Жоба Бесінші шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының шешімі 2013 жыл 23 тамыз №14/138



Дата23.02.2016
өлшемі25.17 Kb.
#10365

Жоба

Бесінші шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының

ШЕШІМІ

2013 жыл 23 тамыз №14/138


Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы

20 желтоқсандағы № 8/89

«2013-2015 жылдарға арналған

қалалық бюджет туралы» шешіміне

өзгерістер мен толықтыру енгізу

туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 109 бабы 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына және облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 16 тамыздағы № 12/172 «Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/77 «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылы 26 тамызда №2288 болып тіркелген) сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:



  1. Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 8/89 «2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 29 желтоқсанда № 2186 болып тіркелген, 2013 жылғы 1 қаңтардағы № 1-2 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет 1 қосымшаға сәйкес, соның ішінде 2013 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

  1. кірістер – 17 023 007,8 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 10 401 294,8 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 553 221 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 629 074 мың теңге;

трансферттер түсімі – 5 439 418 мың теңге;



  1. шығындар – 17 712 272,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 6 147 500 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 6 147 500 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 6 836 764,8 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 6 836 764,8 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі – 6 147 500 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 689 264,8 мың теңге.

Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 тармақтағы:

2 абзацтағы «12,9» саны «15,0» санымен ауыстырылсын;

3 абзацтағы «13,0» саны «15,0» санымен ауыстырылсын;

келесі мазмұндағы 5 абзацпен толықтырылсын:

«Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 100 пайыз»;

4 қосымшада:

07.467.073 бюджеттік бағдарламасы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді салу және (немесе) реконструкциялау».

2. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.



Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы

Бүркітбаев А. М. Молдағұлов
«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

______________А. Ким

2013 жыл « 23 » тамыз





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет