Жоба «Қармақшы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы»



Дата23.02.2016
өлшемі37.17 Kb.
#8395
ЖОБА

«Қармақшы ауданында көшпелі

сауданы жүзеге асыру үшін

орындарды белгілеу туралы»

Қармақшы ауданы әкімдігінің

12 шілде 2013 жылғы №8

қаулысына өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қызылорда облысы әділет департаментінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №2-17/2036 ұсынысына сәйкес және «Қармақшы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің 12 шілде 2013 жылғы №8 қаулысын қабылдау барысында жіберілген техникалық сипаттағы қателіктерді жою мақсатында қаулыға төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) қаулының мемлекеттік тіліндегі мәтінінің 3 тармағы келесі жаңа редакцияда оқылсын:

«3. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.»;

2) қаулының мемлекеттік және орыс тіліндегі қосымшалары жаңа редакцияда қайта бекітілсін.

2. Осы қаулы ол алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.




Қармақшы ауданының

әкімі Н. Шамұратов

Қармақшы ауданы әкімдігінің

20___ жылғы «___» _________

№ ___қаулысына қосымша


Қармақшы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар


р/с

Елді мекеннің атауы

Орналасатын орны

1

Жосалы кенті

«Шымкент-Самара» трассасы мен Е.Көшербаев көшесінің қиылысында орналасқан аялдаманың оңтүстік жағы

2

Жосалы кенті

Өміров көшесінің бойындағы орналасқан бұрынғы «Бесаспап» базарының солтүстік-батыс жағы

3

Жосалы кенті

Е.Сексенбаев көшесінің бойында орналасқан әскери күзет мекемесіне қарама-қарсы алаң

4

Төретам кенті

Жаңқожа батыр көшесінің бойында орналасқан №4,6,8,10,12,14,16,18 үйлердің бастыс жағы

5

Ақай ауылдық округі

Ақай ауылы, Абай көшесінің бойындағы №9 ғимараттың бастыс жағы

6

Қармақшы ауылдық округі

Қармақшы ауылы, Жеңіс көшесінің бойында орналасқан №1,3,5 үйлердің батыс жағы

7

Жосалы ауылдық округі, Төребай би ауылы

Төребай би ауылы, П.Байшораұлы көшесінің бойында орналасқан №17,19 үйлердің оңтүстік жағы

8

Иіркөл ауылдық округі

Иіркөл ауылы, Е.Құрманбаев көшесі бойында орналасқан №13-18 үйлердің оңтүстік жағы

9

Жаңажол ауылдық округі, Дұр Оңғар ауылы

Дұр Оңғар ауылы, Дұр Оңғар көшесінің бойында орналасқан №25 үйдің шығыс жағы

10

ІІІ-интернационал ауылдық округі

ІІІ-интернационал ауылы, Астана көшесінің бойында орналасқан №2,5 үйлердің батыс жағы

11

Ақтөбе ауылдық округі

Ақтөбе ауылы, Самара-Шымкент трассасының Ақтөбе ауылына кіре берісіндегі жолдың солтүстік жағы

12

Ақжар ауылдық округі

Ақжар ауылы, Қ.Ізтелеуов көшесі бойында орналасқан №22,24 үйлердің солтүстік жағы

13

Дауылкөл ауылдық округі, Тұрмағамбет ауылы

Тұрмағамбет ауылы, Ешнияз Сал көшесінің бойында орналасқан №30 үйдің оңтүстік жағы

14

Алдашбай Ахун ауылдық округі

Алдашбай Ахун ауылы, О.Шораяқұлы мен Ә.Егізбаев көшелерінің қиылысының солтүстік-батыс жағы

15

Қуандария ауылдық округі

Қуандария ауылы, Ә.Төртбаев көшесінің бойында №5,7,9 үйлердің солтүстік жағы

16

Т.Көмекбаев ауылдық округі

Т.Көмекбаев ауылы, Ү.Аяпов көшесінің бойында орналасқан №21 үйдің оңтүстік жағы


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет