Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?



Дата22.02.2016
өлшемі0.65 Mb.
#23
Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?

(Электрондық байқау өндірісі)
Электрондық байқау өндірісі сот іс жүргізуіне қатысушыларға сот ісі бойынша ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді, сот ісі бойынша ақпаратқа қол жетуге пароль беру арқылы құжаттарды қарау немесе электронды түрде алу үшін автоматтық тәртіпте жұмыс істейді.

Сот ісі бойынша ақпаратқа қол жетуге пароль алу үшін сот ісіне қатысушы өзі сотқа келіп, соттың жауапты маманына 1) жеке төл құжатын, ССН мен жазбаша арыз беріп, онда ССН, Т,А,Ә. және электрондық мекенжайын көрсетуі керек.

Талаптарды сақтамау сот ісі бойынша ақпаратқа қол жетуге пароль беруден бас тарту үшін негіз болады.
Пароль қол қойылып беріледі, оны алған тұлғаға парольды пайдалану заңдылықтары үшін жеке жауапкершілігі, сонымен қатар оған парольді жою үшін арыз беруге болатындығы түсіндіріледі. Сот ісі бойынша мәліметтерді қарау және сот актілері мен құжаттарын электронды түрде сот органдарының электронды қорларынан алу тек іс бойынша сот талқылау болатын немесе болған сот органдарының кеңселерінен пароль алған сот ісіне қатысушыларға ғана қолжетімді.

Сот ісі бойынша мәліметтерді қарау және сот актілері мен құжаттарын электронды түрде алу үшін сот ісін ССН мен электронды қордағы пароль бойынша іздеу қажет, мына сілтеме бойынша: http://enp.supcourt.kz web-браузерде (Интернетпен жұмыс істеу үшін бағдарламалық қамтамасыз ету), «Сот ісін іздеу» бөлігі.


Сот ісін іздеу үшін сот іс жүргізуіне қатысушы өз ССН мен іс бойынша сот талқылау болатын немесе болған сот органының кеңсесінен алған қолжетім паролін көрсетуі керек,
ССН мен қолжетім паролін енгізген соң «Іздеу» қызметін таңдау қажет.


Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде сот ісіне қатысушылардың Электрондық байқау өндірісі арқылы сот істері бойынша мәліметтерге жүгіну фактілерінің барлығы тіркеліп отырылады.

Электрондық байқау өндірісі арқылы сот істері бойынша мәліметтерге жүгіну туралы мәліметтер ҚР СО БААТЖ Орталық базасында сақталады,

Сонымен қатар мына ақпараттар да сақталады:

1) күні мен уақыты;

2)іске қатысушының ССН;

3) іске қатысушының IP-мекенжайы;

4)сот істері бойынша мәліметтер.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет