Жұмысты орындаған: Алдыбаева А



бет5/5
Дата02.01.2022
өлшемі29.7 Kb.
#454012
1   2   3   4   5
сөж инклюзив

Қорытынды

Қазіргі күні инклюзитвті білім беру жаһандық қоғамдық үрдіс болып отыр, ол барлық дамыған елдерде орын алып келеді. Инклюзивті білім беру көп қырлы үдеріс, ол білім беру жүйесіндегі барлық құрамдастардың қосылуын талап етеді. Өткізілген мониторингтік зерттеудің нәтижелері бойынша республика аймақтарында, жалпы, ерекше білімділік қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосуда оң динамика орын алып отырғаны туралы қорытынды жасауға болады. Инклюзивті білім берудің кеңінен етек жайып, дамуындағы бетбұрыстары инклюзивті білім беруді іске асырып отырған білім беру ұйымдары секілді үдеріс қатысушыларының синхрондық жұмысындағы және олардың қызметін аудан, қала, облыс деңгейінде үйлестірудегі қажеттіліктерді көрсетті. Жалпы, Қазақстан бойынша инклюзивті білім берудің орын алып отырған үлгілеріне, сонымен қатар Инклюзивті білім берудің ресурстық орталықтарындағы және эксперименттік алаңшалардағы қызметке жүргізілген талдау республикамыздағы инклюзивті білім берудің келешектегі дамуы үшін келесідей ережелерді анықтауға мүмкіндік берді: − Жергілікті атқарушы органдардың, соның ішінде Білім басқарламаларының қызметіндегі жүйелілік және мақсатқа бағынушылық; − Елде инклюзивті білім берудің жергілікті енгізілуіне және дамуына ықпалын итгізетін ресурстық орталықтардың құрылуы, оларды ақпараттық, ғылыми-педагогикалық, материалды-техникалық және өзге ресурстарын үйлестіру және интеграциялау (кіріктіру); − ерекше білімділік қажеттіліктері бар балалардың жалпы білім беру үдерісіне қарқынды қосылуын қамтамасыз ететін механизмдерді жетілдіру; − ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдармен) әлеуметік серіктестікті дамыту, соның ішінде жалпы білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру кабинеттерін құру және қолдау; − ерекше білімділік қажеттіліктері бар, үйде білім алатын балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосудағы тәжірибені инклюзивті білім берудің бір үлгісі ретінде зерделеу; − инклюзивті білім берудегі терминологияны жетілдіру. Жүргізілген зерттеулер көрсетіп отырғандай, инклюзивті білім беруді дамыту үшін, жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдарының, мемлекеттік басқару органдарының және қоғамның басқа да әлеуметтік институттарының жүйелі және өзара байланысты жұмысындағы қажеттілік бар. Одан басқа, инклюзивті білім берудің дамуындағы маңызды кезең ретінде Ресурстық орталықтардың қызметін инклюзивті білім беру үдерісіне қолдау көрсету және елдегі білім беру ұйымдарында инклюзивті білім берудің тиімді үлгілерін таратуда кеңейту


Әдебиеттер тізімі:

1. А.Р.Маллер «Социальное воспитание и обучение детей с отклонениями в развитии».

2. Л.И.Акатов «Социальная реабилитация детей с ограниченными возможностями здоровья».

3. Журнал «Дефектология»,

4. «Педагогические условия социальной реабилитации детей со сложной структурой дефекта» Сайтханов А.Ф.

5. Журнал «Дефектология»,

6.Ж.Б Қоянбаев. Р.М Қоянбаев. Педагогика университеттер студенттеріне арналған оқу құралы Алматы.



7. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтік бейімдеуді педагогикалық қолдау моделі. Әдістемелік ұсынымдар. Астана 2016ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет