Жоба 2013 жылдың қаңтар-наурызында тіркеуден өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды



Дата29.02.2016
өлшемі34.32 Kb.
#34614


ЖОБА

2013 жылдың қаңтар-наурызында

тіркеуден өткізілетін жылы

он жеті жасқа толатын еркек

жынысты азаматтарды

«Ақмола облысы Зеренді

ауданының Қорғаныс істері

жөніндегі бөлімі» республикалық

мемлекеттік мекемесінің шақырту

учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және

қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» туралы» Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысымен бекітілген әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережелерге, Ақмола облысы әкімінің 2012 жылғы 19 қарашадағы №30 «Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді және медициналық куәландыруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» шешіміне, Зеренді ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қарашадағы №730 «2013 жылдың қаңтар-наурызында тіркеуден өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Зеренді ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің шақырту учаскесіне тіркеу бойынша аудандық комиссия құру туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1. 2013 жылдың қаңтар-наурызында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Қазақстан Республикасы Қорғаныс

министрлігінің «Ақмола облысы Зеренді ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің шақырту учаскесіне тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін (келісім бойынша).

2. 2013 жылдың қаңтар-наурызында тіркеуден өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Зеренді ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақырту учаскесіне тіркеуді өткізу жөніндегі аудандық комиссияның қоса берілген дербес құрамы бекітілсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.А.Таласбаеваға жүктелсін.

4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік

тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.



Аудан әкімі Е.Маржықпаев
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі

істер министрлігінің Ақмола

облысы Ішкі істер департаментінің

Зеренді ауданы Ішкі істерінің бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің бастығы

Б.Т.Әленов

_______________________________

«___» _________________2012 жыл


Қазақстан Республикасы Қорғаныс

министрлігінің «Ақмола облысы Зеренді ауданының

Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»

республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы

Н.Т. Асылбеков.

_______________________

«_____» ___________ 2012 жыл
«Зеренді орталық аудандық ауруханасы»

шаруашылық жүргізу құқығындағы

мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының

бас дәрігері

Б.Б. Жаңғалов

_______________________________

«___» _________________2012 жыл

Зеренді ауданы әкімдігінің

2012 жылғы «__»_______

№___ шешімімен

БЕКІТІЛДІ

2013 жылдың қантар-наурызында «Ақмола облысы Зеренді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеу жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамы.





Комиссия төрағасы

Таласбаева Әлия Аманжолқызы, Зеренді ауданы әкімінің орынбасары;

Комиссия төрағасының орынбасары




Асылбеков Нұржан Төлеужанұлы,

Қазақстан Республикасы Қорғаныс

министрлігінің «Ақмола облысы Зеренді ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша);



Комиссия мүшелері:

Хасенов Амантай Шәкірұлы Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының

орынбасары (келісім бойынша);
Сүлейменова Ғиззат аудандық орталық аурухананың дәрігері,

Қуанышбайқызы медициналық комиссияның төрағасы

(келісім бойынша);
Куликова Комиссия хатшысы, жедел жәрдемнің

Валентина Викторовна медбикесі (келісім бойынша).






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет