Жоба ШЕШІМІ 2013 жыл 23 тамыз №14/138
Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы
20 желтоқсандағы № 8/89
«2013-2015 жылдарға арналған
қалалық бюджет туралы» шешіміне
өзгерістер мен толықтыру енгізу
туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 109 бабы 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына және облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 16 тамыздағы № 12/172 «Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/77 «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылы 26 тамызда №2288 болып тіркелген) сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
-
Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 8/89 «2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 29 желтоқсанда № 2186 болып тіркелген, 2013 жылғы 1 қаңтардағы № 1-2 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет 1 қосымшаға сәйкес, соның ішінде 2013 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
-
кірістер – 17 023 007,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 10 401 294,8 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 553 221 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 629 074 мың теңге;
трансферттер түсімі – 5 439 418 мың теңге;
-
шығындар – 17 712 272,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 6 147 500 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 6 147 500 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 6 836 764,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 6 836 764,8 мың теңге, соның ішінде:
қарыздар түсімі – 6 147 500 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 689 264,8 мың теңге.
Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 тармақтағы:
2 абзацтағы «12,9» саны «15,0» санымен ауыстырылсын;
3 абзацтағы «13,0» саны «15,0» санымен ауыстырылсын;
келесі мазмұндағы 5 абзацпен толықтырылсын:
«Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 100 пайыз»;
4 қосымшада:
07.467.073 бюджеттік бағдарламасы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді салу және (немесе) реконструкциялау».
2. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы
Бүркітбаев А. М. Молдағұлов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________А. Ким
2013 жыл « 23 » тамыз
Достарыңызбен бөлісу: |