Көмірсулар мен белоктардың алмасуының
өзара байланыстары
Екі алмасудың байланыстырушы түйіні пирожүзім қышқылы болады. Пируваттан аланин, фенилаланин, тирозин, триптофан, гистидин және басқалары пайда бола алады.Бұдан басқа, пируваттан қымыздық сірке қышқылы түзіледі, ал одан аспарагин қышқылы құрылады:Пирожүзім қышқылы трикарбон қышқылының цикліне еніп L-кетоглутар қышқылына айналады, ал одан глутамин қышқылы пайда боладыКөмірсулармен белоктардың бір-біріне айналымы глюкокортикоидтармен реттеледі.Керісінше, белоктардан көмірсулар түзілуі мүмкін. Көптеген амин қышқылдарынан организмде пирожүзім қышқылы түзіле алады, ал пируваттан көмірсуларға өту күрделі емес.
Белоктар мен майлардың алмасуының
өзара қатыстары
Ацетил – КоА қымыздықсірке қышқылымен конденсацияланып Кребс цикліне түсіп - кетоглутар қышқылының түзілуін қамтамасыз етеді, ал соңғысы глютамин қышқылына аайналады.
Ацетил – КоА организмде қымыздықсірке және пирожүзім қышқылдарын ұдайы, кең көлемде өндіріп отырады. Екі қышқылдан да амин қышқылдары /аланин, аспарагин, треонин/ түзіледі.
Керісінше, майлардың белоктардан пайда болуы мүмкін. Амин қышқылдарының ыдырауынан пирожүзім қышқылы пайда болса, ал одан тотыға декарбоксильдену арқылы ацетил – КоА түзіледі.
Нуклеин қышқылдарымен басқа заттардың
алмасуының байланыстары
Нуклеин қышқылдарына арналған тақырыпта айтып кеткендей, амин қышқылдары /аспарагин, глицин, глутамин/ пурин және пиримидин сақиналарын құруға қатынасады. Бұның өзі жер бетіндегі тіршіліктің даму тарихында белоктардың түзілуі бірінші /алғашқы/ процесс, ал нуклеин қышқылдарының түзілуі екінші, яғни белоктың синтезін қамтамасыз етуге бейім, процесс екенін көреміз.
Нуклеин қышқылдарымен көмірсу алмасуларының арасында да байланыстар бар.
Пурин және пиримидин нуклеотидтерінің құрамды бөліктері – D-рибоза және D-оксирибоза – нуклеин қышқылдарының молекуласына көмірсулардың ыдырауы есебінен түседі.
Ал, нуклеин қышқылдарының ыдырауы көмірсулардың түзілуін әр түрлі көмірсулармен қамтамасыз етеді.
Екінші бір қатынас, ол нуклеозиддифосфаттар мен нуклеозидтрифосфаттардың түзілуінің көмірсулардың клеткада ыдырау деңгейіне байланыстылығында жатыр. Түзілу үшін АТФ қажет, ал көмірсулардың аэробтық ыдырауы оның бай көзі екенін білеміз.
Үшінші дәлел: Нуклеин қыщқылдарының клеткадағы түзілуі гистон түріндегі белоктармен реттеледі.
Сонымен, тірі организм үздік зат алмасудың арқасында өз тіршілігін қамтамасыз ете алатын, өзін-өзі реттеуші үйлесімді жүйе болып саналады
Өзіңді тексер
1.Көмірсулардың майға айналуында байланыстырушы түйін: а)глюкозо-6-фосфат; б)3-фосфоглицерин қышқылы; в)ацетил- КоА; г)пирожүзім қышқылы; д)изоцитрат
2.Кребс айналымыдна алма қышқлы дегидрленіп айналады: а)фумар қышқылына; б) янтарь қышқылына; в) қымыздық-сірке қышқылына; г)α-кетоглутар қышқылына; д) лимон қышқылына
3.Көмірсулар мен нуклеин қышқылдарының алмасуларын байланыстырып қосылыстардың аты: а)рибоза және дезоксирибоза; б)глюкоза және галактоза; в)ксилоза және арабиноза; г)сүт және фумар қышқылы; д)пирожүзім және фумар қышқылы
4.Белокатр мен нуклеин қышқылдарның алмасуларын байланыстыратын қосылысты ата:
а)серин және аланин; б)глицин және аспарагин қышқлдары; в)триптофан және гистидин; г)треонин және пролин; д) валин және лейцин
-
Зертханалық-семинар сабақтарының жоспары
Майда, суда еритін витаминдерге тән сапалық реакциялар
Сабақтың мақсаты: Майда еритін витаминдерге тән сапалық реакциялармен студенттерді таныстыру.
Әдістің принциптері: Сапалық реакциялар витаминдердің химиялық құрылыстарының айрымашылықтарына негізделген.
Байқалған: құбылыстарды кестеге қорытындылап жазыңыз
Ферменттердің биологилық катализатор ретіндегі жалпы
қаситеттері
Жұмыстың мақсаты: Ферменттердің жалпы қасиеттерімен студенттерді тансытыру
Байқалған:
Гормондарға сапалық реакциялар
Жұмыстың мақсаты: Инсулин, адреналин және фолликулин гормондарына сапалық реакцияларымен танысу
Әдістің принципі: Бұл тәсіл гормондардың химиялық құрылысына байланысты түрлі-түсті реакциялар беруіне негізделген.
Байқалған:
Зат және энергия алмасуы. Биологиялық тотығу тізбегі.(семинар )
Сабақтың мақсаты: Студенттерді зат, энергия алмасуын зерттейтін әдістермен және биологиялық тотығудың негізгі ұғымдарымен таныстыру
Глюкозаны Бертран әдісімен анықтау
Жұмыстың мақсаты: Студенттерді глюкозаны анықтау әдісімен таныстыру
Қан сары суындағы холестеролды илька Әдісімен анықтау
Жұмыстың мақсаты: Холестеролды анықтау тәсілі Либерман-Бурхард реактивімен көкшіл-жасыл ерітінді түзуіне негізделген. Ерітіндінің қанықтығы холестерол мөлшеріне сәйкес болады.
Жалпы белокты рефрактометриялық әдіспен анықтау
Жұмыстың мақсаты: Қан сарысуындағы және жұмыртқа белогындағы жалпы белокты рефрактометориялық әдіспен анықтау.
Нуклеопротеидтер гидролизі
Жұмыстың мақсаты: Нуклеопротеидтердің құрамын анықтау үшін қышқылдық гидролиз жүргізеді. Жартылай гидролиз барысында нуклеопротеидтер қарапайым белок және нуклеин қышқылдарына ыдырайды. Нуклеопротеидтердің толық гидролизі нәтижесінде мына заттар түзіледі:
-
полипептидтер мен амин қышқылдары;
-
пурин және пиримидин негіздері;
-
көмірсулар (рибоза және дезоксирибоза);
-
фосфор қышқылы
Гидролизат құрамындағы заттарды сапалық реакциялармен ашады .
Әдістің принципі: Күрделі белок – нуклеопротеидтердің химиялық құрамын анықтау.
Зат алмасуының өзара байланыстары (семинар)
-
Заттар алмасуынының өзара байланыстарының жалпы заңдылықтары.
-
Көмірсулар мен майлардың алмасуының өзара байланысы.
-
Көмірсулар мен белоктардың алмасуының өзара қатынастары.
-
Белоктар мен майлардың алмасуының өзара қатыстары.
-
Нуклеин қышқылдары мен басқа заттардың алмасуының байланыстары.
-
СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
-
Студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар:
Студенттің өздік жұмыстары төменде көрсетілген тақырыптар бойынша 5-7 бет көлеміндегі реферат түрінде жазылады.
Студенттің өздік жұмысының тақырыптары:
1 Тірі табиғаттағы су
2 Тірі ағзадағы минералды заттар
3 Фотосинтез
4 Қан биохимиясы
5 Жүйке ұлпасы биохимиясы
6 Бұлшықет ұлпасы биохимиясы
7 Жалғастырушы ұлпа биохимиясы
9 Бауыр биохимиясы
10 Бүйрек биохимиясы
11 Зәр биохимиясы
12 Сүт биохимиясы
13 Ет биохимиясы
14 Тері биохимиясы
15 Жүн биохимиясы
Достарыңызбен бөлісу: |