~
100
~
Қосымшалар
Қант диабетімен ауыратын пациенттерге аяқ (табан) күтімін
оқыту
Қант диабетімен ауыратын, шеткері (перифериялық) нейропатия
немесе шеткері тамыр ауруы бар пациенттерде табанның ойық
жаралану қаупі жоғары. Аяққа күтім жасау диабеттің түріне
қарамастан маңызды. Қант диабеті кезінде аяқтың төменгі бөлігіндегі
ең кішкентай қабынулар ампутацияға
дейін апарып соқтыратын
күрделі проблемаға айналуы мүмкін. Тіпті аздаған қабынулар болса
да, дәрігермен кеңесу керек.
Қант диабетімен ауыратын пациенттерді оқыту процесіне
аяқтарды күтуге арналған жаттығулар, күнделікті аяқтарды қарауды,
аяққа күтімді жүргізудің жүйелі процедуралары
және қалыпты емес
нәтижелер
(мысалы,
терінің
зақымдануы,
саңырауқұлақтар,
қабынулар) туралы жедел түрде хабарлауды қажет етеді. Пациент
емделмеген жағдайда, мүмкін болатын асқынулар туралы білуі керек,
мысалы, аяқтың жарылуы.
Пациентке диабеттік аяққа қалай күтім жасау керектігін
үйреткен кезде келесі жайттарға назар аударған жөн:
• Күн сайын жұқпаның (инфекция) енуі мүмкін жаралар,
кесіктер, сызаттар және басқа да жарақаттарды анықтау үшін табанды
тексеруден өткізу қажет. Міндетті түрде
саусақтардың арасын
тексеру керек. Аяқтың табанын айна көмегімен оңай тексеруге
болады. Егер пациент аяқтарын көзбен өзі қарай алмаса, оны отбасы
мүшелеріне немесе басқа да қамқоршысының қарауын ұсынған жөн.
• Аяқтарды өте жоғары немесе өте төмен температурада ұстамау
керек. Алдымен ваннадағы судың өте ыстық емес екеніне көз жеткізу
үшін оны қолмен тексеру қажет. Егер түнде аяқ жаурайтын болса,
жылы шұлық киген дұрыс. Жылыту
жастықшаларын немесе басқа
ыстық заттарды пайдаланбаған жөн;
• Күн сайын аяқтарды мұқият жуып және ақырын сүрткен дұрыс
(ысқыламай). Саусақтардың арасын мұқият құрғатуды ұмытпау
керек. Душтан немесе суда жүзуден кейін
аяқтарын мұқият кептіру
қажет;
• Пемза көмегімен аяқтағы қажалу орнын (мозоли) жайлап
тегістеңіз; өткір заттар немесе қажалуға арналған рецептурасыз
препараттарды пайдаланбаңыз.