ЖОБА
Абай ауданының шалғайдағы
елді мекендерінде тұратын
балаларды жалпы білім беретін
мектептеріне тасымалдау
схемасы мен тәртібін бекіту
туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабының 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес Абай ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау схемасы мен тәртібі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі Т. Мүсәпірбеков
Абай ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «___» _________
№ __қаулысына 1 қосымша
Абай ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын
балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдаудың схемасы
№
|
Тура бағыт
|
Кері бағыт
|
1
|
«Бөрілі» ауылы, Қасқабұлақ ауылы «М.Әуезов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң
|
Қасқабұлақ ауылы «М.Әуезов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң, «Бөрілі» ауылы
|
2
|
«Бақанас» елді мекені, Көкбай ауылы «Көкбай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң
|
Көкбай ауылы «Көкбай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң, «Бақанас» елді мекені
|
3
|
Жидебай елді мекені, «Жидебай-Бөрлі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайының алдындағы алаң, Қарауыл ауылы, «Жалпы білім беретін Абай атындағы мектеп лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң
|
Қарауыл ауылы, «Жалпы білім беретін Абай атындағы мектеп лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң, Жидебай елді мекені, «Жидебай-Бөрлі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайының алдындағы алаң
|
Абай ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «___» _________
№____ қаулысына 2 қосымша
Абай ауданының шалғайдағы елді мекендерінде
тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне
тасымалдаудың тәртібі
1. Балаларды тасымалдау тәртібі
-
Балаларды тасымалдау жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау заңнамасының талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбір балаға отыратын жеке орын беріле отырып жүзеге асырылады.
-
Балаларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге тапсырыс беруші (бұдан әрі – тапсырыс беруші) балаларды арнайы тасымалдауды ұйымдастыруға жауапты заңды немесе жеке тұлғалар болуы мүмкін.
-
Тапсырыс беруші оларға ұқсас қызмет көрсету мүмкіндігі ұсынылған жағдайда тасымалдаушының функцияларын дербес орындауы мүмкін.
-
Тасымалдаушы тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен балалардың тасымалдаудың ұйымдастыру туралы шешімді ресімдейді, онда жүргізушінің, еріп жүрушілердің міндеттерін, жүру маршрутын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар регламенттелінеді.
-
Тасымалдау қауіпсіздігіне қатер төндіретін жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруі кезінде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтік құжаттарда көзделген жағдайда Тасымалдаушы рейсті алып тастауға және бұл туралы тасымалданатын балаларға дереу хабарлауға тиіс.
-
Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруі кезінде, басқа жағдайлар кезінде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергілердің көрінуі, бұл жағдайда жүргізуші кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетілген болуы тиіс.
-
Тасымалдаушы балаларды тасымалдайтын әрбір автобусқа өз қызметкерлерінің санынан алғашқы дәрігерлік көмек көрсету әдістері бойынша дайындықтан және балаларды автобуспен тасымалдау кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқамадан өткен жауапты еріп жүруші адамдарды белгілейді.
-
Нұсқаманы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адам жүргізеді.
-
Балаларды тасымалдау үшін мынандай жүргізушілерге рұқсат беріледі:
1)жасы жиырма бес жастан кем емес, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және жүргізушінің бес жылдан кем емес жұмыс өтілі бар;
2)автобустың жүргізушісі ретінде кемінде соңғы үш жыл үздіксіз жұмыс істегендер;
3) соңғы жылдары еңбек тәртібін және жол қозғалысы ережесін өрескел бұзбаған.
Балаларды тасымалдауға жіберген ұйымдағы жүргізушінің жұмыс өтілі үш жылдан кем болмауы тиіс.
Сыйымдылығы 41 орынды автобустармен балаларды тасымалдауға тағайындалған, сондай-ақ аудан аралық қатынастағы балаларды басқа да тасымалдаудағы жүргізушілердің автобустардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.
10.Балаларды тасымалдау кезінде автобустың жүргізушісіне мыналарға жол берілмейді:
1)сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;
2)жүру маршрутын өзгертуге;
3)балалар бар автобус салонында қол жүгімен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүкті, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
4)автобуста балалар болған кезінде, сонын ішінде балаларды отырғызу және түсіру кезінде автобус салонынан шығуға;
5)автомобиль легінде жүру кезінде алда жүрген автобусты басып озуға;
6)автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
7)егер ол көлік құралының өздігінен қозғалуын немесе оны жүргізуші жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлік құралын қалдыруға.
11.Еріп жүруші отырғызу (түсіру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есіктері толық жабылғаннан кейін жүргізушіге отырғызу (түсіру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етіледі.
12. Көлік құралы жақындаған кезде еріп жүрушілер балалардың оның алдынан шығуына және жүру бөлігінде болуына жол бермейді.
13. Еріп жүрушілер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртіпте (кіші балаларды – екі – екіден сапқа тұрғызып) жеткізеді. Отырғызу автобустың алдынғы есігі арқылы жүргізіледі.
14. Еріп жүрушілер автобусқа отырғызу және одан түсіру, автобус қозғалысы кезінде және аялдау уақытында балалар арасында тиісті тәртіпті қамтамасыз етеді.
15. Балаларды автобусқа отырғызу еріп жүрушілердің басшылығымен және жүргізушінің бақылауымен автобус толық тоқтағаннан кейін отырғызу алаңында жүргізіледі.
16.Сапар кезінде еріп жүрушілер балалардың:
1)салонда тұруына және жүруіне;
2)есіктер мен терезелерге жантаюына;
3)жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюына;
4)қол жүгін өту жолдарына және кіреберістегі (шыға берістегі) алаңдарда орналастыруына;
5)терезе ойықтарынан бастарын шығаруына;
6)терезеден қоқысты және қандай болса да өзге заттарды тастауға;
7)жазатайым жағдайдын алдын алуға бағытталған жолаушылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін ахуал туралы хабарламалардан басқа жүргізушіні көлік құралын басқарудан алаңдатуына;
8)жолаушылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмейтін жағдайларда авариялық жабдықтарды пайдалануына;
9)есіктерді ашуына;
10)төбелесуіне, итерісуне, қимыл ойындарын ойнауға жол берілмейді.
17.Тұрақтау (аялдау) кезінде балаларды автобустан шығару алдыңғы есігі арқылы жүзеге асырылады. Автобустан бірінші болып еріп жүруші шығады. Тұрақтау (аялдау) кезінде еріп жүруші автобустың алдыңғы бөлігінде тұруы және балалардың түсуін және содан кейін балалардың жолдың жүру бөлігіне жүгіріп шықпауын бақылау қажет.
18.Автобустан шыққанда әрбір бала жеке заттарын (қолдорбалары, пакеттер және т.с.) бір қолымен көтеріп, ал екінші қолымен баспалдақтардан түскенде тұтқадан ұстауы тиіс. Тепе - тендікті жоғалтпау және өзге жолаушыларды жарақаттандырмау үшін иықпен көтеріп жүретін рюкзактар мен сөмкелерді оқушылар иықтан шешіп, қолдарына алулары тиіс.
19. Түсірген кезде еріп жүрушілер балалардың:
1)есікке қарай қозғалғанда төбелесуіне, итерісуіне;
2)баспалдақтардан секіруіне;
3)көлік құралын жолдың жүргінші бөлігінен айналып өтуіне, оған шығуына;
4)жүргінші бөліктің манында қимыл ойындар ойнауға жол бермейді.
20.Түсіргеннен кейін еріп жүрушілер:
1)жеткізу орнына келген балаларды санап шығады;
2)ұйымдасқан түрде оларды түсіру орнынан және автобустардың тұрақтау алаңшаларынан еріп жүреді.
-
Қорытынды ережелер
21.Балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау бойынша осы тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |