зерттейді. Заманауи генетиканың жетістіктері көптеген тұқым қуалайтын аурулардың алдын алуын, ерте диагностикасын жүргізуге және медеуге мүмкіндік береді. Медициналық генетиканы оқып-зерттеу жасуша қызметі мен құрылысының молекулалық негізін, гендер экспрессиясының реттелуін, матрицалық синтезді, сигналдардың берілу механизімдерін түсінуге мүмкіндік береді. Мұның өзі қалыпты тіршілік үдерісін ғана емес, олардың бұзылыстарын, гендік және хромосомалық мутациялармен байланысты көптеген тұқым қуалайтын ауруларды анықтауға қажет.


Пәннің мақсаты ағзадағы негізгі молекулалы-генетиккалық және клеткалық тетіктер туралы заманауи білімді білімгерлерде қалыптастыру және осы білімнің клиникалық тәжірибеде қолдануына бағыт беру.


Пәннің міндеттері:

  • Тіршілік ұйымының деңгейлері және тірі ағзаның түпкілікті қасиеттері туралы жүйелік білімді қалыптастыру;

  • Ағзаның қалыпты және патологиялық жағдайларда қызмет етуіндегі молекулалы-генетикалық және жасушалықтетіктерінің ролін жетік түсінуді және кең тараған ауруларды анықтауда, алдын алу шараларында, емдеуде біліктілікті қалыптастыру.

  • Теориялық және тәжірибелік медицинада заманауи технологиялар мен молекулалы-генетикалық әдістерді қолданудың негізгі принциптері туралы түсінікті қалыптастыру.

  • Тұқым қуалайтын ауруларды анықтау және алдын алу үшін, тұқым қуалайтын патологиялардың негізгі белгілерін ажырата білуге үйрету.

  • Паразитологияның медико-биологиялық аспектілері туралы түсінікті қалыптастыру.

  • Молекулалы-генетикалық зерттеулердің жетістіктерін медицинада қолданудың этикалық және құқықтық нормалары туралы түсінікті беру.

  • Тұқым қуалайтын аурулар туралы ғылыми әдебиеттер мен электрондық директер базаларымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет