Жоба қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде



Дата07.07.2016
өлшемі10.69 Kb.
#182847
ЖОБА

Қылмыстық – атқару инспекциясы

пробация қызметінің есебінде

тұрған адамдар үшін, сондай-ақ

бас бостандығынан айыру орындарынан

босатылған адамдар және интернаттық

ұйымдарды бітіруші кәмелетке

толмағандар үшін жұмыс орындарына

квота белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде квота белгіленсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Сәдірмекке жүктелсін.



3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі С.Сапарбаев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет