Жоба көкпекті ауданын көріктендіру ережесі



Дата03.07.2016
өлшемі152.99 Kb.
#173871
Көкпекті ауданын көріктендіру ережесінің жобасы

ЖОБА
Көкпекті ауданын көріктендіру

ЕРЕЖЕСІ


  1. Жалпы ереже

1.Осы Көкпекті ауданының көріктендіру ережесі (одан әрі ереже) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік заңбұзушылықтар туралы» Кодесіне, Қазақстан Республикасының Жер кодесіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы туралы» Заңының 22 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес әзірленген.



Ереже көріктендіру саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қатынасын, Көкпекті ауданындағы инфрақұрылым объектілерін ұстауды және қорғауды реттейді. Көкпекті ауданын көріктендіру бойынша үйлестіру және ұйымдастыру қызметін аудандық әкімдіктің лауазымдық тұлғалары, басқарманың уәкілетті органдары, мекеме және кәсіпорын басшысы, балансқұраушы, жер телімдерін иеленушілер және жалға алушылар жүзеге асырады.

  1. Осы ереженің мақсаты - көріктендіру тәртібін анықтау, жер өндірісі жұмыстарының санитарлық тазалығы, аудан аймағындағы адам тірішілік әрекетінің жайлылығын қамтамасыз ету болып табылады.

  2. Тұрақты тазалықты және тәртіпті сақтау мақсатында кәсіпорын, мекеме, қоғамдық ұйымдар ұжымы, тұрғындардың бөліп берілген және бекітіліп берілген аумақтарды жинау және ағаштарды күтуге міндетті түрде қатысулары қажет деп есептеу.

  3. Меншік түріне тәуелсіз кәсіпорын, жеке меншік үй иелері шекараларында, бөлініп берілген және бекітіліп берілген аймақтарында сәулет және санитарлық нормаларға сәйкес өз есептерінен:

  1. тұрғын-үй, мәдени-тұрмыстық, әкімшілік, өндірістік және сауда ғимараттары, стадиондар және оларға ірлегес аумағымен объектілер;

  2. көшелер, алаңдар, аула аумағы, жаяусоқпақтар және жалпы сауық-сайран орындары, базарлар, іргелес аумағымен зираттар;

  3. қоршау, қақпа, көгал алаңы жарнаманың барлық түрі және жарнаманы орнату, ғимарат және ескерткіштерге сәндік жарықты орнату, көшені жарықтандыру шамдары, маңдайша жазу, витриналар, тірек бағаналары, көше атауының көрсеткіштері, үй нөмірінің белгілері, бақ-саябақ орындықтары, қоқыс сауыттары;

  4. жол өтпе, су құбыры, трансформаторлы қондырғылар, көше және алаңдардың жол жамылғысы, көше қозғалысын реттеуші белгілер, гидротехникалық, инженерлік-техникалық және санитарлық имараттар;

  5. белгіленген және бөлініп берілген аула аумақтарын үнемі көріктендіру, жөндеу, жинау, сыпыру, суару, жуу, қар және қоқысты шығарып, құм сеуіп, суағар және дренаждарды тазалау, қоқысты және ағаш жапырақтарын жағуды болдырмау;

  6. жасыл көшеттерді заңмен қатаң қорғалатын және қол сұғылмайтын қор құрамындағы ведомствалық құралдардан тәуелсіз күтіп сақтау;

  7. толық агротехникалық шаралар кешенін: суғару, кесу, діңгектерді ақтау, тамыр жанындағы бұталарды жұлу, көгалдарға тыңайтқыштар салуды өткізу;

  8. өз күштерімен зияды және карантиндік арамшөртерді (арам шырмауық,сора, және т.б) жою бойынша жүйелі жұмыс жүргізу;

  9. аудан аумағын көріктендіру бойынша жыл сайын мамыр-маусым айларында айлықтар өткізу;

  10. жер асты коммуникациясы иелері өндірістік жөндеу жұмыстарынан кейін бұзылған көріктендіруді өз уақытында қалпына келтіруді жүргізсін;



2. Ережеде қолданылатын негізігі

түсініктер және анықтамалар


  1. Көріктендіру – аумақтардың тиісінше санитарлық жағдайын ұстау, жарықтандыру, көгалдандыру, сыртқы жарнама, сыртқы келбетті құру бойынша жұмыстарды енгізетін тұрғындардың бос уақыты мен салауатты және мәдени өміріне қолайлы жағдай туғызуға бағытталған жұмыстар мен іс-шаралар кешені.

  2. Инфрақұрылым –адамдардың өмірі және қызметі үшін жақсы жағдай жасаушы, аудан аумағында орналасқан коммуникация және инженерлік, коммуналдық қамту желілерінің әртүрлі мақсаттағы объектілер жиынтығы.

  3. Инженерлік желілер және имараттар – инженерлік көріктендірудің маңызды элементі, тұрғындарды және кәсіпорынды сумен, электрэнергиясымен қамтамасыз етуге, сонымен қатар ауданның елді мекендерінің аумағынан таяз суларды бұруға, жинауға арналған.

  4. Егілген жасыл ағаштар – ауданның елді мекендерінің санитарлық-гигиеналық және экологиялық жағдайды қамтамасыз ететін, көріктендіру және сәулет-ландшафтылы (көгал, гүлзарлар, ағаштар, бұталар) безендірілу деңгейін жоғарлату жоспарлау шешімінің элементі.

  5. Жер қазу жұмыстары – аумақты қазу, үйіндіні салып алу, қайта төгу, шұңқыр жасауға қатысты жұмыстар.

10. Жерқолданушы – жер бөлігін мақсаты мен жеке меншік түріне тәуелсіз

(кәсіпорын, ұйым, коммерциялық құрылым, жеке кәсіпкерлер, үй

иеленуші, жалға беруші және т.б.), елдімекеннің аумағында жер

қолданушы заңды немесе жеке тұлға.

11. Үй иеленуші – жеке меншігінде үй құрылысы бар заңды немесе жеке тұлға.

12. ҚШҚ немесе ірігабаритті қоқысты шығаруға келісімшарт – заңды күші бар, қатты тұрмыстық қалдықтар мен ірігабаритті қоқыстарды шығару үшін қоқыс шығарушы мердігерлік кәсіпорын мен тапсырыс беруші арасында жасалған жазбаша келісім.

13. Өкілетті орган – мемлекеттік мекеме, атқарушы орган шешімімен белгіленген.

14. Бөліп берілген аумақ – жер иеленушінің өзіне тиесілі нысандарын (ғимарат, құрылыстар және т.б.) орнату үшін жеке меншігіне өкілетті органдар шешіміне сәйкес берілген жер бөлігі.

15. Бекітілген аумақ – заңды немесе жеке тұлғаға қолдану үшін және өкілетті органдармен жинап, көріктендіру үшін бөлініп берілген аумақ.

Ауданның елдімекендерінің аумағында бекітілген аумақтар болып табылады:

1. көшелер аумағының ұзындығы (жаяусоқпақ, гүлзарлардың және көріктендірудің басқа да элементтерінің) – құрылыстың ұзындығы бойынша, ені – 5 метр.

2. бөліп берілген аумақтан периметр бойынша 5 метр аралықтағы аумақ.

16. Көше – көлік жүруге арналған, жаяусоқпақтар, жасыл көшеттер, жерасты және жер бетіндегі инженерлік жүйелер орналасқан аумақ.

17. Көлік жүруге арналған жол бөлігі – тұрғын үйлерге және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындар мен жұмыс нысандарына көліктердің келуіне арналған жол элементі.

18. Жаяусоқпақ – жаяу жүргіншілер қозғалысына арналған, көлік жүруге арналған жол бөлігімен қабысқан немесе гүлзармен бөлектелген жол элементі.

19. Қоғамдық орындар – саябақтар, гүлзарлар, алаңдар мен басқа да жалпы қолдануға арналған демалыс зоналары.

20. Құрылыс жүргізілмеген аумақ – жерасты және жер бетіндегі құрылыстың бірде-бірі жүргізілмеген, жобалаудың басты нормаларын қолдануға шектеу қоятын аумақ.

21. Қызыл сызықтар – елді мекендерді жоспарлау құрылымында кварталдардың аумақтарын көшелерден (көлік жүруге арналған жол бөлігінен, алаңдардан) бөліп тұратын шекара. Қызыл сызықтар әдетте құрылыс шекарасын реттеу үшін қолданылады.


Аумақты жинау тәртібі
22. Кәсіпорын (меншіктің барлық түрі), мекеме, қоғамдық ұйымдар, ғимараттардың иесі немесе жалдаушы жеке тұлғалар, азаматтар өздеріне бөлініп берілген немесе бекітілген аумақтарын жинайды. Қоқыстарды арнайы белгіленген жерлерде, контейнерлер алаңында орнатылған өздерінің типтік контейнерлеріне жинайды, есік алдын сыпырушылар штаты бар, арнайы мамандандырылған ұйымдармен қоқыс шығаруға келісімшарт жасайды немесе арнайы жабдықталған көлікте ҚШҚ полигонына шығарады.

Бөлініп берілген және бекітілген аумақтарды жинаудан басқа көшелерді, алаңдар мен басқа да аумақтарды суару.

23. Көшелердің жол жамылғысын, гүлзарларды, жаяусоқпақтарды, еңістерді, қоғамдық көлік қозғалысы мен қызыл сызықтар қиылыстарын, автобус бекеттерінің жолаушыларды отырғызу алаңшаларын, алаңдарды, автокөлік көпірлерін, саябақтарды, скверлерді, бульварды, зираттардың аумағын (жеке меншіктерден басқа) тазалау жергілікті бюджет қаражатынан жүргізіледі.

24. Инженерлік-техникалық және гидротехникалық құрылғыларға қарасты аумақтарды жинау және тазалықта ұстау осы құрылғылардың иелерімен жүргізіледі.

25. Сауда ұйымдары, сауда орындары бар және басқа да халыққа қызмет көрсету орындары бар жеке тұлғалар, сонымен қатар бұл ғимараттарды жалдаушы күні бойы тазалықты сақтайды және жұмыс күнінің аяғында 10 метр радиусында қоқыстар мен балшықтарды өздерінің қоқыс контейнерлеріне жинайды.

Дүңгіршектерге, ұсақ сауда жасалатын павильондарға және дүкендерге бекітіліп берілген жерлерге жәшіктерді және тауар қорын жинауға, қоймаға айналдыруға тиым салынады.

26. ҚШҚ полигоны мен қоғамдық әжетханалар қажетті жағдайда жеке меншік субъектілерімен келісімшарт негізінде жергілікті бюджет қаражатынан жұмыс істейді.

27. Базардың аумағын және оған қарасты аумақты жинау, қоқыс жинағыштарды тазалау және оларды қажетті жағдайда ұстау базардағы меншік иелерімен жүргізіледі. Базар аумағы (шаруашылық бөлігі, сауда алаңдары) қатты жамылғымен (асфальт, плита және т.б.) төселуі қажет.

28. Стадиондарды, спорт алаңдарын қажетті жағдайда ұстау және жинау балансиесінің қызметкерлерімен жүзеге асырылады.

29. Тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың аулаларының ішінде металл гараждар мен жерқоймалар орнатуға тиым салынады. Өз еркімен орнатылған гараждар мен жерқоймалар алынып тасталады.

30. Зират аумағы қоршалуы қажет, жүруге арналған бөліктеріне қатты жамылғы төселуі және қоқыс жинағышы болуы қажет.
ҚШҚ жинау және шығару тәртібі
31. Қатты шаруашылық қоқыстарды тұрғын үйлерден, сауда және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарынан, балалар, оқу, емделу ұйымдарынан, мәдениет мекемелерінен, қоғамдық ұйымдардан ҚШҚ полигондарына шығару мамандандырылған кәсіпорындармен келісім шарт негізінде жүзеге асырылады.

32. Әрбір кәсіпорынның, қоғамдық ұйымның өз баланстарында контейнерлері болуы керек.

Үй иелерімен, кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен, жеке тұлғалармен ҚШҚ жинауға арналған контейнерлер СЭС-пен және құрылыс, қала құрылысы және сәулет бөлімімен келісілген жерге орнатылуы қажет.

Сонымен қатар контейнерлер абонеттердің мамандандырылған кәсіпорындармен келісімшарт жасауы арқылы орнатылуы мүмкін.

33. Контейнерлер, қоқыс жинағыш, контейнерлік алаңдар балансиелерімен уақытылы тазартылып, қажетті жағдайда ұсталуы және дезинфекция жасалуы қажет.

34. ҚШҚ шығарғаны үшін мамандандырылған кәсіпорындарға ақысын жасалған келісімшартқа сәйкес заңды және жеке тұлғалар төлейді. Келісімшарт міндеттерін орындау барысында туындаған келіспеушіліктер заңмен бекітілген тәртіпте шешіледі.


Қыс жағдайында аумақты жинау және қажетті жағдайда ұстау.
35. Қысқы мезгілде елді мекендер аумағын жинау, қоқыстарды, қарды, мұзды, балшықты және құмды шығару қажеттілігіне қарай күні бойы жүргізіледі.

Ауа-райы жағдайына байланысты бұл тәртіп өзгертілуі мүмкін.

36. Қарды тазалау қар жауа бастаған кезден бастап, үзіліссіз қар жауғанын тоқтатқан мезгілге шейін бекітілген және бөлініп берілген жерлердегі меншіктің барлық субъектілерімен жүргізілуі қажет.

Жаңа жауған қарды көшедегі қар үйінділеріне жинауға рұқсат беріледі, бірақ қар жауғанын тоқтатқан кезде шығарылуы қажет.

Жаяу жүргіншілер мен көлік жүруге арналған жолды бөгеуге, көгалдарға қар мен мұзды жинауға тиым салынады.

37. Шатырды қардан тазарту және шатырда, қабырғаның сыртқы ернеуінде, су ағатын трубаларда қатып қалған мұздарды жүйелі түрде, ғимарат пен құрылғылардың иелері мен жалдаушылар өз қаржыларына және қауіпсіздіктің міндетті ережелерін сақтай отырып, жаяу жүргіншілер өміріне қатер төндірмей және ауа жүйелерін, шамдарды, жасыл шөптерді бүлдірмей алу қажет. Шатырлардан түсірілген қар жедел шығарылуы тиіс. Қар, мұз жергілікті басқару органдарымен белгіленген су объектілері мен аумақтардың ластануын болдырмайтын арнайы жерлерге шығарылады.

38. Көшенің жүруге арналған бөлігін, алаңдарды, көпірлер мен жол өткелдерді, қиылыстарды, дөңдер мен құламаларды, жаяусоқпақтарды, баспалдақтарды механикалық тазалау және құм себу жоспарлы тәртіпте мамандандырылған кәсіпорынмен жергілікті бюджет қаражатынан жүргізіледі.

39. Заңды және жеке тұлғалар, меншік түріне тәуелсіз, мамандандырылған ұйымдармен жаяусоқпақтарды, өткелдерді, алаңдар мен басқа да өтуге арналған орындарды және халық көп жиналатын орындарды қардан тазарту үшін және құм себу үшін келісімшарт жасауына немесе өз күшімен тазартуына болады.

40. Жер қолданушылар бөлініп немесе бекітіліп берілген аумақтарды көк тайғаққа қарсы іс-әрекеттерді (мұзды, қарды ою, тайғақ жерлерге инертті материалдарды себу) жасауға тиіс.

41. Елді мекендерде көшені қардан тазартуға бөгет жасайтын жерлерде жаппай автокөліктердің тұруына тиым салынады.


6.Көшені, жолды, жол құрылғыларын қолдану тәртібі, оларды қажетті жағдайда ұстау және қорғау тәртібі.
42. Инженерлік құрылғылары бар көшелерді, жолдарды қолданушыларға міндетті үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету үшін келесі жағдайларға жол берілмейді:

1) көшені, жолды және жол құрылғыларын, белгілерді, жол қозғалысын реттеуші құралдарды, жасыл көшеттерді және басқа да жол құрылғыларын қиратуға;

2) көшені және жолды қандай да бір заттармен, құрылыс материалдарымен, машиналармен қоршауға;

3) өкілетті органдармен берілген рұқсат беруші құжаттарда көрсетілген аумақ сыртында жұмыс жүргізуге;

4) ағаштарды, шыбықтарды, көгалдарды, құдықтардың есігі, жол жиектерін топырақпен немесе құрылыс материалдарымен жабуға:

5) көшенің жүргіншілер бөлігіне және жолға кәріз желілерінің, өндірістік және ағындық судың ағуына, машина жууға:

6) жол жамылғысын бұзумен байланысты жұмыстарды келісімсіз жүргізуге;

7) жолдың қозғалыс бөлігін ластайтын кір көліктердің жүруіне:

8) транспорт құралдарының көшелер және жолдардан өтуі, жалпы габариттер, мемлекеттік стандарпен белгіленген немесе тыйым салынған белгілер көрсетілген норманы арттыратын білікке салмақ және жүктеме;

9) транспорт құралдарының және басқа техниканың көшеден және жолдан келуі және шығуы белгіленбеген орында және жиектегі тастар арқылы өтуі;

10) жаяусоқпақтардағы транспорт құралдарының тұрағы, жаяу жүргінші жолдарында, айырым жолдарда, көгалдарда, қоғамдық орындардағы тұрғын –үй, дүкен, дәріхана, қызметтік ғимараттар;

11) көшені және жолды ластайтын сусымалы және басқа да жүктерді сәйкестендірілген қорапсыз тасу;

43. Көше және жол жамылғысының ұстауды бақылау балансиеленуші және ішкі істер бөлімінің жол полициясы бөлімімен тұрақты бақылау және үнемі тексеру жолымен жүзеге асыру мақсатында:

1) транспорт және жаяу жүргінші қозғалысының тәулік бойы, үздіксіз болуын қамтамасыз ету;

2) жол жамылғысын күні бұрын тозудан және бұзылудан сақтау;

3)жол жамылғысының қалыпты жағдайынан уақтылы ауытқуын анықтау, олардың кейінгі жойылуы үшін ақаулар мен бұзылуын анықтау, жеке жағдайларда (жүргінші бөліктің ойылған жері,көктайғақ авариялық жағдай кезіндегі көше және жолдың бұзылуы, қозғалыс шартының қалыпты жағдайын қалпына келтіру бойынша жедел шара қолдану үшін көшелердің жеке участкелерінде транспорт қозғалысын шектеу немесе тоқтату.


7. Шағын сәулет түрлерін елді мекен аумағында

ұстау және орнату тәртібі
44. Көріктендірудің барлық элементтері оның ішінде ғимарат қасбетін әрлеу, шығу топтарын безендіру, жаяусоқпақ құрылғысы және қоршаулар бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес орындалуы қажет.

Құрылыс балансына ие кәсіпорын, ұйым, мекеме, заңды және жеке тұлға, ғимаратты жалға алушы меншік түріне тәуелсіз ғимарат қасбетін, көшеге шығу, алаң және басқа да қоғамдық орындарды мерекелік безендіру жұмысын орындауға құқылы;

45. Дүңгіршек, дүкен, павильондар, бақ-саябақ орындықтар, жарнамалық стендттер, маңдайшалардың безендірілуі, көрнекіліктің әр түрі және басқа құрылғылар сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің келісімінен кейін рұқсат етіледі.

46. Көріктендірудің барлық ішкі элементтері жөнделген қалыпта болуы қажет, бір жыл сайын жаңартылып отыруы керек.

47. Барлық алаң және көше,саябақ, базар және басқа да орындарда жеткілікті мөлшерде қоқыс сауыттары қойылуы керек.

Қоқыс сауыттары дүкендерге, дүңгіршектерге, кіреберістерге қойылады. Қоқыс сауыттары белгіленген және бекітілген аумақтарға жалпы ортақ пайдаланылатын жерлерге жергілікті бюджет есебінен жер пайдаланушылармен орнатылады.

48. Қызметтік, өндірістік және басқа да ғимарат, имарат иелерінде мекеме атауымен маңдайша жазуы болуы міндетті.

49. Жарнамалық қондырғылар, маңдайшалар және көрнекілік қондырғылары иелермен көркем, қажет ақпарат минимумымен жалпы стильде безендіріледі.


8. Инженерлік желі, имараттар

мен коммуникацияны ұстау тәртібі
50. Жеке тұлғалардың ведомство, кәсіпорын, коммукациясы және инженерлік имараттары олардың иелерімен қызмет көрсетіледі.

51. Заңды және жеке тұлғалар басқаруда инженерлік коммуникациялар және имараттар бар елді мекен көріктендіруін бұзуына қауіпті техникалық жағдайын бақылап отыруға міндетті атап айтқанда:

1) аумақтың су басуын болдырмау;

2) белгіленген және қорғалатын аймақтардың санитарлық жағдайын қадағалау;

3) люк қақпағының үнемі дұрыс қалыпта болуын бақылау.

52. инженерлік, жер асты желілерінің және қайта құру төсемдері өндіріс жұмыстарына техникалық жағдайға сәйкес қатаң өндірілуі қажет.

53.құрылыс, күрделі жөндеу жұмыстары, жер асты коммуникациясын қайта құру автожолдардың, алаңдардың және басқа жалпы пайдаланылатын орындардың қайта құрылуына дейін жасалуы тиіс.

54. көше және жолдардағы сыртқы және жер асты суларын тазарту және жинауға арналған каналдарды, құбырларды, дренаждарды бұру, коллекторды тазарту, қатты шөгінділерді қажет мөлшерде жергілікті бюджет құралы есебінен дереу қоқыс тастайтын жерге шығару жұмыстары жасалады.

Аула және жерді пайдаланушылармен белгіленген басқа да аумақтарда суөткізуші имараттарды тазарту жұмыстары жер пайдаланушылармен жасалады.

55. елді мекен аумағын тазарту су жиналғы колонкасын 5 метрге жуық шеңберінде мұздан (қыс мезгілінде) және қоқысты шығару су жиналғы колонкасының иелерімен жасалады.


9. Аумақтарды көріктендіру және

кәсіпорын қасбетін безендіру тәртібі
56. Тұрғын, әкімшілік және оларға іргелес аумақтағы басқа да ғимараттардың сәулет келбетін жақсарту және сақтау үшін оларға сауда, кеңсе және басқа да объектілерді орналастыру кезінде заңды тұлға- иелер меншік түріне тәуелсіз және жекеменшік кәсіпкерлер жасалған және келісілген жобаға сәйкес ғимарат қасбетін және іргелес аумақты көріктендіру бойынша іс-шаралар кешенін орындайды.

57. Іс-шаралар кешеніне жобада қарастырылған жоба көлеміндегі келесі жұмыстар кіреді:

1)қасбетті өңдеу ( ғимараттың сәулет келбетіне сәйкес);

2) ғимараттың жалпы стиліне сәйкес қанат, күнқағар орнату;

3) жаяусоқпақ, кіреберіс және автокөліктер тұрағы, көгал, жасыл шөп үшін алаң аумақты көріктендіру бойынша жұмысты орындау;

4) жаяусоқпақ және жасыл аймақ құрылғысы, орындық, қоқыс сауыты, қоршауды орнату;

5)ғимарат аумағына іргелес жарықтандыру үшін жеткілікті сыртқы жарықтандыру құрылғысы(түрлі-түсті жарнама), көшеге және басқа да қоғамдық орындарға шығатын ғимарат қасбетінің көмескі жарықтандыру құрылғысы;

6) көркем қажет ақпарат минимумымен жалпы стильде орындалған маңдайшаны орнату.

58. ғимаратта бір кәсіпорын орналасқан жағдайда, (аудан сәулетшісінің келісімі бойынша) бүкіл қасбет немесе оның бөлігі сонымен қатар, бүкіл аумақтың көріктендіруі және санитарлық жиналуы ғимараттан «қызыл сызыққа» дейін көшелер ғимараттың бүкіл еніне немесе оның бөлігіне (аудан сәулетшісінің келісімі бойынша) безендіруге жатады. Бірнеше кәсіпорын болған кезде, қасбетті безендіру, іргелес аумақты көріктендіру және санитарлық жинау бірыңғай сәулет-сурет әлпетіне және жұмыстың бір мезгілде орындалуына сәйкес жасалады.


  1. Осы ережемен тыйым салынған әрекеттер

59.Тыйым салынады:

1)шолу құдықтарына, өзен және басқа да су қоймаларға, көгал, ағаш пен бұтаның астына, көшенін және тротуардың жүретін бөлігіне қоқыс, балшық, мұздың сынығын, кір қарды тастауға;

2) көшелерге, орманды аймақтарға, жол, өзен және басқа да су қойма бойында осы мақсат үшін белгіленбеген барлық орындарда әртүолі құрылыстық, тұрмыстық және азық-түлік қалдықтарын лақтыруға;

3) көшеде, өзенде және басқа да су қоймаларда, ағызғыш, құдық су құбырларында, тұрғын ғимарат ауласында машина, трактор жууға;

4)сауда-саттық аяқталған соң жинауға қолайлы, жиналған қоқыс, балшықтың кірін, мұз бен қар сынығын, құрылыстық және басқа да қалдықтарды көшелерде,аулада жалпы пайдаланылатын орындарда сауда қап-қораптарын және басқа да көшрелі сауда жабдығын шығармай тастап кетуге;

5) көшеде құрылыс материалдарын, ағаш, көмірді үюге;

6) жуынды төгуге, аула мен көше аумағын ластауға, тұрмыстық техникалық қалдықтарды, түскен жапырақ, бұтақтарды жағуға;

7) макулатуралық ашық шанақтарда қапсыз шашылатын жүктерді тасуға;

8) елді мекендердің санитарлық тазарту бойынша жұмыстарын өткізілу мерзімін бұзу;

9) контейнерлерді кең габаринтті тұрмысқа арналған заттарды және құрылыс материалдарын тиеуге, контейнерларға суық заттарды құюға, оларда қоқысты өртеуге;

10) қоршалмаған ашық кәріздік есіктер және басқа да құдықтарды жолдың жүргінші бөлігіне және тротуарларда тастауға;

11) мал айдайтын трассадан басқа көшеде, алаңда, гүлзарларда, және басқа да қоғамдық пайдаланылатын орындарда малды айдауға;

12) кәсіпорын, ұйым аумағында, көшеде және көгалда, жеке меншік телімдерде қоқысты, жапырақты өртеуге;

13) көк шөп(көгалдар,ағаштар, гүлзарлар) орындарда:

көгалда жүруге, жас ағаштарды сындыруға, жұлуға немесе жасыл ағашты кесуге;

автомобильде, мотоциклда, велосипедтта және басқа да транспорт құралдарында (арнайы транспорттан басқалары) жүруге;

көгалдарда, тұрғын қоршауларында жолаушылар транспортының аялдамасын жасауға;

от жағуға, басқа өртке қарсы ережелерді бұзуға;

арнайы қызметтермен келісімінсіз өз еркімен ағаштар мен бұталарды кесуді жүзеге асыру;

жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде (жаяусоқпақтар, жолдың жүретін бөлігі, жасыл аймақ) өз еркімен қоршау жасауға.




  1. Елді мекен аумақтарын жинауды ұйымдастыру, санитарлық ұстау, көріктендіру жағдайына бақылау бойынша уәкілетті органдар

60. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес елді мекен аумағын көріктендіру ережесін сақтау бұзағаны үшін шара қолдану және өз құзырлығы шегінде жүзеге асырады:

1) ішкі істер органдары;



2)мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары.
12. Ережені бұзғандағы жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі
61. Осы ережені бұзған кінәлі, жазықты айыпты жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының әкімшілік заңбұзушылықтар туралы Кодексіне және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдану - орын алған заңбұзушылықтарды жою және Қазақстан Республикасының басқа да қолданыстағы заңнамаларына сәйкес тәртіп бұзушыны келтірілген материалдық зиянды өтеу жауапкершілігінен босатпайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет