Ойын арқылы би қимылдарын үйрету Ойын бала өмірінің ажырымас бөлігі. Орыстың ұлы педагогі В. А. Сухомлинскийдің «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес»



Дата27.02.2022
өлшемі14 Kb.
#455792
Ойын арқылы би қимылдарын үйрету


Ойын арқылы би қимылдарын үйрету

Ойын - бала өмірінің ажырымас бөлігі. Орыстың ұлы педагогі В.А.Сухомлинскийдің «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес».


Баланы тапқырлыққа , батылдыққа , шапшаңдыққа , ептілікке , байсалдылыққа үйрететін де осы ойын.
Ойын балаларды ортақ мақсатқа, ұжым намысын қорғауға, оның жеңісіне ортақтасуға тәрбиелейді. Ойындарда балалар жолдастық, ауызбіршілік пен , ұйымшылдықтың не екенін түсіне бастайды.
Бүлдіршіндермен биде ойындарды өткізу барысында педагог төмендегідей талаптарды орындауы қажет:
-балаларды ойынға міндетті түрде қатыстыру;
-балаларға өзі шеше алмайтын, педагогтің көмегін қажет ететін жағдайларда ұсыныстар айту;
- ойындарды көрсеткен кезде үйренгендерін балалар өз бетінше пайдалана алатынындарына көз жеткізу.
Ойын міндеттерін шешудің заттық тәсілі ойыншықтармен билеу іс-әрекетері . Алғашқыда балалар педагогтің орындау барысындағы таныс қимылдарды сүйсіне қайталайды.
Түрлі сипаттағы музыкамен байланысты музыкалық – ойындарды ойнағанда: байсалды, асықпай және көңілді, шаттанған көңілді жеткізуге талпындырады. Балалардың ой-өрісін, есте сақтау, қабылдау, орындаушылық қабілеттерін арттырады және де музыкаға деген қызығушылықтарын оятады.


Дидактикалық ойын «Біздің саяхат»
Ойын шарты: Балалар шеңберде отырады, би жетекшісі балаларға саяхатқа баратындарын айтады. Көз алдарыңа елестетіп, қимыл қозғалыстарды орындаймыз.
1. Баспалдақтан баяу, асықпай түсеміз;
2. Далаға шықтық күннің көзіне қуанып жүгірдік;
3.  Айгерім допты алып жерге соға бастады;
4.  Балалар тез секірді;
Бірақ күн күркіреп жаңбыр жауа бастады, алдымен ақырын, сосын қатты жауды. Балалар қорқып тез-тез балабақшаға оралды. (осы қимылдардың барлығын би жетекшісі музыкалық қимыл арқылы көрсетеді.)
Кім қалай жүреді?
Ойын шарты:  Балаларға әр-түрлі жануарлар характеріне сай, әуенді ойнайды балалар әуенді тындап, әуенге сай қимыл-қозғалысты орындаулары керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет