ЖОБА
27 наурыз 2015 жыл 40-343-V
"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың қағидасын
бекіту туралы" Сарыағаш аудандық
мәслихатының 2013 жылғы 18 қазандағы
№21-173-V шешіміне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2013 жылғы 18 қазандағы №21-173-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2398 тіркелген, 2013 жылғы 15 қарашада «Сарыағаш» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
7 тармағы мынадай тармақшалармен толықтырулар енгізілсін:
«3) 7 мамыр - (Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылған күні)-жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғаныстанға жіберілген әскери міндеттілер, ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғаныстанға жіберілген автомобиль
2
батальондарының әскери қызметшілері, бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғаныстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу
құрамының әскери қызметшілері, Ауғаныстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
«4) 7 мамыр - 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ Семей ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
«5) 1 маусым «Балаларды қорғау күніне» орай мүмкіндігі шектеулі балаларға 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7 тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) 9 мамыр «Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне» орай - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
қайтыс болған Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің жесірлеріне – 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».
7 тармағының 2 тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«10) 1 қазан «Қарттар күні» мерекесіне – жалғызілікті тұратын зейнеткерлерге, біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
«11) 1 қазанда «Мүгедектер күні» мерекесіне – мұқтаж мүгедек балаларға, мүгедектерге, біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
9 тармағының 9-5 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
5.1 мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын адамдарға, өмірлік қиын жағдайларға ұшыраған аз қамтамасыз етілген отбасыларға бiржолғы 21,9 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
3
5.2 адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына жасына қарамастан ай сайын 21,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы М.Мамбетов
Аудандық мәслихат
хатшысы Б.Садыков
27 марта 2015 года 40-343-V
О внесении изменений и дополнений
в решение Сарыагашского районного
маслихата от 18 октября 2013 года
№ 21-173-V «Об утверждении Правил
оказания социальной помощи, установления
размеров и определения перечня
отдельных категорий нуждающихся граждан»
В соответствии с подпунктом 4) пункта 1 статьи 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» и Постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 «Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан», Сарыагашский районный маслихат РЕШИЛ:
1. Внести в решение Сарыагашского районного маслихата от 18 октября 2013 года №21-173-V«Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №2398, опубликовано 15 ноября 2013 года в газете «Сарыагаш») следующие изменения:
в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:
пункт 7 дополнить следующими подпунктами:
«3) 15 февраля (День вывода Советских войск из Афганистана)-военнообязанные, призывавшиеся на учебные сборы и направлявшиеся в Афганистан в период ведения боевых действий, военнослужащие автомобильных батальонов, направлявшиеся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий,военнослужащие летного состава, совершавшие вылеты на боевые задания в Афганистан с
2
территории бывшего Союза ССР, рабочие и служащие, обслуживавшие советский воинский контингент в Афганистане, получившие ранения,
контузии или увечья, либо награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий, единовременно в размере 5 кратного месячного расчетного показателя;»;
«4) 26 апреля (День памяти жертв аварии на Чернобыльской атомной электростанции)-лица, принимавшие участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшие непосредственно в Семипалатинских ядерных испытаниях и учениях, единовременно в размере 5 кратного месячного расчетного показателя;»;
«5) 1 июня (День защиты детей)- нуждающимся детям инвалидом,единовременно в размере 2 кратного месячного расчетного показателя;»;
подпункт 1) пункта 7 изложить в новой редакции:
«1) 9 мая «День Победы Великой Отечественной войны» - участники и инвалиды Великой Отечественной войны, единовременно в размере 100 кратного месячного расчетного показателя;
бывшие несовершеннолетние узники концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны,единовременно в размере 5 кратного месячного расчетного показателя;
лица, награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, а также лица, проработавшие (прослужившие) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, единовременно в размере 5 кратного месячного расчетного показателя;
женам умерших инвалидов Великой Отечественной войны в размере 5 кратного месячного расчетного показателя»;
подпункт 2) пункта 7 изложить в новой редакции:
«10) 1 октябрь (День пожилых людей)-одиноко проживающим пенсионерам единовремено в размере размере 2 кратного месячного расчетного показателя;
«11) 1 октябрь (День инвалидов)-нуждающимся инвалидам и детям инвалидам, единовремено в размере размере 2 кратного месячного расчетного показателя;
подпункт 5) пункта 9 изложить в новой редакции:
лицам, больным заразной формой туберкулеза, выписанным из специализированной противотуберкулезной медицинской организации, а также семьям, попавшим в трудную жизненную ситуацию, единовременно, в размере 21,9 месячных расчетных показателей;
3
семьям имеющим детей, в независимости от возраста заразившихся вирусом иммунодефицита человека ежемесячно в размере 21,9 кратного месячного расчетного показателя».
2.Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
Председатель сессии
районного маслихата М.Мамбетов
Секретарь районого
маслихата Б. Садыков
Достарыңызбен бөлісу: |