Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы



Дата29.05.2016
өлшемі362.38 Kb.
#101857



Жұмыс оқу бағдарламасының

титулдық парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Журналистика кафедрасы

Қоғамдық байланыстары (пабликрилейшнз)пәні бойынша



БАҒДАРЛАМА (Syllabus)
6М091000 Кітапхана ісі мамандығының магистранттарына арналған

Павлодар


Жұмыс оқу бағдарламасының

титулдық парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19





БЕКІТЕМІН

Бекітемін

Факультет деканы_________

___________ Сарбалаев Ж.Т

(қолы) (Т.А.Ә.)

«___»_____________20__г.

Құрастырушы: Қапасова Б.Қ.филол.ғыл. кандидаты, доцент


Журналистика кафедрасы
Қоғамдық байланыстары (пабликрилейшнз)пәні бойынша
6М091000 Кітапхана ісі мамандығының магистранттарына арналған

Пән бағдарламасы (Syllabus)
Пән бағдарламасы (Syllabus) элективті пәндер катологі негізінде жасалды.
Кафедра мәжілісінде ұсынылды «__» ______201__ж. №__ хаттама
Кафедра меңгерушісі ________Алдабергенов Қ.М. «__» ______201__ж.
ГПФ оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

«__ » __________ 201___ж. №__ хаттама.


ОӘК төрайымы______________________ Ксембаева С.К.


1. Пәннің төлқұжаты.
Пәннің атауы Қоғамдық байланыстары (пабликрилейшнз)

Таңдау пәні компоненті

Кредит саны және оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 1

Семестр: 1,2



Барлық аудиториялық сағат саны -45

Дәріс -30

Тәжірибешілік/семинар сабақ -15

МӨЖ- 90


ОМӨЖ- 22,5

Барлық сағат саны -120



Бақылау түрі

Емтихан


Пререквезиттер Жалпы шетел библиографиясы

Кәсіптендіру пәндерді оқыту әдістемесі



Постреквезиттер Қоғамдық байланыстар

Кітапханалық-библиографиялық

қызметінің маркетингі
2. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Экономиканың жаһандануы жағдайында елдің жағымды имиджін қалыптастыру экономикалық әріптестік пен экономикалық жағдайдың жақсаруына тікелей әсер етеді, өйткені, мемлекетке және оның агенттеріне сенімнің артуына және халықаралық қарыз-несие саласында елеулі жеңілдіктер алуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, PR-технологиялар әртүрлі елдермен өз құндылықтар жүйесі мен әлемдік қауымдастық саласында ықпалын (мәдени және экономикалық) арттыруда белсенді түрде қолданыла бастады. PR-кампанияны жүргізудің стратегиясында RACE: R (research) жүйесі қолданылады — міндетті қою және талдау; A (action) — жалпы бағдарламаны және тұжырымдаманы жасау; С (communication) — алға қойылған мақсаттарға жету жолында коммуникативті байланыстар орнату; Е (evolution) — кері байланысты қамтамасыз ету, нәтижелерді қорытындылау және түзетулер енгізу. PR-технологиялардың түрлері. Ғаламдық PR-кампаниялар жүргізу үшін сын тезінен өткен дәстүрлі PR-технологиялар қолданылады: үгіт-насихат; промоушн (promotion) — талап етілген бағытта қоғамдық пікір қалыптастыру; паблисити (publicity) — сәйкес БАҚ-да жағымды ақпараттың пайда болуына жағдай жасау, жүртшылықты хабарландыру (public information), медиарилейшн (media relation) — саяси іс-әрекетті ақпараттық сүйемелдеу; басын айналдыру (brainwashing) — әсер етудің қарқынды түрлері; сыбыс тарату. Дағдарысты технологиялар — кейін шегінер жолды алдын ала ойластырып қойып, дағдарысты жағдайды әдейі ойдан шығару. Әсіресе, дәстүрлі мәдениеттегі елдерде тиімді. Дағдарыс нәтижесінде және ақпаратты қарқынды әрі жеделдетілген тәртіпте жүргізу барысында күйзелісті жағдай туады. Көптеген көзқарастар мен құндылықтар қайта қаралады, сананың қозғалмалылығы артады, дәстүрлі құндылықтарға сүйену жоғалады, нәтижесінде жаңа құндылықтар жүйесін енгізу оңайға түседі. Символдық перфоманстарды қалыптастыру — ғаламдық ауқымда ұйымдастырылатын (мысалы, жаһандануға қарсылар, жасылдар және т.б.) бұқаралық шерулер (қолдау немесе наразылық); халық алдында мәлімдеме жасау, спорт жарыстары. Аудиторияны жіктеу (сегменттеу) — PR-технологиялардың, әртүрлі елдер тобына немесе халық жіктерінің діни, мәдени, білім, мүліктік, құндылықты бағдарларын есепке ала отырып, мақсатты бағыттарын анықтау. Спин-докторинг (spin-doctoring) — ақпаратгық кеңістікті басқару технологиясы, ақпараттық кеңістікті қайта кодтау және ақпараттық кеңістік арқылы әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени кеңістікке ену, сондай-ақ дағдарысты жағдайда ақпаратты қайта қалпына келтіру. Ғаламдық деңгейде әлемнің бейнесін қалыптастыруға шешуші ықпал ететін ғаламдық БАД-ты пайдалану және дамыту. e-PR-технологияларын, яғни, интернeT-PR-технологияларын пайдалану: веб-сайттар, антисайттар, электронды таратылымдар, жағымсыз ақпаратты Интернет арқылы тарату, БАҚ-та аты- жөні жоқ интернет-басылымға сілтеме жасап, жалған немесе жағымсыз ақпарат тарату және т.б.

Пәннің мақсаты: магистранттарға PR-технологияларының негіздерін, бағыттарын, сипаттарын түсіндіру.

Паблик рилейшнз бағдарламасының негізгі міндеттері:


  • адамдар арасындағы қарым-қатынас жолдарын жақсарту;

  • екі жақты ақпарат ағымы мен түсіністікті қалыптастыру әдістерін әзірлеу; - ұйымның басшылығын қоғамдық пікір турасында ақпаратпен қамтамасыз ету;

  • жұртшылықтың мүддесіне қарай басшылықтың қызметін қамтамасыз ету; бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау;

  • ұйымның имиджін нығайту әдістерін үйрету.

Паблик рилейшнз өзінің міндетін атқару барысында шын ақпаратқа негізделеді, адамдарға белгілі бір көзқарасты ұстану, қайсыбір пікірлер мен идеяларды қабылдауды (теріске шығаруды) ұсынады, міндетті түрде екі жақты байланыс тетіктерін жолға қоюды ұйғарады. Дамыған елдердің көбісінде Паблик рилейшнз кез келген ұйымның қоршаған әлеум. ортасымен қарым-қатынас тетігінің ажырамас бөлігіне айналған.

3. Пәнді оқу қорытындысында магистрант мыналарды білуі керек:

а) Пәнді игертуде магистранттармен жүргізілетін жұмыстың негізгі бағыттарының бірі– Паблик рилейшнз мәліметтермен жұмыс істей білу;

б) ғаламдық деңгейде әлемнің бейнесін қалыптастыруға шешуші ықпал ететін ғаламдық БАД-ты пайдалану және дамыту. e-PR-технологияларын, яғни, интернeT-PR-технологияларын пайдалану;

Пәнді оқу қорытындысында мынаны істей алуы керек:

а)Интернеттегі Паблик рилейшнз мәліметтерді талдай білу;

б) ғаламдық БАД-ты пайдалану және дамыту кітапхана қызметінің құралы ретінде қолдана алу;

в) мамандығына сәйкес білімді меңгеріп кез-келген Интернеттегі ақпараттармен жұмыс істей білу;



г ) e-PR-технологияларын, яғни, интернeT-PR-технологияларын пайдалану заңдылықтарын теориялық және практикалық тұрғыда игеру;

4. Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары

Сабақ түрлеріне қарай академиялық сағатқа бөлу





Аудитор сағат саны

МӨЖ



Тақырыптың атауы

Дәрісс

Тәжіриб

студиял

лабор

барлығыы

ОМӨЖ

1

Паблик рилейшнз және кітапхана қызметтері.


3

1







9

2

2

Паблик рилейшнз және қазіргі қоғам.



3

1







9

2

3

Қазақстандағы қоғаммен байланыс

3

1







9

2

4

Үкіметтік пиар. Оның кітапхана ісімен сабақтастығы

3

1







9

2

5

PR туралы білім беру саласы

3

1







9

2

6

Ақпараттық қоғамды насихаттау: кітапхана міндеті

3

2







9

2

7

Ақпарат және PR


3

2







9

2

8

PR тілінің сипаттары

3

2







9

2,5

9

PR-мәтін қызметтері

3

2







9

3

10

Жарнама: пиар және қызмет

3

2







9

3




Барлығы : 135 (2 кредит)

30

15







90

22,5


5.Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1.Блэк С., Паблик рилейшнз. Что это такое? М., 2009; Чумиков А.Н., Связи с общественностью, М., 2010;

2.Соловьев А.И., Политология: Политическая теория, политические технологии, М., 2010;

3.Пушкарева Г.В., Политический менеджмент, М., 2009

4.Чумиков А.А. Бочаров М.А. Государственный PR: Связи с общественностью для государственных организации и проектов. Москва, Инфра-М, 2012

5.Момынова Б.Қ. Қоғамдық-саяси лексиканың түсіндірме сөздігі. Алматы: Қазақ университеті, 2010

6. Қоғамдық байланыстың жаңа түрлері. (дөңгелек үстел) «Жетісу» газеті, қаңтар, №3, 2013ж.
Қосымша:

1.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ЫСБН 9965-808-89-9

2.Қазақ энциклопедиясы, 7 том

3.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.


6. Дәріс сабақтарының мазмұны.
1-Дәріс. Паблик рилейшнз және кітапхана қызметтері.

1. Көпшілік іс шаралар және қоғаммен байланыс бөлімдері.

2.Кітапхана жұмысының мақсаттары мен бағыттары.
Кітапхана қызметінің басты міндеттерінің бірі – көпшілікпен қарым-қатынас. Кітапхана мәдени орын ретінде көпшілікпен қарым-қатынас жасайды. Мәдени орын ретінде қоғамдық, мемелекеттік ұйымдарды жалғастырады.

Көпшілік іс шаралар және қоғаммен байланыс бөлімдері атқарады. Бөлімге көпшілік іс шараның жоғарғы деңгейде өтуіне республика облыс, қала мекемелерімен байланыс жасауға, серіктестік құру міндеті жүктеледі. Кітапхана қызметін жарнамалауға, қоғамның көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға қызмет жасайды. Кітапхананың халықаралық, республикалық жобаларға қатысуына, сонымен қатар, демеушілер іздестірумен айналысады.

Көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру және облыс, қала мекемелерімен кітапхана байланысын кеңейту аясында жұмыстар атқарады.

Кітапхана шаңырағында өткізілетін барлық мәдени іс-шараларды ұйымдастырып, өткізу осы бөлімнің негізгі атқаратын жұмысы болып табылады.

Кітапхананың қоғаммен қарым-қатынасының мақсаты - Қазақстан туралы құжаттарды анықтап, олардың түп нұсқасын жинақтау, әлеуметтік-экономкикалық, білім, ғылыми жетістіктерді, халықтың рухани өркендеуін, жастарды Отанын сүюге, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

Жұмыс мақсаты - жастардың әлеуметтік құқығын қорғау, ұлттық сана сезімін ояту, рухани ойлау дәрежесін дамыту, көпшілік мәдени іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Міндеттері мен бағыттары:

- жастардың кітапқа, кітапханаға және қоғамдық қызығушылықтарын арттыру;

- жастардың өзіндік қабілеттерін дамыту;

- бос уақытын ұйымдастыру мәселелерін шешу;

- дарынды жастарды қолдау;

БАҚ жергілікті газеттер мен арнайы журналдар редакцияларымен, телеарна, радио) тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарады.

Елдің құрметті азаматтарымен, зиялы қауым өкілдерімен, жергілікті ақын және жазушылармен бірлесіп жұмыс істейді. Қазақстанның кітап пен оқу әуесқойлары ұйымдары және бірлестіктерімен қарым-қатынас орнату, кітапханада өткізілетін көпшілік іс-шараларды жарнамалау, жарнамалық акциялар өткізуге ат салысады.

Дәріс №2. Паблик рилейшнз және қазіргі қоғам.
1.Паблик рилейшнз туралы.

2. Пиар-технологиялар.

Паблик рилейшнз (көпшілікпен қарым-қатынас) – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік құрылымдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі; қоғаммен байланыстардың жаңа кәсіпкерлік саласы; қоғам мен ұйымдар арасындағы өзара түсінушілікке қол жеткізуге бағытталған қызмет.

Бастапқыда паблик рилейшнз ұғымы ұйым мен жұртшылықтың арасындағы қарым-қатынастың ерекше түрі, жұртшылықпен өзара пайдалы әрі тиімді қарым-қатынас орнату, халықтың, сондай-ақ, т.б. қоғамдық ұйымдар тарапынан өзіне жағымды көзқарас қалыптастыру мақсатында ұйым жүзеге асыратын басқару түрі (немесе функциясы) ретінде қолданылды. Паблик рилейшнз еркін баспасөз бен ақпарат еркіндігіне негізделетін инновац. басқару жүйесі ретінде түрлі кең көлемді жобаларды ақпаратпен қамтамасыз етеді. Оның мақсаты – ортақ көзқарастар мен мүдделерді анықтау және сенімділік ауанын қалыптастыруға негізделген өзара түсіністікке қол жеткізу үшін екі жақты қарым-қатынац орнату. Паблик рилейшнз бағдарламасының негізгі міндеттері: адамдар арасындағы қарым-қатынас жолдарын жақсарту, екі жақты ақпарат ағымы мен түсіністікті қалыптастыру әдістерін әзірлеу, ұйымның басшылығын қоғамдық пікір турасында ақпаратпен қамтамасыз ету, жұртшылықтың мүддесіне қарай басшылықтың қызметін қамтамасыз ету; бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау, ұйымның имиджін нығайту, т.б.

Паблик рилейшнз өзінің міндетін атқару барысында шын ақпаратқа негізделеді, адамдарға белгілі бір көзқарасты ұстану, қайсыбір пікірлер мен идеяларды қабылдауды (теріске шығаруды) ұсынады, міндетті түрде екі жақты байланыс тетіктерін жолға қоюды ұйғарады. Дамыған елдердің көбісінде Паблик рилейшнз кез келген ұйымның қоршаған әлеум. ортасымен қарым-қатынас тетігінің ажырамас бөлігіне айналған.

Пиар-технологиялар, ПР-технологиялар - жұртшылықпен (қоғаммен) байланыс] - хьютек-технологиялардың бір бағыты. ПР деп ұйым мен қоғамның арасындағы өзара түсіністік пен өзара байланысты орнатып, тұрақтылығын сақтап отыруға, қоғамдық пікірді зерттеуге, оның даму ерекшеліктерін болжап, оған ілтипатпен жауап қайыруға, басшылыққа уақыт талабына сай болуға және ұйымның, оның қызметінің, даму бағытының жағымды бейнесін қалыптастыруға бағытталған басқарудың ерекше қызметі түсініледі.

ХХ ғ. ортасынан ПР-технологиялар әртүрлі салаларда - саяси кампанияларды жүргізуден өз халқының арасында, қала берді халықаралық деңгейде мемлекеттің имиджін қалыптастырып, көтеруге дейінгі аралықта қолданыла бастады. Экономиканың жаһандануы жағдайында елдің жағымды имиджін қалыптастыру экономикалық әріптестік пен экономикалық жағдайдың жақсаруына тікелей әсер етеді, өйткені, мемлекетке және оның агенттеріне сенімнің артуына және халықаралық қарыз-несие саласында елеулі жеңілдіктер алуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, ПР-технологиялар әртүрлі елдермен өз құндылықтар жүйесі мен әлемдік қауымдастық саласында ықпалын (мәдени және экономикалық) арттыруда белсенді түрде қолданыла бастады.

ПР-кампанияны жүргізудің стратегиясында РАЦЕ: Р (ресеарцһ) жүйесі қолданылады - міндетті қою және талдау; А (ацион) - жалпы бағдарламаны және тұжырымдаманы жасау; С (цомунушейшн) - алға қойылған мақсаттарға жету жолында коммуникативті байланыстар орнату; Е (еволушон) - кері байланысты қамтамасыз ету, нәтижелерді қорытындылау және түзетулер енгізу. ПР-технологиялардың түрлері. Ғаламдық ПР-кампаниялар жүргізу үшін сын тезінен өткен дәстүрлі ПР-технологиялар қолданылады: үгіт-насихат; промоушн (промотіон) - талап етілген бағытта қоғамдық пікір қалыптастыру; паблисити - сәйкес БАҚ-да жағымды ақпараттың пайда болуына жағдай жасау, жүртшылықты хабарландыру (публіц інформатіон), медиарилейшн (медиа релатион) - саяси іс-әрекетті ақпараттық сүйемелдеу; басын айналдыру (браинуасһинг) - әсер етудің қарқынды түрлері; сыбыс тарату.

Дағдарысты технологиялар - кейін шегінер жолды алдын ала ойластырып қойып, дағдарысты жағдайды әдейі ойдан шығару. Әсіресе, дәстүрлі мәдениеттегі елдерде тиімді. Дағдарыс нәтижесінде және ақпаратты қарқынды әрі жеделдетілген тәртіпте жүргізу барысында күйзелісті жағдай туады. Көптеген көзқарастар мен құндылықтар қайта қаралады, сананың қозғалмалылығы артады, дәстүрлі құндылықтарға сүйену жоғалады, нәтижесінде жаңа құндылықтар жүйесін енгізу оңайға түседі.

Символдық перфоманстарды қалыптастыру - ғаламдық ауқымда ұйымдастырылатын (мысалы, жаһандануға қарсылар, жасылдар және т.б.) бұқаралық шерулер (қолдау немесе наразылық); халық алдында мәлімдеме жасау, спорт жарыстары. Аудиторияны жіктеу (сегменттеу) - ПР-технологиялардың, әртүрлі елдер тобына немесе халық жіктерінің діни, мәдени, білім, мүліктік, құндылықты бағдарларын есепке ала отырып, мақсатты бағыттарын анықтау. Спин-докторинг (спін-доцторінг) - ақпаратгық кеңістікті басқару технологиясы, ақпараттық кеңістікті қайта кодтау және ақпараттық кеңістік арқылы әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени кеңістікке ену, сондай-ақ дағдарысты жағдайда ақпаратты қайта қалпына келтіру. Ғаламдық деңгейде әлемнің бейнесін қалыптастыруға шешуші ықпал ететін ғаламдық БАД-ты пайдалану және дамыту. е-ПР-технологияларын, яғни, интернеТ-ПР-технологияларын пайдалану: веб-сайттар, антисайттар, электронды таратылымдар, жағымсыз ақпаратты Интернет арқылы тарату, БАҚ-та аты- жөні жоқ интернет-басылымға сілтеме жасап, жалған немесе жағымсыз ақпарат тарату және т.б.


Дәріс №3 Паблик рилейшнз және қазіргі қоғам.
1.Паблик рилейшнз туралы.

2. Пиар-технологиялар.


Қазақстанда жұртшылықпен байланыс өзіндік жүйе, әлеуметтік институт ретінде қалыптасу үстінде. Үкіметтік және бизнестік құрылымдардың PR қызметтері жұмыс істеуде. Қазақстандық PR агенттіктерінің саны өсе түсуде. ҚР Жұртшылықпен байланыс жөніндегі ұлттық ассоциациясы және Қазақстан PR кәсіпқойларының «PR-шы» клубы сияқты алғашқы қоғамдық бірлестіктер пайда болды.Қазақстан Республикасының жұртшылықпен байланыс жөніндегі ассоциациясы (ЖБҰА) PR нарығында кәсіби қызмет көрсететін бірнеше компанияның бастамасы бойынша 2001 жылы құрылды. ЖБҰА-ның құрылтайшы-мүшелері заңды тұлғалар болып табылады. Қазіргі таңда ЖБҰА мүшелері қатарына «BRIF Research Group» Әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер агенттігі, Қазақстан Баспасөз клубы, «Ренессанс» коммуникативтік менеджмент агенттігі, Ұлттық баспасөз клубы, «Имидж-Партнер» коммуникациялық тобы, «Медиа-Систем» агенттігі, «PR-Management Company» агенттігі кіреді.ЖБҰА-ның негізгі миссиясы-Қазақстанда кәсіби PR индустриясын қалыптастырып, дамыту. Өз іс-әрекеті арқылы ЖБҰА Қазақстанда азаматтық қоғамның орнау үдерісіне араласатын болады. Жарғылық мақсаттарына ЖБҰА мынадай әдістермен қол жеткізеді: Қазақстанның PR агенттіктері, сондай-ақ корпоративтік PR-мамандары арасындағы қарым-қатынастарды дамыту; кәсіби этика стандарттарын енгізу; жоғары оқу орындарымен және мемлекетпен өзара бйаланыста болу; халықаралық ынтымақтастық; сала мүдделерін БАҚ-та және мемлекеттік органдарда қолдау; еліміздің PR мамандарының біліктілігін арттыруға жәрдемдесу; сала мүдделерін қорғай отырып, Қазақстанның бизнес-қауымдастығымен қарым-қатынас жасау; саланың имиджін арттыруға жәрдемдесу.

ЖБҰА сияқты ассоциациялар әлемнің өзге елдерінде бірнеше ондаған жыл бойы жұмыс істеп келеді. Қаз тұрып, қалыптасқанына 15 жылдай ғана болған Қазақстанның PR нарығы кәсіби деңгейге көтерілді. Ассоциация мүшелері 2008 жылғы 17 маусымдағы жалпы жиналысында Қазақстан Республикасының жұртшылықпен байланыс саласындағы кәсіби және этикалық принциптер кодексін қабылдады. Кодекс мақсаты – жұртшылықпен байланыс нарығының негізгі ойыншылары ұстануға міндетті нақты этикалық және кәсіби бағдарларды белгілеу.

Еліміздегі жұртшылықпен байланыс мамандарының саны бес мыңнан асып жығылады. Яғни, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кәсіби тұрғыда жұмыс істей алатын кадрларға деген сұраныс бар.

Жұртшылықпен байланыс саласы біздің елімізде соңғы 15 жылда қызу дамып келеді. Осы саладағы жоғары білімнің болуы әлемнің барлық дамыған елдері үшін заңды құбылыс болып табылады.

Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, Халықаралық бизнес университетінде (UIB) қоғаммен байланыс мамандығы бойынша сапалы білім беруге қажетті материалдық-техникалық база мен кәсіби оқытушылар құрамы бар. Қазақстанда қоғаммен байланыс бойынша мамандар даярлау жөніндегі білім беру бағдарламасы сыннан өткен жүйеге сүйенеді, оған жоғары университеттік білім ауқымындағы іргелі жалпы білімдік пәндер, сондай-ақ үш негізгі бөліктен – жалпыгуманитарлық пәндерден, журналистік және мамандық пәндерінен тұратын, мамандықтың білім кешенін түзуге бағытталған пәндердің қомақты тізімі кіреді.

Оқуды «жұртшылықпен байланыс» мамандығы бойынша тәмамдаған түлектер мемлекеттік мекемелерде, әралуан меншік түріндегі кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдарда баспасөз хатшысы, жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесші болып жұмыс істей алады. Іскерлігін көрсете білген алғыр жастардың арасында мекеменің бірінші басшысының орынбасары сияқты биік лауазымға жеткендер де бар.

Осы мамандық бойынша білімін тереңдеткен түлектер еліміздің жағымды инновациялық бет-бейнесін қалыптастыру саласында жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Бұл, әсіресе, еліміздің экономикалық әлеуетінің артуымен тікелей байланысты. Елбасы жоғары дамыған 50 ел қатарына қосылу міндетін алға қойып отырған қазіргі таңда еліміздің бәсекелестік артықшылықтарын әлемдік деңгейде насихаттай білудің маңызы арта түсуде.

Қазақстандағы қазіргі қоғаммен байланыс негізінен 4 салада дамып келеді.Олар:үкіметтік PR,саяси PR,коммерциялық PR, PR туралы білім беру саласы.



Дәріс №4. Үкіметтік пиар.Оның кітапхана ісімен сабақтастығы.

1.Үкіметтік пиар.

2. Саяси пиар.

Біздің елімізде қоғаммен байланыстың батыстық үлгілері 1991 жылдан бастап пайда бола бастады. Белгілі журналист С.Матаев мемлекет басшысының алғашқы баспасөз хатшысы болып тағайындалды.Кейіннен ол Ұлттық баспасөз клубын ашты.Оның бүгінде Астана,Шымкент,Ақтөбе қалаларында филиалдары бар1995-1997 жылдары премьер-министрдің баспасөз хатшысы қызметін атқарған Ә.Қосанов біздің елімізде бірінші рет Үкімет басшысының баспасөз хатшысы қандай болуы керек екенін өз ісімен танытты.Ел үкіметі соңғы 4-5 жылда қоғаммен байланыстың қажеттігін сезіне бастағандығын «ҚР Мәдениет,ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі» атауынан-ақ көре аламыз.Мұндай басқарма-бөлімдер облыстық және қалалық әкімшіліктерде кездеседі.Бірақ өкінішке орай ,ол әкімшіліктердегі қоғаммен байланыс үшін жауап беретін қызметкерлер өзінің қызметтік функциясын айқын түсінбейді.Себебі,олардың арнаулы кәсіби білімі жоқ.

Қазақстан Республикасының Парламентінің қос палатасындағы баспасөз қызметінің штатында 3-4 адам ғана жұмыс істейді.Олар өздерінің бүкіл қызметі депутаттардың брифингтері мен баспасөз мәслихаттарын ұйымдастырып берумен ,сондай-ақ ірі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін акредитациялық тіркеуге алып,оларға алдағы күні қаралатын заң жобалары мен шағын пресс-релиздер таратумен шектеледі деп есептейді.Ал парламент жұмысы туралы қоғамдық пікірді жинау,талдау,болжау жасау қызметтерін басқа бөлімдер атқаруға тиіс деп ойлайды.

Саяси пиар.Қоғаммен байланыстың дамуына ерекше үлес қосатын саяси кезең ол-сайлау науқаны.Біздің елімізде 1999 жылғы 10 қаңтарда өткен ҚР Президентінің сайлауы кезінде ғана пиар технологиялар кеңінен пайдаланылды.Әсіресе сайлау науқанының қарсаңындағы президенттікке үміткерлердің баспасөз бетіндегі саяси тартыстарды көпшіліктің көңілінде айтулы саяси-шоу ретінде есте қалды.Мысалы,Ғани Қасымұлының КТК телеарнасындағы саяси ойыны ерекше әрі сәтті шыққан.

Парламенттік сайлаулардың ішінде 1994 жылғы сайлауды мамандар Қазақстан тарихындағы алғаш рет нағыз бәсекелестік жағдайында өткен депутаттық сайлау деп бағалады.Бірақ ол кезде 1999 жылғы өткен парламенттік сайлаудағыдай пиар технологияларын білместіктен пайдаланылмағаны мамандарға түсінікті.1999 жылғы депутаттар сайлауында бірнеше саяси пртиялар өздерінің имиджін БАҚ арқылы әсерлі түрде жасай алды.Әсіресе,жаңадан құрылған Азаматтық партиясы қоғаммен байланыстың шетелдік үлгілерін сауатты түрде пайдалана білді.

Бір өкініштісі,бұл сайлауларға саяси кеңесші ретінде Ресейдің және жекелеген батыс елдерінің имиджмейкерлері ғана тартылды.Ал отандық сайлау кеңесшілерінің қызметі ойдағыдай пайдаланылған жоқ.Егер бізде кәсіби мамандардың дайындалмағанын ескерсек,бұл түсінікті де.Содан кейін,көптеген депутаттыққа үміткерлердің пиар мамандарының қызметін қажетсінбегенін де айта кету керек.Депутаттыққа үміткерлер сайлау технологияларына емес,жоғары биліктің өзіне сайлау науқанында қолдау кқрсету туралы уәдесіне кқбірек сенетін көрінеді.Яғни,бізде демократиялық сайлау әдіс-тәсілдерінен гөрі бұрынғы әкімшілік-әміршілдік тәсілдер әлі күнге дейін орын алып келеді.

Саяси пиар біздің елімізде 2001 жылдың қазан-қарашасынан бастап 2002 жылдың сәуір-мамыр айларына дейін созылған үкіметтік дағдарыс кезінде ақпараттық соғыс нысанында айқын көрініс тапты.

Коммерциялық мекемелердегі PR-ға тоқталатын болсақ,мұнда да өзіндік ерешеліктеріміз бар.Мәселен,1990-шы жылдардың басында Қазақстанда жарнама нарығы қарқынды түрде дамыды,тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары пайда болды,жарнама өнімін өндірушілер көбейді.Осыған орай,жарнама мен пиар тығыз байланыста қарастырылды,екуі бір деген мағынада ұғынылатын болды.Сол түсінік әлі күнге дейін кәсіпкерлердің санасында біржола қалыптасып қалғандай.Көптеген жарнама агенттіктері өздерін әрі пиар агенттігі деп таныстырады.Ірі компаниялар мен фирмалардың жарнама бөлімдері қоғаммен байланыс қызметін қоса атқарады.Осыдан болу керек «жай жарнама»және «саяси жарнама»деген ұғымдар қалыптасқан.

Жалпы алғанда,шетелдің инвестор компаниялары болмаса,отандық акционерлік қоғамдар мен фирмалар өнеркәсіп,сауда және қызмет көрсету салаларында қоғаммен байланыс қызметін ойдағыдай пайдаланып отырмағаны байқалады.
Дәріс №5. PR туралы білім беру саласы.

1.Қазақстандық 3 аспект.

2.PR ғылымы.

Қазақстанда пиардың қалыптасуы үшін мына 3 аспект өте маңызды:

-Оқу-ағарту қызметі;

-PRДамуы мекеменің басқару ісіндегі аса маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылуы;

-PR Технологияларының да және қызметінің де сапасының артуы.

Осылардың ішінде ерекше атап өтетін қыры,бұл-пиар туралы білім беру саласы.Қазақстанның жоғарғы оқу орнындарындағы пиар жөніндегі оқытушылар кадрын дайындамай тұрып,нарық дамуы табысты болады деп күту мүмкін емс.Білікті маман дайындау-бұл біздің проблемаларымызыдың оң шешім табуына жасалатын ең басты қадам.

Пиар пәнін оқыту әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің халықаралық журналистика кафедрасының студенттеріне 1997-1998 оқу жылынан бастап қолға алынды. 2000-2001 оқу жылы «қоғаммен байланыс» жеке мамандық ретінде оқу бағдарламасына енгізілді.Осы мамандықтың негізінде біздің факультетімізде 2001-2002 оқу жылының басында «БАҚ менеджменті және жарнама» деп аталатын жаңа кафедра ашылды. Журналистика факультеті аталмыш жаңа мамандық бойынша екі рет оқуға талапкерлерді қабылдады. 1990 жылдардың басында бұл мамандық Қазақстанда КИМЭП-те ғана дайындалатын. 1998 жылдан бастап Алматы менеджмент мектебінде де оқытылатын болды.

Оқу ісіндегі ең басты мәселе-практик-оқытушылардың аздығы. Екінші-оқулық мәселесі. Бізде Қазақстан жағдайына байланысты жазылған бірде-бір оқулық жоқ. Сонымен қоса біз, студенттер мен оқытушылар қауымы оқу процесіне қатысты материалдарды орыс тілінен қазақ тіліне аударып оқуға мәжбүрміз. Бірақ бұл жақын болашақтың еншісіндегі іс деп ойлаймын.

PR ғылымы туралы сөз етсек,онда сайлау технологияларына қатысты саясаттану ғылымы бойынша бірнеше кандидаттық еңбектер қорғалды.2001 жылы белгілі саясаткер Е.К.Ертысбаев докторлық еңбек жазды. ҚазМҰУ-дің доценті Л.Ф.Адилова еліміздің танымал саясаткерлерінің имиджін зерттеп жүр. Саясаттану ғылымдарының докторы Ғ.Ж.Ибраева БАҚ және пиар байланысы жөнінде ізденіс жасауда.

Қазақстан пиары Ресейдің қоғаммен байланысынан бірнеше жылға артта қалып келеді.1991 жылы Ресейдің қоғаммен байланыс жөніндегі ассоциациясы құрылған.Мұндай ұйым бізде 1998 жылдың басында пайда болды.Оның өзінде бұл ұйым еліміздегі президенттік сайлау қарсаңында бір-ақ рет ғылыми конференция ұйымдастырды да,содан кейін із-түссіз жоқ болып кетті. Сол кезде бірқатар отандық пиар-агенттіктер бой көрсетті. Олардың қатарында Гиллер институтын, «SR» қоғаммен байланыс жөніндегі агенттігін , «Ренессенс» консалтингтік агенттіктерін атап өтуге болады.

Ресейдің жоғарғы оқу орындарында «қоғаммен байланыс» мамандығы 1995 жылы ашылған.Бүгінде ол елдің 40 шақты жоғарғы оқу орындарында аталмыш мамандарды дайындауда.1997 жылы «Советник» атты журнал ашылған.Бізде «Технология управления»журналы 2001 жылы жарық көрді.Оның өзін таза қоғаммен байланыс саласына арналған басылым деп атауға келмейді және осы журналды көпшілік әлі күнге дейін біле бермейді. Қоғаммен байланыс саласындағы келеңсіздіктер мұнымен бітпейді: сайлау алдындағы науқандар кезінде отандық саясаткерлер ресейлік немесе украиналық құрылымдардың қызметіне жүгінеді екен,бұл өз кезегінде отандық пиар өндірісінің нашар дамығанын немесе осы ұғымның бізідң елімізде әлі де болса қалыптаса алмай жатқанын көрсетеді.

Бұл отандық нарықтың кішігірім болуымен байланысты. Себебі, Қазақстанда 16 млн. адам тұрады. Шетелде бар мүмкіндіктер бізде жоқ. Алайда, отандық компаниялар шетелдік әріптестерінің жұмысын әрдайым бақылап, олардан үйреніп отырады. Яғни,елдің аумағына халықтың саны сәйкес келмейді. Ол өз кезегінде қоғаммен байланыс саласының мамандарына деген сұраныстың көлеміне елеулі әсер етеді. Сұраныстың аздығымен қоса,сұрау салушы топ өзге елдің мамандарына жүгінетін көрінеді. Сұраныстың аз болуының тағы бір себебі,жұртшылық қоғаммен байланыс саласы мамандарына тек қана саяси науқандардың кезеңінде ғана жүгінеді. Дегенмен де тәуелсіздік алғанына 20 жыл ғана болған ел көші жүре түзелер.


Дәріс №6.Ақпараттық қоғамды насихаттау: кітапхана міндеті.

  1. PR ғылымы және қоғаммен байланыстың рөлі.

  2. Қоғаммен байланыс және қоғаммен ерегес.

Бүгінде билік жүйесі жаңа ғылыми технологияны пайдаланып, ғаламтор желісі, элекртонды қызмет түрлері сияқты адам санасы тудырған жетістіктермен жүзеге асырылуда. Жаһандану заманында халық пен билікті бір-бірімен байланыста ұстау үшін екі жақтық көзқараспен санасатын мамандар қажет. Мемлекет пен қарапайым жұртшылық арасындағы дәнекерші «Қоғаммен байланыс» саласы. «Кімде ақпарат болса сол әлемді билейді» демекші, ақпараттық қоғамда өмір сүріп отырған кез келген мемлекет - ақпараттық мамандықтар дайындайтын салаға аса үлкен мән беруі керек. «Экономика мен бизнес, саясаттағы оң бағыттағы шешімдердің қабылдануы қоғаммен байланысқа тікелей байланысты», деген Ресейдің «Советник» журналының Қазақстандағы өкілі Владимир Павленконың сөзінен PR мамандығының қаншалықты қоғамға қажет екендігін түсінуге болады. Қазақстанда PR мамандарды дайындау бес жыл үзбей оқытылып, 2007 жылы жабылып қалған болатын. Экономика ғылымдарының кандидаты Бекболат Жетпісбайұлының мәліметіне сүйенсек, елімізде соңғы 15 жылда PR саласы қарқынды дами бастады. Бүгінде жұртшылыққа қызмет етіп жүрген мамандар саны бес мыңнан асады. Қазірде аталмыш сала мамандарын дайындауда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Халықаралық бизнес университеті (UIB) аянбай еңбек етіп келеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2009 жылы PR мамандарының, қауымдастығы өкілдерінің, журналистика факультеті БАҚ менеджменті жарнамасы кафедрасы ұстаздарының күшімен қоғаммен байланыс мамандығы қайта қалпына келтірілді. Осыған орай қара шаңырақ 2010 жылы еліміздің түкпір-түкпірінен келген түлектерді PR мамандығы бойынша қабылдай бастады. Ал бұл мамандық бүгінде еліміздің экономикалық өркендеуіне өте қажет қызмет түрі болып отыр.

Журналистика факультетінде білім алатын студенттер де «қоғаммен байланыс» пәнінен шет қалмай келеді. PR мен журналистика мамандықтарына ортақ нәрсе көп, мәселен оқуды тәмәмдаған жастар мемлекеттік мекемелерде, әралуан меншік түріндегі кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдарда баспасөз хатшысы, жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесші болып жұмыс істей алады. Журналистер үшін екінші курстан бастап PR пәні таңдау сабағы ретінде жүргізілсе, үшінші курсқа толықтай жалпы пән болып оқытылуда. Бұл дәрісті PR мамандығының қыр-сырына қанық ұлағатты ұстаздар оқытады. Жұмысты жасау арқылы тәлімгерлер өздерін шынайы пиаршы маман сезінгені олардың жобаны керемет құлшыныспен орындауынан көрініс тапты. Іскерлік жоспардың ерекшелігі тек қазақтың ұлттық ойындарын, тағамдарын, қолөнерін насихаттап, мәдениетімізді жаңғыртуда. Ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрді жастардың көзқарасымен ұмытылмастай ете білу, олардың өз қазынамыздың қаншалықты құнды екендігін түсінуіне жол ашты. Мәселен, бұл жобаны жасау үшін кез келген студент жан-жақты ойланып, бір-бірін қайталамау үшін тың дүниелерді іздеді. Студент ізденуші десек, оны бағыттап отыратын ұстаз екенін естен шығармау керек.

Қоғаммен байланыс жоқ жерде, қоғаммен ерегес басталады.

Ең жақсы пиар – ол шындыққа негізделген пиар. Жоқ нәрсені көрсетіп жарнамалаудың түбі – суайттың сандырағы сияқты, ғұмыры қысқа болады.

Кейде пиар да ақша сияқты. Ақша табуды ойлап, жоспар құрған сайын ол қалтаңа түспеуі мүмкін. Миллиардерлердің қағидасына сүйенсек, ақшаны ойламай, тынымсыз жұмыс істеу ғана қалтаңызды қалыңдатады. Атақ-даңқ, жарнаманы ойламай тынымсыз, адал еңбек етсеңіз сізге пиар тегін, атақ пен даңқ өзі-ақ келеді. (Бұл әрине жеке адамға қатысты).


Дәріс №7.Ақпарат және PR

Қосалқы коммуникациялар кезеңдері.

PR мәтіндерді таратушы – БАҚ-пен жұмыс.
ХХІ ғасыр - ақпарат заманы. Қазіргі қоғамдағы негізгі ақпарат көзінің бірі – бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ). Қазіргі коммуникативтік кеңістікте ақпарат көздері сан алуан болып келеді: радио, теледидар, газет, журнал, кітаптар, жарнама, интернет жүйесі, жаңа медиа-технологиялар т.б. Ақпарат көздерінің қай-қайсысының да басты мақсаты - көпшілік назарын аудару.

Ақпараттар арнасы шектен тыс көбейген осындай ортада бірнеше кезеңнен тұратын қосалқы коммуникациялар жүзеге асырылатындығын атай келіп, зерттеуші Қ.Есенова ол кезеңдерді былайша атап көрсетеді: 1) белгілі бір аудиторияның назарын аударту; 2) ұсынылатын хабарламаға қызығушылық тудыру; 3) осы ақпаратқа сәйкес әрекет ету ниеті мен қажеттілігін қалыптастыру; 4) осы хабарламаға сәйкес әрекет етушілердің мінез-құлқын, іс-қимылдарын басқару. Осы қосалқы коммуникация саласына үгіт-насихат, жарнама және PR жатқызылады


PR (паблик рилейшнз) тіркесінің тура мағынасы «жұртшылықпен байланыс» дегенді білдіреді. Кейде оның баламасы ретінде «баспасөзге арналған материалдар» деген тіркес те жұмсалады. Оның мақсаты - субъектілер мінез-құлқын өз қажеттілігіне орай өзгерту.

PR мәтіндерді таратушы – БАҚ. PR-ақпаратқа құрылған мәтіндер негізгі коммерциялық құралдар ретінде танылады. Себебі, олар жекелеген мекемелердің, фирмалардың, ұйымдардың, ЖШС т.б. туралы мәліметтерді жұртшылыққа таратады. Бұл қызметті PR-менеджерлер атқарады. Олардың міндетіне баспасөзге, басқару органдарына, инвесторларға арналған ақпараттық материалдарды (брошюралар, мақалалар, пресс-релиз т.б.) дайындау енеді. Ақпараттық материалдарды зерттеушілер, негізінен, екі топқа бөліп қарастырып жүр: 1) жаңалықтар деп танылатын іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу барысында таратуға арналған материалдар; 2) БАҚ-та тікелей жариялауға арналған материалдар [2, 112 б.].

Әдебиеттерде бұл құбылысты «PR – жарияланым», «PR – мәтін» терминдерін қатар қолдану тәжірибесі байқалады. Алайда, «PR – жарияланым» тіркесінің «PR – мәтінге» қарағанда қолданылу аясы тар. «PR – мәтін» терминінің мағынасы Б.Момынованың «Қоғамдық-саяси лексиканың түсіндірме сөздігінде» былай беріледі: ПИАР – зат. Ақпарат алмасу мен қоғамдық пікірге баға беруді өрістете отырып, жеке тұлға, ұйым, топтар мен қоғам арасындағы өзара түсіністіктің қалыптасуына әсер ету (pablik relations (PR) (ағылш.) – қоғаммен байланыс.
Дәріс №8. PR тілінің сипаттары.

1. Газет мәтініндегі тілдік манипуляция.

2. Мәтін тілімен жұмыс.

«Жұртшылықпен байланыс» дегенді білдіретін «PR» сөзінің уақыт өте келе аясы кеңіп, қоғаммен байланыс құралы ретінде әртүрлі мәнде, позитив және негатив бағытта жұмсалып жүр. Позитивті PR мәтіндер қоғамдық санаға нақты саяси идеяларды сіңіреді, дұрыс таңдау жасауға бағыттайды, ал негатив немесе «қара PR» мәтінде ақпарат бұрмаланады, жалған мәліметтер беріледі. Тіпті арандату әрекеттері де жоспарланады. Позитив бағыттағы PR мәтіндер мен негатив бағыттағы PR мәтіндердің функционалдық міндеттері бір-біріне қарама-қарсы. Негатив бағыттағы PR-мәтіннің қызметі «жұртшылықпен байланыс» деген ұғымды білдіретін PR-дың шын мәніндегі мазмұнына қайшы әрекеттер болып табылады. PR-мәтінді тарату үшін ең қолайлы БАҚ түрі ретінде газеттерді атауға болады. Қазіргі қазақ газеттерінің кез келгенінен PR-мәтінді кездестіруге болады. Мәселен, «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Жетісу» газеттердегі PR-мәтіндер түгелдей жағымдылығымен, оң пікірлерге негізделгенімен сипатталса, «Жас Алаш», «Апта-KZ» басылымдарындағы кейбір PR-мәтіндер сынап-мінеуге, объектіге алынған PR-субъектінің кемшіліктерін көрсете отырып, жағымсыз көзқарастар қалыптастыруға бағытталғандығы байқалады. Қазіргі газеттердегі негатив мәндегі PR-мәтіндердің өзін іштей 1) агрессивтік сипаты басым, журналистік этиканы ескермейтін және 2) мақала кейіпкеріне ашық агрессия көрсетпейтін журналистік этика ережелерін сақтай отырып жазылатын жағымсыз теріс пікірлерін ашық түрде емес, бейтарап формада беретін мәтіндер деп бөлуге болады.

БАҚ-та негатив бағыттағы PR-ақпаратты тарату тәсілдерінің бірі – газет мәтініндегі тілдік манипуляция. Манипуляция «шындықты бұрмалау» деген мағынаны білдіреді. Бұл, әсіресе, саяси дискурсқа байланысты кеңінен қолданылатын тәсіл екендігіне көз жеткізілді. Қазақ баспасөзінде сананы бұрмалауға, өзгертуге тырысатын ақпараттардың (автордың) қолданатын тәсілі. Мысалы, «Егер Азат Перуашев Алашқа жаны ашыса, олардың артында қалған мұраларын неге жарыққа шығармайды? Өкінішке қарай, оның «Ақ жолды» Алаш партиясының рухани ізбасары деп атауы саяси сауда екен. («Жас Алаш», №5, 19 қаңтар, 2012 жыл).
Дәріс №9. PR-мәтін қызметтері.


  1. Жаңа қолданыстар орны.

  2. PR-мәтін ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік, реттеуіштік және жарнамалық қызметтері

Бүгінде Тәуелсіз Қазақстан өмірінің сан саласындағы оң өзгерістерге куә болып отырмыз. Соның бірі - рухани өміріміздегі жаңалық: қазақ тілінің мемлекеттік тіл статусын иеленіп, қолданылу аясы жыл өткен сайын кеңейе түсуі. Қоғамдық формацияның өзгеруіне байланысты тілімізде жаңа қолданыстар пайда болады. Ол қолданыстар түрлі жолдармен бұқаралық ақпарат құралдар тілінде көрініс табуда.

1. Тіліміздегі жаңа қолданыстардың бір тобы төл лексикамыздағы сөздердің ауыс мағынада қолданылуы арқылы жасалады. Мәселен: Ауыс-түйіс. Тілдік қорымызда бар, байырғы сөз тіркесі. Мағынасы – алмасу. Бұл тіркес қазіргі кезде билікке тағайындаулар деген мағынада қолданылып жүр. Мысалы, Әкім ауысса, ауыс-түйіс басталатын әдет бар. Ақсақал. Жасы үлкен, қадірменді адам. Қазіргі қолданыста осы сөз арқылы Ақсақалдар алқасы, Ақсақалдар кеңесі, Ардагерлер кеңесі тәрізді жаңа сөз тіркестері пайда болды. Мағынасы жастары үлкен, құрметті адамдардың ақыл-кеңес беретін жиыны. Мәселен, Ардагерлер үйінде Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің есепті кездесуінде өткен жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы міндеттер сараланды Адам. Саналы тіршілік иесі, қоғамдық-саяси қарым-қатынастарды жүзеге асырушы. Адам сөзі негізінде жаңа қолданыстағы Ресми адам тіркесі жасалды. Көші-қон. Бір елден екінші елге тұрғылықты орналасу үшін қоныс аудару. Байырғы көші-қон тіркесінің негізінде Көші-қон департаменті, Көші-қон заңы, Көші-қон ұйымы, Көші-қон агенттігі деген тәрізді саяси мәндегі жаңа қолданыстар пайда болады. Сонымен, түрлі сөзжасам тәсілдері бойынша жасалып, қоғам өмірінің барлық саласында пайдаланылып жүрген газет беттеріндегі жаңа қолданыстарды былайша топтастыруға болады:

2.Ғылым мен техниканың, мәдениеттің өркендеуіне, әлеуметтік өмірдегі жаңалықтарға, халықаралық ынтымақтастыққа байланысты жаңа сөздердің туындауы арқылы жасалады: кешен, егемен, төлқұжат т.б.

3.Сөздердің бірігу тәсілі арқылы жасалған жаңа атаулар. Оларды өз ішінен екі топқа бөлуге болады:

а) кірме сөз + төл сөз: инфрақұрылым, трансұлттық;

ә) төл сөздеріміздің бірігуі арқылы жасалған жаңа атаулар: іссапар, шәкіртақы, жеделхат, саябақ, шипажай;

4. Баспасөз беттерінде жиі ұшырасып жүрген жаңа қолданыстардың біразы сөздердің қосарлануы арқылы жасалған. Жасалу жолдарына қарай бұл сөздерді бірнеше топқа бөлуге болады және ескеретін бір жайт, бұлардың бәрі дерлік калькалау нәтижесі:

а) екі компоненті де шет тілінен енген сөздер: шоу-бизнес, интернет-кафе, хит-парад, акция-пакет;

ә) бір компоненті шет тілінен, ал екінші сыңары қазақ тілінің сөзі: интернет-бекет, факс-хат, бизнес-мұнай;

б) екі компоненті де қазақ сөзінен: әкім-шенеунік, керуен-сарай, мәдени-көпшілік, әкімшілік-шаруашылық;

в) алғашқы сөзі қазақ сөзінен, екінші компоненті шет тілі сөзі болып келетін: қаржы-экономикалық, ғылыми-практикалық, қазыналық-коммуналдық.

5. Сөздердің қысқаруы арқылы жасалып, қоғам өмірінің барлық саласында пайдаланылып жүрген жаңа қолданыстар: ҰБТ - ұлттық бірыңғай тестілеу, ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік, СМЖ – сапа менеджменті жүйесі, Мемтерминком – мемлекеттік терминология комиссиясы;

6. Түрлі қосымшалар арқылы жасалған жаңа қолданыстар: сарапшы, талапкер, жалгер, зейнеткер, қаржыгер, абаттандыру, жаһандандыру, өркендету; ресмилендіру; серіктестік, ымырашыл, тағайындау;

7. Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған жаңа қолданыстар: ныспылық қағазы (визитка), сертификациялық орган, аккредиттеу агенттігі, аймақтық ішкі саясат, құйтырқы саясат, сарабдал саясат, мәслихат депутаты, зайырлы қоғам, қайырымдылық қор, аймақтар аламаны; лас ойын;

8. Таза шет тілдері сөздерінің тілімізге енуі арқылы жасалған жаңа қолданыстар: Президент, саммит, пиар, оппозиция, меморандум, магнат, лобби, инвестиция, инновация, диссидент, брифинг т.б.

Жаңа қолданыстағы сөздердің тілімізде тұрақтануына, көпшілік тіліне айналуына бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде газеттің атқаратын рөлі зор. Жоғарыда көрсетілген тәсілдер арқылы жасалған жаңа қолданыстар PR – мәтіндерде де қолданыс табады. Мысалы: «Сайлау әділетті өтсе, жеңіске жететінімізге күмән келтірмейміз» деген Ж.Тұяқбай басты талап – сайлауды заңсыз деп тану және 18 тамызда қайта сайлау өткізу екенін шегеледі. «Бірақ биліктің біздің сөзімізді тыңдамайтынын білеміз», - деді ол. «Егер осы сайлау дұрыс өтпесе, бұдан былай биліктің лас ойындарына қатыспаймыз» деген тең төраға «келесі сайлауға халық та қатыспайды» деп мәлімдеді.

Сонымен қатар, баспасөздегі жаңа қолданыстардың бәрі дұрыс, орынды дей алмаймыз. Әкімгер, әкімият, мөлтек аудан, құмархана, құлақілдірік (наушник), кептелек, тығын (пробка), аспансерік (стюардесса) сынды сөздер мерзімді басылымдардағы түрлі мәтіндерде қолданылғанымен, атаулар дұрыс уәжделенбегендіктен, халық қабылдамайды, яғни авторлық қолданыспен шектеліп қалады.

Қорыта айтқанда, PR-мәтін ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік, реттеуіштік және жарнамалық қызметтерді қатар атқарады. БАҚ-та позитив және негатив мәндегі PR–мәтін арқылы саяси дискурстың мәні жан-жақты ашылады. Осындағы негатив мәндегі PR–мәтіндер тілдік манипуляция арқылы көрініс табады. Қазіргі қазақ баспасөзіндегі PR–мәтіндердегі жаңа қолданыстардың рөлі ерекше.


Дәріс №10.Жарнама: пиар және қызмет

1.Қоғамдық байланыстағы жарнама орны.

2. Жарнама мен паблик рилейшнз арасында ұқсастық пен айырмашылық

Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo — жар саламын) — тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Жарнама көпшілік ақпарат құралдары (теледидар, радио, газет, Интернет, проспектілер, плакаттар, т.б.) арқылы жүзеге асырылатын коммуникацияның ақылы түрі болып табылады. Кез келген Жарнама хабарламалық, болмаса назар аудартушылық сипатымен ерекшеленді. Жарнаманың түрлері көп: сату орнындағы Жарнама, институционалдық (жақсы пікір қалыптастыру мақсатындағы) Жарнама, хабарламалық Жарнама, сауда және көлік жүйесіндегі Жарнама, көше Жарнамасы (плакат, афиша), ауызша Жарнама, баспалық Жарнама т.б. Жарнаманың қарапайым түрлері б.з.б. пайда болды. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римде Жарнама хабарландыруларын ағаш тақтайларға жазып, халық көп жиналатын алаңдарда айғайлап жар салатын болған. Баспаға басылған Жарнамалар Англия мен Францияда 17 ғ-да пайда болды. Жарнама қазақ халқына да ежелден белгілі. Оның ауызша үлгілері фольклорлық әдебиетте “жарлық шашу”, “жар салу” ұғымдарымен берілген. Жарнама үлгілері “Қобыланды батыр”, “Мұңлық-Зарлық” және “Оғызнама” жырларында бар. 19 ғ-дың аяғында “Түркістан уалаяты”, “Дала уалаяты” газеттерінде саяси-экон. мәселелерге байланысты, оқу-ағарту, әдебиет және өнер-білім бойынша Жарнамалар берілген. 20 ғ-да Жарнаманың мақсаты мен мазмұны кеңейіп, икемділігі артты, Жарнама тілінің ішкі құрылымы сараланды. Нарықтық экономиканың қанат жаюына орай Қазақстанда жарнамалық қызмет түрлері сан алуан болып дамуда. Жарнама стратегиясымен айналысатын Жарнама компаниялары пайда болды. Жарнаманың бір түрі — афиша (affіcher — хабарландыру, іліп қою). Театр афишалары — спектакльдер және басқа да көңіл көтеретін шаралар туралы хабарландырулар. Афишалар театрдың алдына, көшелерге, алаңдарға және басқа да көпшілік жүретін орындарға ілінеді.

Жарнама түрлері.

Мелиялық жарнама – тесттік-графикалық жарнамалық материалдарды сайт беттерінде орналастыру. Көптеген белгілері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы (БАҚ) жарнамаға ұқсас. Бірақ баннердің гиперсілтемесінің бар болуы жіне анимацияланған бейненің мүмкіндігі медиялық жарнаманың әсер ету мүмкіндігін аса кеңейтеді. Әдетте, медиялық жарнама баннерлік жарнаманың формасына ие болады.



Контекстік жарнама — тесттік-графикалық жарнамалық материалдарды тұтынушыларға іздеу функциясын ұсынатын сайт беттерінде орналастыру. Бұл жарнама түрі іздеу нәтижелерінің жанында орналасады, ал белгілі бір жарнаманың көрсетілуі тұтынушының іздеу сұрауына байланысты болып келеді. Әдетте, контексттік жарнама тексттік жарнама формасына ие болады.

Жарнаманың басқа түрлері медиялық және және контексттік жарнамалардың белгілерін біріктіреді.



Электрондық пошта (e-mail) – тұтынушыларға өзара ақпараттармен алмасуға мүмкіндік беретін желілік қызмет, жарнамалық хабарламалаларды жіберудегі электрондық поштаның артықшылықтары: Электрондық пошта желіні қолданушы тұтынушылардың барлығында бар. E-mail хабарламаның push-технологиясын білдіреді. Жеке тұтынушыға үндеу мүмкіндігін береді. Тұтынушыға қызықты болып көрінген хат оның достарына жіберілуі мүмкін.

Жарнама мен паблик рилейшнз арасында ұқсастық пен айырмашылық

Маркетинг коммуникацияларының орталық орындардан жүйенің бiрi жарнамада орналасады. Көп анықтауларды жарнамалардан ерекшелеуге болады:

Жарнама — (Американдық маркетинг қауымдастығының анықтауы) анайы ұсыныс және идеялар (Американдық маркетинг қауымдастығының анықтауы) қызметтерiнiң алға басуын жайлы кез келген ақылы форма;

Жарнама — бұл тауар, марка, (қандай болса да iстер, кандидат, үкiмет) фирма пайдаға қандай болмасын үгiтшi байланыстар тағы басқа түрлер бұқаралық ақпарат құрал iске асатын арнайы үндеу, ақылы бiр жаққа бағыталған;

Кейбiр мамандар жарнамаларды қарауы бұл тауарлар және қызметтердiң сапасын ауыстыруға тырысқан коммуникацияның формасын сонымен бiрге мұқтаждықтар және тұтынушының сұрау салуларындағы идея;

Жарнама — арнайы ақы төлелетiн каналдар арқылы дәрiсханасы бар коммуникация; дәрiсхана жарнаманың таратуын құрал төлеген ұйым жолдауды көз айқын ұсынады.

Жарнамалық хабарлауда жарнама берушi, субъект, кiмдiкi есебiне демеушiге және кiмдiкi атынан айқын анықталған жарнама iске асады. Өзi өзiменiмен бұл жарнамалық коммуникацияның көз есептеуге түсiнiктi ретiнде бастапқы.

Насихаттаудағы көрнектiлiк және қабiлеттiлiк. Жарнамалық дәлелдердiң қайталауы қайта қайта тұтынушыдағы нақтылы психологиялық әсерiнде болады және оның сатып алуына итермелейдi.


1- сабақ. Паблик рилейшнз және кітапхана қызметтері.

1. Көпшілік іс шаралар және қоғаммен байланыс бөлімдері.

2.Кітапхана жұмысының мақсаттары мен бағыттары.

Тапсырма: Паблик рилейшнзді кітапханада пайдалаудың жоспарын жасаңыздар.
2-сабақ. Паблик рилейшнз және қазіргі қоғам.
1.Паблик рилейшнз туралы.

2. Пиар-технологиялар.



Тапсырма: Пиар-технологияны кітапхана ісінде пайдаланудың жоспарын жасаңыздар.


3-сабақ. Паблик рилейшнз және қазіргі қоғам.
1.Паблик рилейшнз туралы.

2. Пиар-технологиялар.



Тапсырма: Пиар-технологияның кітап насихаттаудағы орнының жоспарын жасаңыздар.
5-сабақ. Үкіметтік пиар.Оның кітапхана ісімен сабақтастығы.

1.Үкіметтік пиар.

2. Саяси пиар.

Тапсырма:Соңғы жаңалықтардан саяси-пиарға мысал табыңыздар.
6-сабақ. PR туралы білім беру саласы.

1.Қазақстандық 3 аспект.

2.PR ғылымы.

Тапсырма:Паблик рилейшнзді білім саласына пайдаланудың артықшылығы туралы реферат дайындаңыздар.
7-сабақ.Ақпарат және PR

1.Қосалқы коммуникациялар кезеңдері.

2. PR –дің ақпараттағы орны.

Тапсырма: ақпараттағы PR-ға мысал келтіріңіздер.
8-сабақ.PR тілінің сипаттары.

1. Газет мәтініндегі тілдік манипуляция.

2. Мәтін тілімен жұмыс.

Тапсырма:сайт тілімен жұмыс.
9-сабақ. PR-мәтін қызметтері.

1.Жаңа қолданыстар орны.

2.PR-мәтін ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік, реттеуіштік және жарнамалық қызметтері

Тапсырма: PR-мәтін ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік, реттеуіштік және жарнамалық қызметтеріне мысал келтіріңіздер.
10-сабақ. Жарнама: пиар және қызмет

1.Қоғамдық байланыстағы жарнама орны.

2. Жарнама мен паблик рилейшнз арасында ұқсастық пен айырмашылық

Тапсырма: РR мәтіндерді таратушы – БАҚ-пен жұмыс тақырыбына баяндама жасаңыздар.

8.Өздік жұмыс тапсырмалары.

1.Паблик рилейшнз және кітапхана қызметтері.

2.Көпшілік іс шаралар және қоғаммен байланыс бөлімдері.

3.Кітапхана жұмысының мақсаттары мен бағыттары.

4.Паблик рилейшнз және қазіргі қоғам.
5.Паблик рилейшнз туралы.

6.Пиар-технологиялар.

7.Пиар-технологияны кітапхана ісінде пайдаланудың жоспарын жасаңыздар.

8.Паблик рилейшнз және қазіргі қоғам.


9.Паблик рилейшнз туралы.

10.Пиар-технологиялар.



11.Пиар-технологияның кітап насихаттаудағы орнының жоспарын жасаңыздар.

10. ОМӨЖ кеңесінің кестесі




Сабақ түрлері

Дүйсенбі

сейсенбі

Сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс сұрақтары бойынша кеңестер

15.50-16.40
















2.

Тәжірибе сабақтарының сұрақтары бойынша кеңестер




15.50-16.40







15.50-16.40




3.

МӨЖ сұрақтары бойынша кеңестер










16.55-17.45







4.

Тест сұрақтары бойынша кеңестер







14.45-15.35











Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет