Жоба
Әйтеке би аудандық мәслихатының ШЕШІМІ және аудан әкімдігінің ҚАУЛЫСЫ
Комсомол ауыл округіне қарасты жер
телімін өндірістік нысандар салу реінде
пайдалану үшін елді мекеннің шегін
өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2003жылғы 20 маусымдағы «Жер Кодексінің» 108бабының 5тармағына,Қазақстан Республикасының 2001жылғы 16шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет,қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»Заңының 23-1бабының 1тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының тармағына сәйкес Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Комсомол ауыл округі аумағынан жалпы көлемі 14 гектар жер телімі алынып, Комсомол аулының шегіне енгізілсін.
Жалпы көлемі 14 гектар жер телімі қосылып, Комсомол елді мекенінің шегі өзгертіліп, елді мекенді дамыту және салу схемасы (оңайлатылған бас жоспары) бекітілсін.
Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.
Аудан әкімі: А. Бердалин
Сессия төрағасы: С. Кішкенебаев
Әйтеке би аудандық мәслихатының ШЕШІМІ және аудан әкімдігінің
ҚАУЛЫСЫ
Комсомол селосы № Жоба
Комсомол ауыл округіне қарасты жер
телімін өндірістік нысандар салу ретінде
пайдалану үшін елді мекеннің шегін
өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2003жылғы 20 маусымдағы «Жер Кодексінің» 108 бабының 5тармағына, Қазақстан Республикасының 2001жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 23-1 бабының 1 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының тармағына сәйкес Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ, аудан әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Комсомол ауыл округі аумағынан жалпы көлемі 14 гектар жер телімі алынып, Комсомол аулының шегіне енгізілсін.
2. Жалпы көлемі 14 гектар жер телімі қосылып, Комсомол елді мекенінің шегі өзгертіліп, елді мекенді дамыту және салу схемасы (оңайлатылған бас жоспары) бекітілсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.
Аудан әкімі: А. Бердалин
Сессия төрағасы: С. Кішкенебаев
Аудандық мәсдлихат хатшысы: А. Ермағамбет
ЖОБА
2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытуға мемлекеттік білім беру
тапсырысын, жан басына шаққандағы
қаржыландыру мен ата-ананың ақы
төлеу мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2015 жылға Әйтеке би ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мектепкі дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Бөлековаға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: А. Бердалин
Әйтеке би ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «____»____________
№_______ қаулысына
1- қосымша
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысы
№
|
Тұрғылықты жердің атауы
|
Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі
ұйымдарға орналастырылатын
балалар саны (адам)
|
1
|
Әйтеке би ауданы
|
693
|
|
Барлығы
|
693
|
Әйтеке би ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «___»__________
№_________ қаулысына
2 қосымша
Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны
Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны(теңге)
|
Мектепке дейінгі ұйымдар
|
|
Балабақшалар (бөбек балабақша, орталықтар)
|
|
Сұйық отынмен жылытатын нысандар
|
Қатты отынмен жылытатын нысандар
|
Газбен және орталықтандырылған жылу жүйесімен жылытатын нысандар
|
|
1-ден 3-ке дейін топтар
|
4-тен5-ке дейін топтар
|
6-ден7-ге дейін топтар
|
8-ден9-ға дейін топтар
|
10-нан және одан артық топтар
|
1-ден 3-ке дейін топтар
|
4-тен5-ке дейін топтар
|
6-ден7-ге дейін топтар
|
8-ден9-ға дейін топтар
|
10-нан және одан артық топтар
|
1-ден 3-ке дейін топтар
|
4-тен5-ке дейін топтар
|
6-ден7-ге дейін топтар
|
8-ден9-ға дейін топтар
|
10-нан және одан артық топтар
|
Ауылдық жерде
|
|
36734
|
|
|
|
|
30654
|
14321
|
|
|
|
30620
|
|
|
|
|
Қалалық жерде
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Әйтеке би ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «___»__________
№_________ қаулысына
3 қосымша
1 тәрбиеленушіге күніне ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Мектепке дейiнгi ұйымда баланы ұстау ақысының мөлшері
(теңге)
|
Мектепке дейінгі ұйымдар
|
Балабақша (бөбек- балабақшалар, орталықтар)
|
Балалар толық күн болатын мектепке дейінгі шағын орталықтар
|
ұйымдарда болу ұзақтығымен
|
9-10,5 сағат
|
12 сағат
|
250
|
0
|
0
|
ЖОБА
Әйтеке би ауданының
ауылдық елді мекендерге 2015 жылы
жұмыс істеу және тұру үшін келген
денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,
спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» қаулысына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әйтеке би ауданының ауылдық елді мекендеріне 2015 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына келесідей әлеуметтік қолдау шаралары айқындалсын:
1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау-бір бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит берілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
Т.Әбдіжәлелов А. Ермағамбет
ЖОБА
«Мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарына өмірлік қиын жағдай
туындаған кезде көрсететін әлеуметтік
көмектің шекті мөлшерін бекіту туралы»
2014 жылғы 8 тамыздағы № 174
аудандық мәслихатының шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2014 жылғы 8 тамыздағы № 174 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсететін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4006 тіркелген, 2014 жылы 4 қыркүйектегі «Жаңалық жаршысы» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. 2 тармағының 2 тармақшасындағы «аудандық білім бөлімі» деген сөздер ««Әйтеке би аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәсдихаттың сессия төрағасы хатшысы
Т.Әбдіжәлелов А.Ермағамбет
ЖОБА
Әйтеке би ауданының шалғайдағы елдi
мекендерінде тұратын балаларды
жалпы бiлiм беретiн мектептерге
тасымалдаудың схемасы мен
Тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлiгi туралы» Заңының 14 бабына сәйкес, Әйтеке би ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әйтеке би ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен Тәртібі осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Бөлековаға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А.Бердалин
Аудан әкімдігінің 2015 жылғы
«__» _______________ №___
қаулысына 2 қосымша
Әйтеке би ауданының шалғай елдi мекендерінде тұратын балаларды
жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың Тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Әйтеке би ауданының шалғай елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың осы Тәртібі (бұдан әрі – Тәртібі) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлiгi туралы» Заңының 14-бабына сәйкес әзірленген.
2. Тасымалдаушыға және автокөлiк құралдарына тасымалдау кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бөлігiнде қойылатын талаптар
2. Балаларды тасымалдау арнайы автобустармен жүргiзiледi.
3. Балаларды тасымалдау мынадай жағдайда ұйымдастырылады, егер:
aвтомобиль жолдарының өткiзу қабiлетi автобустардың тұрақты қозғалысын жүзеге асыруға мүмкiндiк берсе;
автомобиль жолдарының жай-күйi және олардың жайластырылуы жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес болған жағдайда.
4. Балаларды тасымалдауға мынадай тасымалдаушылар жiберiледi:
1) автомобиль көлiгi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бiлiктiлiгi және кәсiби жарамдылығын растайтын құжаты болғанда;
2) тасымал қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге құқықтық нормативтiк актiлер талаптарына сай келетiн және тиiстi тасымалдау түрiне жарамды көлiк құралдары бар.
5. Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:
1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;
2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;
3) соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекiтiлген жол қозғалысының ережесiн өрескел бұзбаған.
6. Автобустарда жүк бөлiмiнен тыс жерлерде жүк тасымалдауға жол берілмейді.
7. Автокөлiк құралдарын пайдалану тасымалдаушының мiндеттi азаматтық-құқықтық сақтандыру шарттарындағы жауапкершiлiктi орындаған жағдайда жүргiзiледi. Сондай-ақ мiндеттi сақтандыруға тасымалдаушының жолаушылар алдында жол жүру және жүк тасуға арналған автокөлiктi пайдалану барысында, олардың өмiрiне, денсаулығына, мүлiктерiне залал келтiрмеу жөнiндегi азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi жатады.
8. Балаларды тасымалдау осы Тәртіптің талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбір балаға отыратын жеке орын беріле отырып жүзеге асырылады.
9. Балалардың ұйымдастырылған топтарын жаппай тасымалдауды және балаларды ұйымдастырылған топтарын алыс қашықтықтарға тасымалдауды балаларға оқытушылардың немесе арнайы тағайындалған ересек адамдардың (бiр ересек адам 15-тен артық емес балаға) еріп барған жағдайда ғана тасымалдаушымен орындалады.
10. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдауды қамтамасыз ететiн тасымалдаушы жүргізушілердің еңбек және демалысын ұйымдастыру қағидасының талаптарына сәйкес, сондай-ақ тахографтарды және мынадай жағдайларды ескере отырып:
ұзақтығы 12 сағатқа дейiн маршруттар бойынша бiр жүргiзушiмен, 12 сағаттан астам екi жүргiзушiмен;
ұзақтығы 16 сағаттан артық маршруттар бойынша жүргiзушiлердiң және жолаушылардың кем дегенде 8 сағат толыққанды демалу үшiн (қонақ үйлерде, кемпингiлерде және т.б.) жағдайларды қамтамасыз етудi ескере отырып ұйымдастырады.
11. Балаларды автомобиль көлiгiмен тасымалдау (экскурсиялық және туристiктен басқа) жолда 4 сағаттан артық болған кезiнде және балаларды жеткiзудi басқа көліктермен ұйымдастыру мүмкiн болмаған жағдайда жүзеге асырылады.
12. Тапсырыс берушiнiң талабы бойынша қала маңындағы аймаққа немесе қалааралық қатынаста балалардың бiр жолғы тасымалдауын жүзеге асыратын тасымалдаушы техникалық жай-күйiн кезектен тыс тексеру үшiн жол полициясы бөлiмшелерiне автобусты жол жүру қарсаңында көрсетедi.
3. Автокөлiк құралдарына қойылатын талаптар
13. Балаларды тасымалдауға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық байқаудан өткен көлiк құралдары жiберiледi. Бұл ретте автобустардың конструкциясы мен техникалық жағдайы тиiстi стандарттардың
талаптарына сай болуы қажет.
Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiктерiнiң болуы және мыналармен жабдықталуы тиіс:
1) автобустың алдында және артында орнатылуы тиiс «Балаларды тасымалдау» деген төрт бұрыш айыратын белгiмен;
2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;
3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);
4) екi алғашқы көмек дәрi қобдишаларымен (автомобильдi);
5) екi жылжуға қарсы тiректермен;
6) авариялық тоқтау белгiсiмен;
7) колоннада жол жүргенде – автобустың алдыңғы терезесiнде қозғалыс бағытымен оң жағында орнатылатын, автобустың колоннадағы орны көрсетiлген ақпараттық тақтайшамен;
8) санитариялық паспортымен.
14. Балаларды тасымалдауға пайдаланатын автобустарда мыналар болуы қажет:
ешқандай кедергiсiз ашылып, жабылатын жолаушылар салонының есiктерi мен авариялық люктер. Есiктерде өткiр немесе олардың бетiнен алыс тұрған шығыңқы жерлер болмауы тиiс;
жабық жай-күйде жүргiзушiнiң кабинасы мен жолаушы салонына атмосфералық жауын-шашынның түсуiн толық болдырмайтын төбе, авариялық люктер және терезелер;
берiк бекiтiлген тұтқалар және отырғыштар;
жолаушыларға арналған креслолардың отырғыштары мен арқалықтарының таза және жыртықсыз тыстары;
тегiс, шығыңқы жерлерi немесе бекiтiлмеген бөлшектерi жоқ баспалдақтары мен салонның еденi.
салон еденiнiң жамылғысы жыртықсыз бүтін материалдан жасалуы тиiс;
шаңнан, кiрден, бояудан және олар арқылы көрудi төмендететiн өзге де заттардан тазартылған терезелердiң мөлдiр шынылары. Терезе ойығы ақпараттық немесе жарнамалық материалдармен 30 %-дан артық жабуға жол берілмейді;
жылдың суық мезгiлiнде жылытылатын және ыстық мезгiлiнде желдетiлетiн, құрал-сайман және қосалқы бөлшектер үйіліп тасталмаған жолаушылар салоны.
15. Автобустар мен шағын автобустардың салондарын ылғалды жинау жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау кезiнде пайдаланылатын ауысымда кемiнде бiр рет және ластану шамасы бойынша жүргiзiледi.
16. Кузовты сыртқы жуу ауысым аяқталғаннан кейiн жүргізіледі.
17. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың алдында және артында «Балаларды тасымалдау» деген айырым белгiлерi мен сары түстi
жарқылдауық шамдар орнатылады.
Жазу шрифті биiктiгi кемiнде 120 миллиметр қара түспен ресімделеді және тiк төртбұрышты қоршамаға салынады.
4. Балаларды тасымалдау тәртiбi
18. Балаларды тасымалдау техникалық жағдайы автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының талаптарына жауап беретін, кемiнде екi есiгi бар автобустармен жүзеге асырылады.
19. Оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органдармен және оқу орындарының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсiрудiң ұтымды орындарын белгiлейдi.
20. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс. Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнен бөлек орналасуы тиiс.
21. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға тапсырыс беруші балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде (айына кемінде бір рет) тексереді.
22. Егер балаларды тасымалдау тәуліктің қараңғы мезгілінде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиіс.
23. Күзгі-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кірден тазартылуы тиіс.
24. Балалардың топтарын 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейін автобустармен тасымалдау, сондай-ақ көрінім жеткіліксіз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр және басқалар) жол берілмейді. Тәулiктiң 22.00 сағатынан бастап 06.00 сағатына дейiн темiржол вокзалдарына және әуежайларға және олардан, сондай-ақ жақын арадағы демалыс орнына (қонатын жерге) дейiн жолда кiдiрiп қалған кезде балаларды тасымалдауға рұқсат етiледi.
Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушiге дереу хабарлайды.
25. Автобустардың қозғалыс кестесiн тасымалдаушы мен тапсырыс берушi келiседi.
Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң пайда болуы, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiледі. Тасымалдаушы кестенiң өзгеруi туралы ол балаларды дер кезiнде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайтын тапсырыс берушіні хабарландырады.
26. Балаларды жаппай тасымалдауға және алыс жерлерге балаларды тасымалдауға дайындық кезiнде тасымалдаушы тапсырыс берушiмен бiрлесiп балалардың жиналу пунктiнде және келу пунктiнде автобустардың аялдауы үшiн алаңшалардың болуын, отырғызу алаңшаларының болуын тексередi. Отырғызу және түсiру орындары автобус тұрағынан кемiнде 30 метр қашықтықта орналасуы тиiс.
27. Тапсырыс берушi балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа балалармен оларды жеткiзу орнына дейiн алып жүретiн, тапсырыс берушi-ұйым қызметкерлерiнiң немесе ата-аналарының iшiнен жауаптыларды белгiлейдi (мектепке, өзге бiлiм беру ұйымдарына балаларды тұрақты тасымалдауды жүзеге асырған кезде жауапты ретiнде ерiп жүрушiлер үшiн арнайы нұсқама алған жоғары сынып оқушыларын (16 жас және одан жоғары) белгiлеуге жол берiледi).
28. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне мыналарға жол берілмейді:
1) сағатына 60 километр артық жылдамдықпен жүруге;
2) жүру маршрутын өзгертуге;
3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген автобусты басып озуға;
6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.
ЖОБА
Достарыңызбен бөлісу: |