Сабақтың тақырыбы: «Өзімшілдік пен көпшілдік»



Дата02.07.2016
өлшемі5.56 Mb.
#171992
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «Өзімшілдік пен көпшілдік»

Сабақтың мақсаты :

а) білімділік: Өзімшіл болмауға, тәртіпті, көпшіл, қауымшыл болуға тәрбиелеу.

ә) дамытушылық: логикалық ой-өрісін дамыту барысында тапқырлыққа танымдық қабылдауын арттыруға дағдыландыру.

б) тәрбиелік :өзін ғана ойламай, көпшіл болуға тәрбиелеу.



Сабақтың дағылылығы : Адам болуға тәрбиелеу, өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кеспе қағаздары, сөз жұмбақ,плакаттар.

Сабақтың барысы:



  1. Шаттық шеңбер

Оқушыларды айналдыра отырғызып, барлығы орындарынан тұрып,Ө.Ақыпбековтың «Өзіңді тану» өлеңін бірлесе орындайды.

Жақсы болу - өзіңнен.

Жаман болу - өзіңнен

Енді өзің ая да

Өзің үйрен өзіңнен

Жақсылық көрсең біреуден

«Мен қандаймын?»-деп ойла

Жамандық көрсең біреден

«Мен қандаймын?»-деп ойла

Өзіңді өзің қолыңа ал

Өзіңсің – ақыл айнасы

Тіледі саған мәні бар

Өзіңді тану”-пайдасы

Жақсы болу өзіңнен,

Жаман болу өзіңнен –деген өлең жолдар туралы қандай пікір айтар едіңдер.




  1. Жаңа ақпарат.

Оқушыларға Бізге күндей нұрын шашып, осы өзін-өзі тану пәнін сыйлаған Сара Алпысқызы Назарбаева туралы кеңінен мағлұмат беру.



  • Білім беру саласындағы бүкіләлемдік өзгерістер аясында адами қасиеттерді жүзеге асыру идеясын елімізде тұңғыш рет «Бөбек» қорының президенті, Еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева «Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік білім жобасын ұсынды. «Өзін-өзі тану» эксперименттік жобасы Қазақстанда 2001 жылдан бері жүргізіліп келді. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасының білім мекемелерінде пән ретінде жүргізілуі баға жетпес құнды дүние.






  1. Дәйек сөз

Абай Құнанбаевтың «Болмағын кекшіл,

болсайшы көпшіл» деген даналық сөзінің мәнісі мынада: Көпшіл адам көптің көңілінен шығып, көппен бірге жұмыс істеп, барын көппен бөлісіп, айналасындағылармен тез тіл табыса алатын , жеке басының ғана емес көптің қамын ойлайтын адамдарды айтуымызға болады. Өзімшіл адам басқалардың мүддесімен санаспай,тек өз мүддесін ойлайды. Мұндай адам достары, сыныптастары, туыстарының арасында тек өзінің ғана қамын көздейді.

  1. Ойланып пікірлесейік.
    Өзімшіл адаммен көпшіл адамға тән қасиеттер ажыратыңдар.

Бауырмалдық, өркөкірек, ақкөңілдік, өз басының пайдасын ойлау, жомарттық, менмендік, белсенділік, басқалармен санаспау, тәкаппарлық, жанашыр, кешірімшіл,кекшіл




Өзімшіл

Көпшіл

өркөкірек,

Бауырмалдық,

өз басының пайдасын ойлау

ақкөңілдік,

менмендік,

жомарттық,

басқалармен санаспау

белсенділік,

тәкаппарлық

жанашыр,

кекшіл

кешірімшіл




  1. Оқып үйренейік. Мәтін мен жұмыс

Мәтінді оқушы әңгімелеп береді. Тақырыптың мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады.

Қызғаншақтықтың кесірі.

Маржан бүгін өте қуанышты. Кеше кешкісін алыста тұратын әпкесі үйіне қонақ болып келгенді. Сол әпкесі Маржанға өңі тұрсын түсінде көрмеген кереметтей ақмоншақ әкеліп берді. Маржан моншағын тағып алып, жүгіре далаға шықты да: Назгүл ,Жанерке , Айгерім қайдасыңдар? Келіңдер, бірге ойнайық ,-деп шақырды. Алқынып жеткен үшеуі бірден Маржанның мойнындағы күнмен шағылысқан ақмоншақты тамашалауға кірісті.

-Тұра тұрыңдар! Бұл-менің мошағым. Ұстамаңдар, үзіп тастарсыңдар,- деді. Маржан ашуланған түр байқатып.

-Одан да, -деді сонан соң ,-бір ойын ойнайық. Мен-сатушы, ал сендер –алушы, яғни тұтынушы болсыңдар,-деді. Олар осы сөзді құптап ойынға кірісті. Әйткенмен ,үш қыздың мкөзі әлгі моншақта тұр еді.

-Маржан сатуға үстел үстіне біраз заттар қойды. Бірақ бір нәрсе жетіспей тұрған сияқты.

-Еее –деді ол шаттанып ,-ол менің моншағым екен ғой .

-Жарайды, мына жерге қойғаннан моншақ үзіліп қалмаса, -деді.

Бір уақытта Жанерке, Назгүл, Айгерім үшеуі келді. Олар бірден ақмоншақты алуға таласты. Ең алдымен моншақты қолына Назгү ұстап еді, оған Айгерім жармасты. , іле- шала Жанерке де моншақты алуға қолын созды. Жанерке мен Айгерім моншақты қолынан шығара бергені сол еді, Маржан өзінің алғашқы ойынан айнып, «Моншақты сендерге бермеймін, ол меніңкі»- деп , оны тартып қалды. Сол кезде мошақ үзіліп, аппақ түйіршіктер жерге шашылды.



Сұрақ: 1) Маржанның қуанышының себебі неде?

  1. Маржан достарын не үшін шақырды ?

3) Маржан достарымен неліктен дұрыс ойнай алмады?

4) Өздеріңде осындай жағдай кездескен кезі болды ма?

5) Қандай шешім қабылдадыңдар?
ҮІ. Шығармашылық жұмыс
Оқушыларға қысқа әрі нақты тақырыпқа байланысты сұрақ қойылады. Олар өз ойларын алма пішінде жапсырма қағаздарға жазып оқиды.Плакаттағы талдың суретінің үстіне жапсырып отырады.

Сұрақ: Сендер өздеріңді қандай оқушымын деп ойлайсыңдар және өздеріңнің бойларыңдағы ұнамды және ұнамсыз қасиеттеріңді жазыңдар.?


ҮІІ.Психологиялық тренинг.

Оқушылар әртүрлі түсті қағаздарды таңдап алады.Қандай мінезді адам екенін қай түсті жақсы көретіні айтады





ҮІІІ. Сахналық көрініс
Өзімшілдіктің қателігі.
ІХ. Тапсырма.

Оқушыларға слайдта сөзжұмбақ берілген. Сөзжұмбақтың жауабын шешіп, плакатқа жазып отырады.



Бос шаршыларға қандай баланы жақсы бала деп атайтынын жазыңдар.


 

А

қ

ы

л

 

 

 

 

Р

а

қ

м

д

ы

 

М

е

й

і

р

і

м

д

і

А

р

л

ы

 

З

е

й

і

Н

д

і

 

 

 

Ш

ы

н

ш

ы

л

 

Ы

н

т

а

л

ы




О

й

Л

ы

 






Х.Ойын

Интерактивті тақтада суреттер шығып отырады. Суретке қарап өз ойларынан мақал құрастырып отырады. Берілетін суреттр:






ХІ. Дәптермен жұмыс

Оқушылар дәптерде берілген кестеге өзімшіл адам мен көпшіл адам туралы өз ойларын жазады.


ХІІ Сергіту сәті .

Балаларджы өнерге талпындыру мақсатында сергіту сәті ұйымдастырылады.


Домбырам күмбірлеп (Қолдарымен домбыра тартады.)

Күй шерте аламын. (қолдарымен домбыраны шертеді. )

Бұрала би билеп, (екі қолын кезекпен көтеріп билейді.)

Сурет те саламын (қылқалам ұстаған қимыл көрсетеді.)

Ұқсатып кілемге (Ауыды қолдарымен төртбұрыш сызады.

Кесте де тігемін, (Ине ұстап тігін тіккен қимыл жасайды. )

Актерше ролде (қолұстасып бір біріне күле қарайды. )

Ойнай да білемін. (қолмен шашын әдемілейді,киімін түзейді.)

Жалықпай талай күн, (құлашын ашады.)

Жасаймын мүсін де (қолдарымен қүмыра жасаған мүсін көрсетеді.)


ХІІ. Назар аудырыңдар.

Оқушылардың назарын экрандағы берілген ақын жазушылар , ойшыл философтардың суреттері мен нақыл сөздерін сәйкестендіреді.




ХІІІ. Тыныштық сәті

Балалардың денесі, ойы сергітіледі.

Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, көздеріңді жұмыңдар ауаны терең жұтып еркін тыныс алыңдар.Барлық тіршілік иесі сендерді аялап,қоршап, қамқор болып тұрғанын сезініңдер.Тұла бойларың жақсылыққа,махаббатқа толғанын сезінуге тырысыңдар.

Осылай 2 минуттай отырады.
ХІҮ. Жүректен жүрекке.

Балалар шаттық шеңберін құрып тұрады. Қолдан жасалған жүрекшені ұстап тұрып, тілек айтып, келесі балаға ұсынады. Осылайша барлық балалар бір-біріне жақсы тілектер айтады.



Бала тілегі әнін хормен айтады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет