Жұмыс бағдарламасы (силлабус) н 3



бет1/2
Дата27.03.2024
өлшемі280.87 Kb.
#496663
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2
Силлабус Таңдаған 2023 жаңа 4 курс (2) (2)


Оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус)



Н 3-1.1.37
08.08.2023






қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі
«м.х.дулати атындағы тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ



БЕКІТЕМІН

____________________факультетінің деканы/
_______________ М.К Нурпейсов

/қолы/ /аты-жөні/

«_____» ____________20___ ж.







ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ (СИЛЛАБУС)
таңдалған спорт түрі бойынша спорттық шеберлікті арттыру


Білім беру бағдарламасы 6B01421-«Білім саласындағы дене-мәдениеттік спорттық қызмет»,
Кредит саны(SPSS): 6
Семестр: 6
Пререквизиттер: Осы пәнді оқып үйренуге студентерге қажетті білу пәндердің алғы шарты болып табылатын пәндер тізімі-педагогика,спорттық морфология,спорттық психология, дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі,таңдаған спорт түріндегі спорттық дайындық процесін басқару, т.б.
Постреквизиттер: Дене шынықтыру мен спорт педагогикасы, дене шынықтыру мен спорт психологиясы,спорттық физология, спорттық медицина, дене шынықтыру және спорт менеджменті, спорттық гигиена,таңдаған спорт т.б.таңдалған спорт түріндегі педагогикалық жетілдіру
Оқытушының(лардың) аты-жөні
1.Кудериев Жанболат
Жұмыстық оқу бағдарламасын (силлабусты) дайындауға жауапты кафедра«Спорттық пәндердің әдістемесі»
Ескерту: Құрметті студент! Пәнді оқу аяқталғаннан кейін, пәннің мазмұны және оқыту сапасы жөнінде пікір жазуыңызды өтінемін. Ол үшін емтихан сессиясы кезінде толық қол жетімді (platonus.dulaty.kz) сайтында орналасқан «Пәнді студенттердің бағалауы» атты on-lineанкетаны толтыру керек.
Пәннің мазмұнының, бақылау сұрақтарының сапасы жөнінде және тағы басқа да ұсыныстарыңызды еркін түрде баяндауыңызға болады.
Сіздің пікіріңіз пәннің сапасын жоғарылата түсу үшін маңызды екенін есіңізге саламыз.
**Силлабуста көрсетілмеген талаптардың заңды күші жоқ екенін университет ескертеді.

Тараз 2023



6B01421- «Білім саласындағы дене-мәдениеттік спорттық қызмет» Жұмыстық оқу бағдарламасы(силлабус)Ғылыми кеңесте бекітілген оқу бағдарламасы негізінде жасалған (Хаттама №10 17.08. 2023ж.).


Курс саясаты. Академиялық кезеңде «Таңдалған спорт түрі бойынша спорттық шеберлікті арттыру» пәні оқытылады: оқу семестрінің 1-15 аптасында пән бойынша 30 дәріс сабағы, 30 практикалық сабақ, 18 СӨЖ сабағы қарастырылған


Нәтижелі жұмыс атқару үшін студенттің академиялық адалдығын сақтау, оқу процесіне белсенді қатысу, уақтылы берілген тапсырмаларды бақылау кестесіне сай орындап отыру қажет. Пәнді оқу кезінде сізді төзімді және ашық-жарқын болуға шақырамыз. Студенттің жүріс-тұрысы университеттіңішкіережелерінесәйкескелуікерек.
Студент оқытушы ұсынған лекциялар конспектісін, видео-лекцияларды, презентациялар мен тізімде көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қолданып,әрбір лекциялық және практикалық сабаққа дайындалуы қерек.
Пән бойынша тапсырмаларды бағалау бақылау кестесіне сәйкес жүргізіледі. 8 және 14 апталарда процентпен көрсетілген бағалар дерекқорға енгізіледі. Максималдық балл - 100 балға тең және балдық-рейтингтік шкала бойынша 0 - 100%шамасыменбағаланады.
Пән бойынша оқу процесін мониторингтеу үшін 2 аралық бақылау өткізіледі: бірінші аралық бақылау (РК 1) 8 аптада, екінші аралық бақылау (РК 2) 14 аптада. Академиялық кезеңнің 8 апталарының қосынды балы бірінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 балға дейін (100% дейін) болады. 14 апталардың қосынды балы екінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 баллға дейін (100% дейін) болады. Екі аралық бақылаудың максималдық қосынды балы – 60 балды (100%) құрайды.
Лекция тақырыптары бойынша өткізіледі. Практикалық сабақтар кезінде үй тапсырмалары беріледі. Пән бойынша 2 студенттіңөзіндікжұмыстары(бұданәрі - СӨЖ) қарастырылған. СӨЖ бойынша тапсырмалар академиялық кезеңнің 3-ші аптасында беріледі.
Пән бойынша барлық практикалық сабактар 8-15 апталар ішінде университеттің оқу корпусында дәстүрлітүрде өткізіледі.






1

Пәннің мақсаты мен міндеттері

-көрсеткіштері жоғары моральдік қасиеттері биік , отанын қорғауға әзір спортшыны даярлау. Палуандардың жасына және даярлық дәрежесіне қарай оқыту мақсаты нақтылана түсіп, белгілі мақсатта болуы мүмкін, мысалы; қазақша күрестен разряды бар спортшылар, жаттықтырушылар немесе төрешілер даярлау. Бұл мақсатқа жету үшін даярлық кезінде мынадай міндеттер орындалады; денсаулықты нығайту, ерік үшін тәрбиелеу және физикалық даярлық, казақша күрес жөніндегі теориялық білімді игеру, техникамен тактиканы игеру, төрешілік етуді үйрену т.б
- түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу;
- кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып орындау бағытын жетілдіріп, тәрбиелеу;
- бәсекеге қабілетті маман дайындау;
- мұғалімнің кәсіптік бағдарын біліммен қамтамасыз ету

2

Сағат саны

Лекция -30 сағат
Практикалық сабақтар- 30 сағат
Білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - БӨЖ)- 102 сағат (соның ішінде ОБӨЖ (18 сағат))
Барлығы– 180сағат

3

Оқыту нәтижесі

Білу: таңдалған спорт түрінің және дене шынықтыру-спорттық әрекеттің жаңа түрлерінің тарихы мен даму кезеңдерін; меңгерілген таңдалған және дене шынықтыру-спорттық әрекеттің терминологиясын; таңдалған спорт түрінің және мектепте дене шынықтыру-спорттық әрекеттің жаңа түрлері бойынша ұйымдастыру формасы мен сабақты өткізу әдістемесін; таңдалған спорт түрінің және дене шынықтыру-спорттық әрекеттің жаңа түрлерін қимыл-қозғалыс әрекетіне үйрету методикасын; меңгерілген спорт түрі бойынша төрешілік жасау негіздері; спорттық-сауықтыру кешендердің түрлілігі; дене шынықтыру-спорттыұ әрекеттердің жаңа түрлерімен жаттығу үшін құрылғылар мен инвентарьлар; дене шынықтыру-спорттық кешендерге, құрылғыларға және инвентарьға қауіпсіздік техникасы мен талаптарын білу қажет.
Таңдалған дене шынықтыру-сыпорттық әрекеттің сабақтарын жоспарлай, өткізе және талдай білу керек;
Меңгеру: дене шынықтыру әрекеттерінің оқыған түрі бойынша кәсіби маңызды қозғалыс әрекеттерін орындау дағдыларын; таңдалған және дене шынықтыру-спорттық әрекеттердің жаңа түрлері мен терминологиясын қолдану.

4

Білімін бағалау

1. Үй тапсырмасы (ҮТ):14*3=42 балл
2. Студенттің өзіндік жұмысы(СӨЗ): 4*3=12 балл
3. Белсенділік: 6 балл

5

Қорытынды бақылау

Емтихан (практикалық)

6

Техникалық талаптар (қажет болса)

Ерекше талаптар жоқ

7

Ресурстар мен дереккөздер / негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет