Мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг
«Ғажайып сурет»
Мақсаты: Мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл- күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін еркін сезінуге көмектесу. Ұжым арасындағы байланысты нығайта отырып, эмоцианолды жігер беру, бірі-бірі кеңірек танып білуге, көңіл күйлерін көтеру.
Қажетті құрал-жабдықтар: қағаз, түрлі-түсті қарындаштар,бояулар, стикер қағаз, музыкалық әуен.
Ұйымдастыру кезеңі: (5 минут)
Тренер сөзі: Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар! Бүгін сіздерді пихологиялық көңіл- күйлеріңізді көтеру өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-біріміздібен сыйластық қарым-қатынаста болуға жиналып отырмыз.
Ұйымдастыру кезеңі: (5 минут)
Тренер сөзі: Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар! Бүгін сіздерді пихологиялық көңіл- күйлеріңізді көтеру өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға жиналып отырмыз.
Жұмыс жасау ережесі: Сіздерден өтінетінім жұмыс барысында шынайы болуларыңыз керек. Сіздердің көңілдеріңіз, сезімдеріңіз қаншалықты шынайы болса біздің жұмысымыз соншалықты нәтижелі болады. Топ ішінде өтірік айтуға болмайды, егер де шын талдауға дайын болмасаңыздар, онда еш нәрсе айтпаңыздар. Не айтсақ та осы топ ішінде қалу керек. Ол біздің жұмысымыздың этикалық негізінің бірі. Бір мұғалімнің мәселесін тренингке қатыспаған адамға айтып талдамаймыз. Онын барлығын тренинг барысында орындаймыз. Тренингке қатысушы әр адам тек өз атынан ғана сөйлейді. Мысалы «барлығы солай ойлайды» деген болмайды. Оның орнына «мен солай ойлаймын», «маған солай көрінеді» т.б. Бір- бірімізді сынамаймыз, өйткені осы өмірде бізді жеткілікті сынайды, бағалайды. Топ ішінде бір- бірімізді түсінуге тырысамыз.
1-жаттығу. Амандасу
5 ТІЛЕК
(5 минут)
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Нұсқаулық: Барлығымыз орнымыздан тұрып бір-бірімізбен әр саусағымызды біріктіріп бір-біріне тілек айту арқылы амандасады.
«Ғажайып сурет»
Мақсаты: мұғалімдерді топта бірлесіп жұмыс жасауын ұйымдастыру
Қатысушыларға таза парақ таратылып беріледі. Сол берілген парақтың бірінші бетіне салғысы келетін суреті жайлы жазады. Ал екінші бетіне сол суретін салады да, екінші көршісіне береді. Көршісі сол суретті ары қарай жалғастырады. Яғни соңында автордан басқалары суретке қарап суретке тақырып қояды. Аталған тақырып автордың тақырыбымен салыстырылады.
Қорытынды: Сабақ соңында психолог барлығына орындарынан тұрып, шеңберге тұруын ұсынады. Әрбір қатысушы жеміс-жидектен дәм татып отырып, тілектерін айтады барлық қатысушылар бір сөзбен қандай да бір жақсы тілек айтуы керек. Соңында психолог барлығына сәттілік пен жақсы көңіл-күй тілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |