Сабақ. Ұзақмерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: Python тілінде алгоритмдерді программалау Күні



бет1/3
Дата01.03.2022
өлшемі30.41 Kb.
#455852
түріСабақ
  1   2   3
23.02.2022ж


5-сабақ.


Ұзақмерзімді жоспардың тарауы: Мектеп:
Python тілінде алгоритмдерді программалау

Күні:23.02.2022ж Мұғалімнің аты-жөні:Калиева Ж.С


Сынып: 8а,ә Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

4.5 Break циклін басқару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.3.3.3 цикл басқару нұсқаулығын қолдану (continue, break, else)

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы: Break ұғымы мен қызметін анықтау;
Оқушылардың көбі: Break нұсқаулығының орындалуын талдау, қолдану; Кейбір оқушылар: Break нұсқаулығын қолданудың маңыздылығын тұжырымдау.

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау.

Бағалау критерийі

  • Break ұғымы мен қызметін анықтайды;

  • Break нұсқаулығының орындалуын талдайды әрі қолданады;

  • Break нұсқаулығын қолданудың маңыздылығын тұжырымдайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:
Break- үзілу-ломать.

Диалог /жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы
Белгілі бір қойылған шарт орындалуымен ағымдағы цикл жұмысын бірден тоқтатып, программа жұмысын циклден шығарып, әрі қарай жалғастыратын цикл нұсқаулығы ... деп аталады.

Құндылықтарға баулу

  1. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы қалыптасады.

  2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.

  3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды.

  4. Өмір бойы оқу, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Пәнаралық
байланыс

Программа коды ағылшын тілінде жазылады, математикалық амалдар
қолданылады.

Алдыңғы білім

Continue циклін басқару.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері
/уақыт

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы Ұйымдастыру
кезеңі/5мин

Сәлемдесу, түгендеу. Сыныпта психологиялық ахуал орнату.
«Үйшік» әдісі.

Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі

Оқушылар жұптасып үйшік құрады. Үйшіктің ішінде тұрғын



Қошемет көрсету.




Қызығушы- лықты ояту. Өткен сабақты пысықтау. Топтық жұмыс
/7мин
Миға шабуыл
/2мин

Оқушыларға топтық жұмыс орындату.


«Миға шабуыл» әдісі бойынша өткен сабақ пен жаңа сабақты ұштастырып, проблеманы бірге шешу.

тұрады. Мұғалім «тұрғындар ауысады» дегенде тұрғындар ауысады. Үйшік ауысады дегенде үйшік ауысады. «Тұрғындар жұптасады» дегенде екеуден жұптасады. Бос қалған үйшіктер тұрғын болып үйшіктерге кіреді. Топтарға осылай бірігеді.

Оқушылар топтық жұмыс орындайды:



  1. топ: Сontinue нұсқаулығының қызметі қандай?

  2. топ: Сontinue нұсқаулығын программа құруда пайдалану қандай қажеттіліктен туындаған? 3-топ: Сontinue нұсқаулығын қолдануға мысалдар келтіріңдер.

Оқушылар берілген сұрақтар туралы пікірлерін еркін жеткізеді:



  • Күнделікті өмірде жүріп жатқан белгілі бір циклдік процесті бірден тоқтата салуға бола ма? Қандай мысалдар келтіруге болады?

  • Программа орындалу кезінде тиісті нәтижеге жеткеннен соң цикл жұмысын тоқтату үшін не істеу керек?

Смайликтер арқылы ҚБ

Оқытудың белсенді әдістері NIS.
Астана,
2013

Сабақтың ортасы
Мағынаны тану:/5мин



Топтық жұмыс /5мин

Оқулықпен жұмыс: Оқулықтағы ақпаратты оқушылармен бірге талдайды.
Диск материалы арқылы таныстырылым жасайды.

1-тапсырма жалпы тапсырма. Мұғалім көмектеседі.



Оқушылар оқулықтағы ақпаратпен танысады. Визуалды ақпарат алады. Мұғаліммен бірге талдайды.


Мақсаты: аудиал мен визуал оқушылардың білім алуына жағдай жасау.

1-тапсырманы мұғалімнің көмегімен орындайды.




Вreak пен сontinue нұсқаулықтарының графикалық блок-схемасына және олар қолданылған программа кодтарына талдау жасаңдар.
Нұсқаулықтардың графикалық блок-схемаларын программамен салыстырыңдар. Блок- схемада тағы да басқаша қалай құруға болады?

Ауызша мадақтау, ынталан- дыру
Смайликтер арқылы ҚБ

Информати
-ка 8- сынып оқулығы








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет