Жоба
Аудан әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттерді
орындау туралы» есебінің тезисі
Құрметті депутаттар! Құрметті әріптестер!
Үстіміздегі жылдың сегіз айында атқарылған жұмыстар туралы есеп беруге рұқсат етіңіздер!
2015 жылдың өткен мерзіміне экономика және әлеуметтік саланың алдын-ала қорытындысын жасай келе негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер 2014 жылдың деңгейінен жоғары екенін атап өту қажет.
-
БЮДЖЕТ
2015 жылға ауданның бекітілген бюджеті 4178,4 млн. теңгені құрады. Есеп беру мерзімі ішінде бюджет 3841,7 млн. теңгеге дейін азайтылды немесе бюджеттің қысқаруы 8,0 пайызды құрады. Оның ішінде: 2891,6 млн. теңгесі республикалық және облыстық бюджеттерден түскен жәрдем қаржылар және трансферттер, 896,2 млн. теңгесі өзіндік кірістер, 41,6 млн. теңгесі қарыздар бойынша (несиелер) түскен түсімдер.
2015 жылдың 1 қыркүйегіне Ұлан ауданының нақтыланған бюджеті 3841,7 млн. теңгені құрайды, оның 896,2 млн. теңгесі өзіндік кірістер, бұл жалпы түсімнің 23,3%-ын құрайды, трансферттер мен жәрдем қаржылар 2891,6 мың теңге және артық қалдықтар 2015 жылдың 1 қаңтарына 56,1 млн. теңге. Ағымдағы жылдың болжалды өзіндік кірісі 109,8% өсіммен жоспарланған.
1 қыркүйекке бюджеттің кіріс бөлігі 112,4 %-ға орындалды, оның ішінде өзіндік кіріс түсімінің болжамы 166,7%-ға орындалды. 470,7 млн. теңге болжаммен 851,9 млн. теңге түсті, немесе болжам 381,2 млн. теңгеге артық орындалды. Бюджеттің өзіндік кірісінің өсу қарқыны 2014 жылдың сәйкес келетін мерзімімен салыстырғанда 148,0% құрайды немесе 276,3 млн. теңгеге артығымен түсті, оның 220,8 млн. теңгесі мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүліктерді (пәтерлер) сатудан түскен.
-
ӨНЕРКӘСІП
2015 жылдың қаңтар-тамыз қорытындысы бойынша негізгі капиталға қаржы салу көлемі өткен жылдың сәйкес келетін мерзіміне бюджеттік қаржы салу көлемінің төмендеуі есебінен 8,4%-ға төменделіп 2580,4 млн. теңгені құрады. Қаржылық қамсыздандыру көзі (ҚҚК)-89,5%-ды құрады. Жеке қаржы салудың өсу қарқыны 151,8%-ды құрайды.
Тауар айналымының бөлшек сауда көлемі өткен жылмен салыстырғанда 7,0%-ға, қаржылық қамсыздандыру көзі (ҚҚК) – 104,2%-ға ұлғаюымен 3070,2 млн. теңгені құрады.
2015 жылдың 1 қыркүйегіне өткен жылдың сәйкес келетін мерзімінен саны 31,1%-ға артып, 173 кіші бизнес кәсіпорны тіркелген. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны 46,5%-ға көбейіп, 126 бірлікті құрады. Кіші бизнестің белсенді кәсіпорындарының саны өткен жылдың сәйкес келетін мерзімімен салыстырғанда 18,2% өсіммен 91 бірлікті құрады.
2015 жылдың 8 айында өнеркәсіп кәсіпорындары 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 10,6% өсіммен 11110,3 млн. теңгенің өнімдерін шығарды, қаржылық қамсыздандыру көзі (ҚҚК) 110,6%-ды құрады.
Өнеркәсіп өнімдерінің негізгі үлесін (90,4%) өңдеу өнеркәсібі құрайды. 2015 жылдың қаңтар-тамызына өндіріс көлемі 1,6% өсіммен 9882,5 млн. теңгені құрады. ҚҚК – 111,6%.
Кен өндіруші өнеркәсібінде 27,7млн. теңгенің өнімдері шығарылды, ҚҚК – 96,7%.
Аграрлық секторда 2015 жылдың қаңтар-тамызына ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 12403,5 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес келетін мерзімінің деңгейінен 3,5%-ға артты, ҚҚК – 107,6%.
2.1. ЖИИД бағдарламасы.
Жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамыту (ЖИИД) бағдарламасының аясында ауданда 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылды, оның ішінде:
- «Өскемен құс фабрикасы» АҚ кеңейту, жылына құны 3351,3 млн. теңгелік 20000 тоннаға дейін ет өндіру.
- құны 150,0 млн. теңгелік полиэтиленді құбыр өндіру бойынша зауыт «Өскемен полиэтиленді құбыр зауыты» ЖШС.
- құны 1779,0 млн. теңгелік «Айтас КК» ЖШС еттен жасалған тағамдар мен үй құсы етінен жасалған тағамдар өндіру бойынша зауыт құрылысын салу.
Саратовка ауылының маңайында 2014 жылы «Уылдырық пен Бестер гибриді тұқымының бекіре балығының етін өндіру» жобасын жүзеге асыруға кірісті, өтініш беруші «OstFish» ЖШС, директор тұлғасында Альчинбаев Рашид Галбилмаликович.
Жобаның мақсаты: балық өнімдерінің маңызды өндірісін жасау және оны Қазақстан нарығына және одан тыс жерлерге шығару.
Жүзеге асыру мерзімі 2014-2021 жылдар.
Жобаның жалпы құны 1623,4 млн. теңге, оның ішінде «КазАгроФинанс» АҚ қарызға алынатын қаражат 1379,844 млн. теңге және өзіндік қаражат 243,502 млн. теңге.
Жоба бойынша үш тұйық сумен жабдықтауды орнату (ТСЖО) модульін салу жоспарлануда, бір модуль етке өнімділігі жылына 45 тонна бекіре өсіру үшін, екі модуль өнімділігі 4 тонна бекіренің тағамдық уылдырығын өсіру үшін.
«КазАгроФинанс» АҚ жобасын жүзеге асыру үшін несие желісі ашылған, 2014 жылдың қазанында 308,0 млн. теңгеге құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге бірінші үлесті несие (транш) өткізілді. Өзіндік қаражаттан 40,0 млн. теңге игерілді, оның ішінде 26,0 млн. теңгесі жобалық-іздестіру жұмыстары және 14,0 млн. теңгесі жобаны ортақ қаржыландыру. Екінші үлесті несие (транш) 2015 жылдың маусым айында 330,0 млн. теңгеге өткізілді. Құрылыс мерзімі 2014 жылдың қыркүйегінен – 2015 жылдың қазанына дейін.
Құрал-жабдықтар бойынша «КАФ» АҚ келіссөз өткізілді, келісім-шарт жасау келесі аптаға жоспарланып отыр. Құрал – жабдықтар төлемдер жасалған соң үш ай мерзім ішінде әкелінеді.
Технологиялық құрал-жабдықтар SIA «AKVAFerma» (Латвия) компаниясынан жалға беру бойынша 424,2 млн. теңгеге алынады.
Техника (Арнайы машина автоцистерна тірі балық және тоңазытқыш машинаның бөлімі) «Меридиан авто» ЖШС (Қазақстан) жалға беру бойынша 10,6 млн. теңгеге алынады.
Құрылыс жұмыстарын «Есиль Энерго Сервис» ЖШС іске асырады, оған 60 адам жұмылдырылған.
Бүгінгі күнге барлық үш модуль, әкімшілік – тұрмыстық кешен (ӘТК), модульдік қазандық салынды. Коммуникацияның ішкі желілері (электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, жарықтандыру және ауа тазартқыш) жасалды.
Үш модульда және әкімшілік-тұрмыстық кешенде (ӘТК) ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Келесі аптадан бастап аумақтарын абаттандыру жұмыстарына кіріседі.
2015 жылдың 26 тамызында аймақтық үйлестіру кеңесінің қарауына сыртқы желілердің инфрақұрылымы бойынша тапсырыс жолданды. Тапсырыс аймақтық үйлестіру кеңесі (АҮК) тарапынан қолдау тапты.
Желілердің созылатын ұзындығы: сумен жабдықтау (2 жіпке) - 826,0 м; кәріз жүйесі – 250,0 м; электрмен жабдықтау ВЛ-10кВ – 1820 м.
Құрылыстың жалпы сметалық құны 2014-2015 жылдардың ағымдағы бағасымен - 41,755 млн. теңгені құрайды.
Өндірістік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасынан (ӨИИДБ) хат келді («Бестер» ЖШС «OstFish» «Бекіре будан тұқымды балық еті мен уылдырығын өндіру» жобасының өндірістік инфрақұрылымы қорытындысының үлгісінде, Бағдарламаның екінші бағыты бойынша мемлекеттік қолдау үлгісін қолдану мүмкіндігіне қолдау көрсету туралы №05/21, 2015 жылғы 27 тамыздағы Аймақтық үйлестіру кеңесі (АҮК) отырысының хаттамасынан үзінді көшірме), 2015 жылдың 1 қыркүйегінде ШҚО тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық басқармасына берілді.
«Өндіріс 2» бағдарламасы бойынша «Болашақ» ШҚ «Заманауи орамасымен, өндірістік толық кезеңмен жоғары сапалы ет өндіру бойынша сатылас-біріктірілген компания құру» жобасын іске асыруда.
Инвестициялық салым - 300 млн. теңге, оның ішінде өзіндік қаражат - 120 млн. теңге және тартылған қаражат - 180 млн. теңге («ДБ Сбербанк России» АҚ арқылы).
Жоспарлау қуаты: сиыр етін өндіру – жылына 200 тонна, жылқы еті – жылына 100 тонна, қой еті – жылына 40 тонна.
Құрал-жабдықтар Ресейден, Словакиядан және Қазақстаннан алынды. Ет өңдеу цехында ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаны іске асыру 2015 жылдың қыркүйегінің аяғына жоспарланған.
«Жол картасы бизнес 2020» бағдарламасы бойынша «Даму» қоры арқылы бүгінгі күні несиелік қоржын көлемі 437,0 млн. теңгелік, пайыздық мөлшерлемені қаражаттандыру бойынша 7 жоба іске асырылды, 1 жоба ішінара несиемен 25,0 млн. теңгеге кепілдендіру бойынша, 1 жоба инфрақұрылымды қорытындылау бойынша 1684,9 млн. теңге.
2015 жылдың маусымында «Айтас-Энерго» ЖШС-ның Қасым Қайсенов кентінде КЭО жаңғырту» (көлік -экспедиторлық орталық) жобасы (жабдықтарды жаңғырту/тазалау жабдықтарына күрделі жөндеу жүргізу) бойынша тапсырысы қолдау тапты. «БЦК» АҚ арқылы қаражаттандырудың пайыздық мөлшерлемесі (10%), жобаның жалпы құны 45,8 млн. теңге, қаржыландыру мерзімі 60 ай. 10,0 млн. тенгеге алғашқы үлесті несие (транш) алынды.
-
Мал шаруашылығы
Өзінің мамандануы мен өндіретін өндірісі бойынша ауданның ауыл шаруашылығы мал өсіруге бағытталған. Қазіргі уақытта ауданда 29 асыл тұқымды шаруашылық қызмет жасауда. Ірі қара шаруашылығында асыл тұқымды мал үлесі 5,1% құрайды, қой шаруашылығында 7,6%, жылқы шаруашылығында 7,6%, маралдар 100%. Жыл басынан бері асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 299,1 млн. теңге мөлшерінде көмек қаржы бөлінді.
Ауданда бүгінгі күні 17 ірі қараны жемдеу алаңдары бар. Осы кәсіпорындарда 524 тонна сиыр еті және 151,7 тонна шошқа еті өткізілді.
Ірі қара мал басы 57,3 мың басқа дейін өсті (өсім 7,1%-ға), оның ішінде сиырлар 21,6 мың басқа дейін (өсім 1,3%-ға), қой мен ешкі 114,6 мың бас(10,5%-ға), жылқы 22,5 мың басқа (12,1%-ға), шошқа 7,4 мың басқа дейін (27,9%-ға), құс 1662,4 мың басқа дейін (10,3%-ға) өсті.
23,3 мың тонна ет өндірілді. (өсім 9,9%-ға), сүт – 39,4 мың тонна (өсім 0,6%-ға), жұмыртқа – 14,9 млн. дана (өсім 7,3%-ға).
Ауданның мал шаруашылығын дамытудың басты мақсаты - сүт-тауарлы фермалары мен жемдеу алаңдарының құрылысын салу, қайта құру, асыл тұқым сапасын жақсарту және жасанды ұрықтандыру жолымен асыл тұқымды сиырлардың санын көбейту.
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша Бозанбай ауылдық округінде 600 бас алынса, «Құлан» Бағдарламасы бойынша 54 бас алынды. Берілген несиенің жалпы соммасы – 30,6 млн. теңге. «Құлан» бағдарламасы бойынша Айыртау ауылдық округінің «Дина» ш/қ – жалпы соммасы 20,176 млн. теңгеге - 76 бас бие, 3 құлын алды.
Республикалық бюджеттен мал шаруашылығының өнімділігі мен өнім сапасын көтеруге ауыл шаруашылығын өндірушілер барлығы 904,4 млн. теңге алды.
2.4 Сүт-тауарлы ферма құрылысын салу
«100 нақты қадам» ұлт Жоспарының 60-шы қадамы өздеріңіз білесіздер сү пен сүт тағамдарын өндіруге бағытталған. Осыған байланысты біздің ауданда ағымдағы жылы сүт-тауарлы ферма құрылысын салу жобасы іске асырылуда оның ішінде:
1) 100 басқа СТФ құрылысын салу, «Сагинкумаров» ШҚ , 117,1 млн. теңге –жоба 2015 жылдың 19 маусымында аяқталды, нысан іске қосылды, «ДеЛаваль» фирмасының жабдықтары сатып алынды, 100 құнажынның ішінде 60 төлдеді және сауылуда. 55 га суармалы жер пішендемеге көпжылдық шөп тұқымын себу үшін берілді. Сүт сауыны бір сиырға 12,5 литрды құрайды.
2) 100 басқа СТФ құрылысын салу, «Айтқазин» ШҚ, 110,0 млн. теңге – құрылыс аяқталды, іске қосу ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарланған. Жабдықтар орнатылды, 120 га суармалы жер бөлінді. Бүгінгі күні 100 сиыр сауылуда. Күнделікті сауылған сүт 2000 литрді құрайды.
3) 600 басқа СТФ құрылысын салу, «Багратион-2» ШҚ, 497,0 млн. теңге – сауын залының құрылысы аяқталуда, техника мен сүт сауу жабдықтарын жалға алып пайдалану туралы келісім шарты қолдау тапты. Іске қосу ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарлануда.Шаруашылықта 1128 га суарылмалы жер бар.
4) 200 басқа СТФ құрылысын салу, «Борсақ» ШҚ, 45,6 млн. теңге – құрылыс алаңын жоспарлау жұмыстары жүргізілді, 2 ұңғыма бұрғыланды, құрылыс материалдары әкелінді. Ағымдағы жылы қабырғасын тұрғызу және жабу жұмыстары жоспарлануда. Іске қосу 2016 жылдың қарашасына көзделген. 60 га суармалы жер бөлінді, 200 бас төлдейтін мал бар. «Ұзындығы 2 км, КТП-100 кВА 10/0,4 кВ-ге құрылғысы орнатылуымен ВЛ-10 кВ құрылысын салу» жобасы бойынша инфрақұрылым құрылысын салу үшін ЖСҚ (жобалық сметалық құжат) жасалды, «Борсақ» ШҚ құны 29,1 млн. теңгелік. Қаражат облыстық бюджеттен бөлінді.
5) 100 басқа СТФ құрылысын салу, «Тоғанас», 38,0 млн. теңге – құрылыс алаңын жоспарлау жүргізілді, құрылыс материалдарын дайындау жұмыстары жүргізілуде. 2016 жылдың қарашасына іске қосу көзделген. 100 га суарылмалы жер бөлінген. «Ұзындығы 1 км, КТП-100 кВА 10/0,4 кВ-ге құрылғысы орнатылуымен ВЛ-10 кВ құрылысын салу» жобасы бойынша инфрақұрылым құрылысын салу үшін ЖСҚ (жобалық сметалық құжат) жасалды, «Тоғанас» ШҚ құны 25,3 млн. теңгелік. Қаражат облыстық бюджеттен бөлінді.
6) 400 басқа СТФ құрылысын салу, «Қайрат» ШҚ, 119,5 млн. теңге – қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары аяқталды. Іске қосу 2015 жылдың қазанына жоспарланған. Сүр шөп алу үшін жүгері өсіруге пайдаланылатын 300 га қолдан суарылмаған жер бар.
2.5 Өсімдік шаруашылығы
Өткен жылға қарағанда егіндік алқап көлемі 2,8 % немесе 3500 га қысқартылып 121,7 га құрады (2014 жылы егіндік алқаптың жалпы көлемі – 125,2 га болған).
Дәнді және дәнді бұршақты дақылдардың егістік алқабы өткен жылғыдан 1,9% өсіммен 42,1 га құрады, зәйтүн – 26,6 га өткен жылғыдан 16,1% төмендеуімен, картоп – 1,2 га, өсім 15,6%, көкөніс – 0,31 га, өсім 17,4%, жемдеу дақылдары өткен жылғы деңгейде себілді.
Ағымдағы жылда картоп, көкөніс және жемдеу дақылдарын егетін алқаптарды ауылдық округтердегі пайдаланылмаған жерлер есебінен ұлғайту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды, сонымен қатар ауылшаруашылығы дақылдарын салатын алқаптарды әртараптандыруға ерекше көңіл бөлінді, егіс құрылымында дәнді дақылдардың үлес салмағы 34,5 %-ға жеткізілді, жемдеу дақылдары 41,8 %-ға дейін, күнбағыс егіс құрылымында 21,8 %-ға дейін жетті.
Мемлекет тарапынан ағымдағы жылы көмек қаржы төленді, оның ішінде:
Өнімділікті және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын көтеруге, көктемгі егіс және тазалық жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май материалдарының және басқа да тауарлы-материалдық құндылықтардың бағасын көтеруге,а/ш мәдениетін қорғалатын жерде күтіп-баптау шығындарына көмек қаржылар
|
219,6 млн. теңге
|
Сатып алынған (қолданылған) алғашқы көшет пен бірінші будан тұқымдарға көмек қаржы
|
3,1 млн. теңге
|
Жер суғаруға су беру бойынша қызмет құнын арзандатуға көмек қаржы
|
13,1 млн. теңге
|
Минералды тыңайтқыштардың құнын арзандатуға көмек қаржы
|
26,9 млн. теңге
|
Шөпжойғы, биоагент (энтомофаг) және биопрепарат химиялық қоспалары құнын арзандатуға көмек қаржы
|
25,5 млн. теңге
|
Барлық төленген қаржы:
|
288,2 млн. теңге
|
Шаруа қожалықтарының өзіндік қаражаты есебінен 151,6 млн. теңгеге 29 бірлік техникалар алынды. Через АО «Казагрофинанс» АҚ арқылы 40 бірлік техникалар бағасы 156,5 млн. теңгеге жалға алынды, сондай-ақ, 66,3 млн. теңгеге 10 бірлік техникалар алу жоспарлануда.
Ұлан ауданының ауыл шаруашылығын қалыптастыруға күзгі-жинау жұмыстарын жүргізуге 2015 тонна дизельдік жанар май бөлінді.
Ауданда 11128 га суармалы жер бар, оның ішінде 4860 га пайдаланыатын суармалы жер және 6240 га пайдаланылмаған суармалы жер.
Ауданда суғарудың су үнемдегіш жүйесі енгізілді – бұл жаңбырлату, оның ішінде «КХ Багратион ВВГ» ЖШС 20 «Фрегат» жаңбырлату қондырғысы қолданылады және «Екимбаева» ШҚ Канадада жасалған 3 «Валлей» жаңбырлату жүйелері және «Украинка» ЖШС 2 «Валлей» қолданылуда. Ағымдағғы жылда «Украинское» ЖШС суармалы алқабы 300 га ұлғайтылды.
Ауданда Таврия а/о «Бақбол» ШҚ, басшысы С. Карымбек 60 га және Төлеген Тохтаров а/о «Хан С.Е.» ШҚ басшысы С.Е. Хан 2 га жерге бірінші рет тамшылатып суаруды енгізді.
2.6 Құнсыздану.
Азық-түлік бағасын ұстап тұру мақсатында ауданның жергілікті атқарушы органдары мен кәсіпкерлер негізгі әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына 10% үстемелеп сатуды орнату туралы 151 меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, ауданда 1642,5 тонна жеміс-көкөніс және дәмді тағамды өнімдерге уақытша тұрақтандыру қоры құрылды. Ауылшаруашылық құрылымдарымен 22 меморандум жасалды.
Ауылшаруашылығы өнімдерін өткізу бойынша «Демалыс күн» жәрмеңкесі жаңа даму үстінде. Жыл басынан бері аудан орталығында 21,3 млн. теңгеге 37 «Демалыс күн» жәрмеңкесі өткізілді. Ұлан ауданы Өскемен, Астана қалаларындағы жәрмеңкелерге белсене қатысады.
Қасым Қайсенов кенті мен Айыртау ауылында жыл көлемінде Самат ШҚ, Береке Агро ЖШС, Хан ШҚ, Хамидова ШҚ ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдері нарық бағасынан төмен бағада сатылды.
2.7. Мал дәрігерлігі
Ағымдағы жылдың 8 айында 44229 бас ірі қаралардың қан сарсуы сарып ауруына зерттеліп, 594 бас малдан індет көзі болып табылатын ауру белгілері табылды, ауруға шалдыққан мал 1,3% құрады. 2014 жылы 36648 бас малға зерттеулер жүргізіліп, ауру белгілері 348 бас малдан табылған, ауруға шалдығу 0,9% құрады, яғни ауруға шалдығу 2015 жылы 0,4. %-ға немесе 246 басқа көбейді.
73128 бас ұсақ мүйізді ірі қара зерттеліп, 379 бас малдан ауру белгілері білінді, ауруға шалдығу 0,5% құрады, 2014 жылы 90738 бас мал зерттелген, ауру белгілері білінген 712 бас анықталып, зерттелгендердің 0,8% -ын құрады, яғни 2015 жылы 0,3%-ға немесе 333 басқа төмендеді.
Ірі қара малдардың арасында сарып ауруына шалдыққан малдың көбеюіне ерекше назар аудару қажет. Бозанбай а/о - «ШАЛКАР», «БАКЖАН», «АБАЙ» шаруа қожалықтарында 177 бас мал ауруға шалдыққан. Багратион а/о - 97 бас, оның 43 басы «Багратион-2» шаруа қожалығында болып отыр.
Малдар арасында сарып ауруының көбеюінің негізгі себебі малдарды бақылаусыз табыннан табынға, бір елді мекеннен екінші елді мекенге ауыстыру болып отыр. Табында (отарда) індет көзі болып табылатын сарып ауруының белгілері табылған төлдейтін малдан алынған төлі қалады.
Сарыпқа қарсы екпенің болмауына байланысты малдарда имундық орта жоқ, сарыпты қоздырғыштардың болуына байланысты індеттің тез арада және ауқымды таралуына себеп болады.
Ауданда ірі қара малға және ұсақ малға сарыпқа қарсы екпе жасау басталды, ШТ-82 және ШТ-19 екпесі аудан бойынша ағымдағы жылы 3178 бас ірі қара малға, РВ-51 екпесі -648 басқа – барлығы 3826 басқа екпе жасалды, «Багратион-2» ШҚ 1244 басқа, «Украинка» ШҚ -697 басқа, «ВК-Иртыш» ЖШС -213 басқа, «Асия » ЖШС - 210 басқа, «Кайрат» ЖШС - 694 бас малға екпе жасалды.
РВ-51 екпені егу жұмыстары жүргізілді.
«Бейсханов» ШҚ -146 бас ірі қараға, Айыртау а/о «Дина» ШҚ -73 бас ірі қараға, Бозанбай а/о «Бакжан» ШҚ-174 бас ірі қараға, «Абай» ШҚ -68 бас малға, «Шалкар» ШҚ -132 бас малға, Багратион ауылдық округінде «Алмаз» шаруа қожалығындағы ірі қараларға екпе жұмыстары жүргізілді.
17 өлген малдарды көму орнынан ауданда 8- күйдіргі ауру малдары көмілген орындар табылды, табылмаған көму орындарын іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Аудандық бюджеттен топалаң ауруынан өлген малды көму орындарына 504 мық теңге бөлінді. Қазіргі уақытта келісім шарт жасалды, 3 мемлекеттік акт топалаң малдарын орналастыру үшін алынды. Казгеодезбен келісім шарт жасау жұмыстары жүргізілуде.
Ауданда малдарды өсіру, қайта өңдеу және өткізу бойынша өндіріс нысандарына есеп нөмірін беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі, бүгінгі күні жаңадан ашылған 8 шаруа қожалықтарына есеп нөмірі берілді. Бөлім мемлекеттік малдәрігерлік бақылау мен малдәрігерлік қадағалау ережелеріне нысандардық сәйкес келетіндігі туралы малдәрігерлік-санитарлық қорытынды беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. 10 мал сою алаңдарының қызмет мерзімдері ұзартылды.
3. ҚҰРЫЛЫС
Құрылыс жұмыстарының көлемі ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларына 22,7% азайтылып, 2135,0 млн. теңгені құрады. ҚҚК (қаржылық қамсыздандыру көзі) -76,3%.
2015 жылдың 1 қыркүйегіне өткен жылдың сәйкес мерзімінің деңгейінен 16,3% өсіммен 3206 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді.
2014 жылы Ұлан ауданында жалпы соммасы – 238,0 млн. теңгеге екі отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды. Құрылысқа тапсырыс беруші Шығыс Қазақстан облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс басқармасы болып табылады. Привольное ауылындағы ауылдық дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.
2015 жылдың 21 тамызында Тарғын ауылында ауылдық дәрігерлік амбулатория құрылысын салу бойынша жұмыс комиссиясы өткізілді. Жұмыс комиссиясының қорытындысына қол қойылуда.
«Тұрғын үй жинақ банкі»» АҚ тарапынан Қасым Қайсенов кентінде 95 пәтерлік тұрғын үй құрылысы аяқталып қолданысқа берілді.
Таврия ауылында 320 орындық мектеп құрылысын салу басталды. Бас жабдықтаушы: «Фирма Азия» ЖШС. Құрылыстың жалпы құны: 902 548,0 мың теңге. 2015 жылы 400 000,0 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күні 322 329,0 мың теңгесі игерілді. Аяқталу мерзімі 2016 жылдың тамызы.
Келесі нысандардың құрылысы басталды:
- Қасым Қайсенов кентінде 100 пәтерлік тұрғын үй құрылысы. Бас жабдықтаушы: «Малик» ЖШС. Құрылыстың жалпы сметалық құны: 692 617,0 мың теңге. 2015 жылы 538 194,0 мың теңге бөлінді, 369 413,946 мың теңгесі игерілді. Аяқталу мерзімі 2016 жылдың наурызы.
- Қасым Қайсенов кентінде 100 пәтерлік тұрғын үй құрылысы. Бас жабдықтаушы: «Малик» ЖШС. Құрылыстың жалпы сметалық құны: 290 061 мың теңге. 2015 жылы 243 094,8 мың теңге бөлінді, 126 770,834 мың теңгесі игерілді. Аяқталу мерзімі 2016 жылдың қаңтары.
- Қасым Қайсенов кентіндегі 40 пәтерлік тұрғын үйдің сыртқы инженерлік жүйелері және абаттандыру. Бас жабдықтаушы: «Стройэффект» ЖШС. Құрылыстың жалпы сметалық құны: 25 334,0 мың теңге. 2015 жылғы Ұлттық қордан 22 149,0 мың теңге бөлінді, 9 993,081 мың теңгесі игерілді. Нысанды қолданысқа беру мерзімі 2016 жылдың қаңтары.
Қасым Қайсенов кентіндегі 100 пәтерлік тұрғын үйдің сыртқы инженерлік жүйелері және абаттандыру. Бас жабдықтаушы: «Казэлектроинжиниринг» ЖШС. Құрылыстың жалпы сметалық құны: 208 918,0 мың теңге. 2015 жылғы Ұлттық қордан 185 038,0 мың теңге бөлінді, 61 995,860 мың теңгесі игерілді. Нысанды қолданысқа беру мерзімі 2016 жылдың наурызы.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі 2015 жылға 4077,212 млн. теңгенң құрайды, оның ішінде бүгінгі күні 2135,0 млн. теңгесі орындалды.
Тұрғын үйді жоспарлау көлемі 2015 жылға 4500,0 шаршы метрді құрайды, оның ішінде бүгінгі күні 3206,0 шаршы метрі орындалды.
3.1 Жобалық-сметалық құжаттар
Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттардың мемлекеттік сараптамасы жасалып 14 нысан бойынша оң қорытындысы жалпы соммасы 4 048,7 млн. теңгеге алынды:
1. Герасимовка ауылында 140 орындық балабақша құрылысын салу.
2. Қасым Қайсенов кентіндегі «Айжұлдыз» балабақшасын қайта құру.
3. Асубұлақ ауылында 150 орындық ауылдық клуб құрылысын салу.
4. Саратовка ауылында 150 орындық клуб құрылысын салу.
5. Тройницкое ауылындағы орта мектеп шатырын қайта қалпына келтіру.
6. Қасым Қайсенов кентіндегі №5 әкімшілік ғимаратының шатырын қайта қалпына келтіру.
7. Мамай батыр ауылындағы су тарту жүйелерін қайта қалпына келтіру.
8. Бозанбай ауылындағы су тарту жүйелерін қайта қалпына келтіру.
9. Қ.Қайсенов кентінде сумен қамту жүйелерінің құрылысын салу (І-кезекте).
10. Қ. Қайсенов кентінде электр қуатымен қамту жүйелерінің құрылысын салу (І-кезекте).
11. Қ. Қайсенов кентіндегі орталық қазандықтың орнатылған жүйелері мен жылумен қамту жүйелерін қайта қалпына келтіру
12. Ново-Азовое ауылында «Құлынды» ШҚ үшін ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу ғимаратын қуаты 500 кВт сыртқы электр қуатымен қамту.
13. Ұлан ауылындағы «Тоғанас» ШҚ 100 сиырдан сүт өндіру бойынша ірі қара мал фермасын электр қуатымен қамту.
14. Борсақ ауылындағы «Борсақ» ШҚ 100 сиырдан сүт өндіру бойынша ірі қара мал фермасын электр қуатымен қамту.
Достарыңызбен бөлісу: |