Жұмысты орындаған: Алдыбаева А


педагог-психолог маманының негізгі бағыттары



бет4/5
Дата02.01.2022
өлшемі29.7 Kb.
#454012
1   2   3   4   5
сөж инклюзив

2.3.педагог-психолог маманының негізгі бағыттары;

Психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету қызметінің әр маманы өз бағыттары бойынша жұмыс істейді. Бұл біріккен психологиялық- педагогикалық қолдау қызметінің басты мақсаты-ерекше қажеттілігі бар балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.

Инклюзивті білім беру педагог-психологының негізгі бағыттары:

1. Психодиагностика бағыт

2. Түзету-дамыту бағыты

3. Психологиялық кеңес беру

4. Әлеуметтік-бейімдеу

5. Әдістемелік-ұйымдастырушылық бағыт

1. Диагностикалық бағыт: Баламен жұмыстың бағыттарын айқындау мен бала дамуындағы ауытқулардың алдын - алу үшін қыркүйек айында психологиялық диагностика жұмыстары жүргізіледі. Оның мақсаты: баланың жақын даму аймағы мен актуалды даму аймағын, оқу барысындағы қиыншылықтардың себептері мен механизмдерін анықтау. Оқу жылының ортасында яғни екінші жарты жылдықтың басында оқушыларға екінші рет диагностика жүргізіледі. Бұл диагностика баламен жүргізілген түзете-дамыту жұмысының баланың оқу танымдық қызметіне тигізген әсерінің тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Түзете-дамытудың бағдарламасының игеру деңгейінің нәтижесін бағалағанда баланың білім, білік, дағдылары игеруге қажет танымдық қабілетінің қаншалықты қалыптасқандығына ғана емес, баланың игерген білімін берілген мәселеде өз бетімен қаншалықты қолдана алатынына көңіл бөлінеді.Психолог диагностиканы төмендегі бағыттар бойынша жүргізеді.

Жалпы және ұсақ моторикасының дамуын диагностикалау.

Оқушының мектепке дайындығын анықтау. (1 сыныптар үшін); Оқушылардың оқу мотивациясын тексеру;

Оқушылардың танымдық қабілеттерін анықтау (зейін, ойлау, логикалық ойлау, есте сақтау, қабылдау деңгейі);

Сөйлеу ерекшеліктері;

Өзін-өзі бағалауы;

Ерік-жігері;

Қарым-қатынасқа түсу қабілеті;

2. Түзету-дамыту бағыты: Түзету-дамыту жұмыстары мынадай бағыттарда жүзеге асады.

Ұсақ моториканы дамытуға арналған жаттығулар мен ойындар;

Сенсорлы қабылдауды дамыту;

(уақыт кеңістігін, пішін мен көлем, түстерді қабылдауы);

салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жалпы ойлау операцияларын қалыптастыру;

зейіннің тұрақтылығын және шоғырлануын дамыту;

көру, есту арқылы есте сақтауын дамыту;

психомоторлық дамуды жүзеге асыру мен сөйлеу тілін, сөздік қорын арттыру. Алынған диагностика нәтижесі бойынша балаға жүргізілетін түзету-дамыту жұмысының бағыты анықталып, бағдарлама түзіледі. Бағдарламада баланың жеке бас ерекшеліктері мен қабілеттері ескеріліп сабақ жоспары жасалады. Түзету-дамыту сабақтары оқушының сабақтан бос уақытында өтіледі. Түзету-дамыту сабақтарының ұзақтығы 20-35 минут (оқушының зейін тұрақтылығына және төзімділігіне байланысты). 3. Психологиялық кеңес беру: баланың жас, жеке, типтік ерекшеліктерін ескере отырып ата-аналарға, ұстаздарға бірқатар ұсыныстарды даярлау; Оқушымен тікелей жұмыс жасайтын педагогтармен әңгімелесу; баламен жүргізілген жұмыстың жалпы қорытындысымен ата-аналарды таныстыру; ата-аналарға баланың тәрбиесіндегі қиыншылықтары туралы нақты ұсыныстар даярлау; ата-аналарға баланың психофизикалық мүмкіндіктеріне сай баланы оқыту мен оны дамытудың маңыздылығын түсіндіру; ППҚ қызмет мамандарымен тығыз қарым-қатынаста болу. Баланың жеке бас ерекшеліктері жайлы пікір алмасу.

4. Әлеуметтік-бейімдеу бағыты: оқушының мектеп өміріне, қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету;

баланы қоғамдық жұмыстарға, мерекелік немесе басқа да іс-шараларға араластырып, жауапкершілігін арттыру;

баланы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға үйрету;

мектепте өзін еркін сезінуге, өзін-өзі басқара білуге, өзі өмір сүретін ортаны толық бағдарлай білуге үйрету.

5. Әдістемелік-ұйымдастырушылық бағыт: Бұл бағыт психологтың баланың даму деңгейінің картасын толтыру, іс-шараларға дайындық, баланың жеке құжаттарын толтыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар мұнда ұстаздар мен ата-аналарға арналған әдістемелік құралдарды жасау, өз білімін жетілдіру курстарына қатысу және тб жұмыстар кіреді. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың атааналарымен жұмыс сенім және олардың оқу-тәрбие процесіне толық қосылуы қағидаттарынан құрылады. Психологтың кеңесі жүйелі түрде жүргізіледі. Инклюзивті білім берудегі психологтардың міндеттерінің бірі - бұл айналасындағыларды (отбасы мүшелерін, басқа балалардың ата-аналарын, мектеп қызметкерлерін, барлық әлеуметтік ортаны) "ерекше" балаларды қабылдауға, құрметтеуге, оларға тұрмыста мейірімділікпен қарауға, оларға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге және осы адамдардың қабілетін бағалауға, оларға қолдау жүйесін құруға үйрету. Насихаттау мақсатында мүгедек адамдармен қарым-қатынаста қолданылатын К. Мейер (АҚШ-тың Ұлттық қол жетімділік орталығы) жасаған әдептіліктің ережелерін атап өткім келеді. 1. Сіз мүмкіндігі шектеулі баламен танысқан кезде, оған өз қолыңызды беруіңізге болады, тіпті, егер оның қолмен қозғалтуы қиынға соқса немесе протезді пайдаланса, оның (оң немесе сол) ұстап амандасуға болады. 2. «Ерекше» баламен ересектермен сияқты есімін атап сөйлесіңіз. 3. Сөйлеу кемшілігі бар баламен қарым-қатынасқа түскенде, міндетті түрде, оны мұқият тыңдаңыз. Шыдамды болыңыз, сөйлемді аяқтағанға дейін күтіңіз. Түзетпеңіз және ол үшін жауап бермеңіз. Әңгімелесушіні түсінбесеңіз, қайтадан сұрап алуға ыңғайсызданбаңыз. 4. Нашар еститін адамның назарын аудару үшін оны қолыңызбен иығынан түртіп өзіңізге қаратып алыңыз. Оның көзіне қарап, анық айтыңыз, бірақ нашар еститін адамдардың бәрі еріндері бойынша оқи алмайтынын есте сақтаңыз. Этикеттің осы ережелерін меңгеру мүмкіндіктері шектеулі балалармен қарым-қатынаста оңай және тиімді түсуге және олардың да өздерін дұрыс ұстай білуіне, ыңғайсыз сезінбеуіне көмектеседі.

дамытуға, оның сөздік қорын молайтуға және сыныптастарымен, мұғалімдермен қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамытуға септігін тигізеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет