Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты сессиясының 2013 жылғы



Дата26.06.2016
өлшемі140 Kb.
#159750




ЖОБА






Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты сессиясының

2013 жылғы «__» _______

шешімімен бекітілген




Шығыс Қазақстан облысы

елді мекендерінің аумағын көріктендіру

ережелері

1. Жалпы ережелер
1. Шығыс Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағын көріктендірудің осы ережелері (бұдан әрі – Ережелер) көріктендіру жағдайын, санитарлық тазарту және аумақты күтіп ұстау талаптарын анықтайтын Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің, Қазақстан Республикасының техникалық регламентерінің, құрылыс және санитарлық ережелері мен нормаларының негізінде әзірленді.

2. Ережелер көріктендіру саласында бірыңғай және орындалуы міндетті нормалар мен талаптарды белгілейді, Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы жер учаскелерінің, ғимараттардың, құрылыстардың, құрылғылардың меншік иелері және (немесе) пайдаланушылары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар үшін аумақтарды жинау мен күтіп ұстау тәртібін анықтайды.

3. Осы Ережелерде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:

1) елді мекен аумағы – қалалық немесе ауылдық елді мекеннің белгіленген шекарасы (шеті) шегіндегі кеңістік;

2) көше (көшенің жүретін бөлігі) – қалалық немесе басқа ауылдық елді мекендердің шекаралары шегіндегі автомобиль жолы;

3) көгалдандыру көшеттері – ортақ пайдаланылатын жерлердегі елді мекендер шекараларында орналасқан орман-парктері, саябақтар, шағын бақтар, желекжолдар, ұзыннан отырғызылған көшеттер, үй жанындағы көшеттер, көгалдар, гүлзарлар;

4) қатты тұрмыстық қалдықтар – қатты түрдегі коммуналдық қалдықтар;

5) сұйық қалдықтар – сарқынды сулардан басқа сұйық түрдегі кез-келген қалдықтар;



ШҚО ЭТКШБ

Мәслихат

СЭС

ҚР ӨДМ

6) қалдықтарды жинау – қалдықтарды арнайы белгіленген орындар немесе объектілерден алу, жинау және орналастырумен байланысты қызмет;

7) қалдықтарды сақтау – қалдықтарды арнайы бөлінген орындарда оларды кейіннен қауіпсіз жою мақсатында жинау;
8) сарқынды сулар – өндірістік немесе тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланылған сулар және пайдаланылу кезінде олардың бастапқы құрамы немесе табиғи қасиетін өзгерткен қосымша қоспалары (ластанулар) бар сулар;

9) су объектілері – құрлық беті бедеріне және жер қойнауына жиналған шекарасы, көлемі мен су режимі бар сулар.



2. Елді мекендер аумағын көріктендірудің жалпы талаптары
4. Аумақты көріктендіру және жинау, сондай-ақ гүлзарларды, көгалдарды, басқа да жас көшеттерді, көріктендіру элементтерін күту мен ұстауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес сәулет, санитарлық және экологиялық талаптарға сай осы объектілердің меншік иелері және (немесе) пайдаланушылары жүргізеді.

5. Жинау шекаралары жер учаскелерін пайдаланушылар арасындағы аумақ шекарасымен анықталады.

6. Бөліп берілген шекаралардағы инженерлік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің аумақтары аталған объектілердің техникалық және пайдалану сипаттамалары ескеріле отырып көріктендірілуі тиіс. Аумақты көріктендіру мен күтіп ұстау міндеттері объектілердің меншік иелеріне жүктеледі.

7. Елді мекен аумағында:

1) жолдар, көшелер, жаяужолдар мен жалпы пайдаланымдағы басқа жерлерге қоқыс лақтыруға;

2) ғимараттар, құрылымдар мен тұрғын үйлердің терезелерінен қоқыс лақтыруға;

3) көшелерде құрылыс материалдарын, отын, көмір үюге;

4) көлік құралдарымен жүктің кез-келген түрлерін көшелерді және (немесе) өтпежол бөліктерін ластау мүмкіндігіне жол бермей оларды мұқият жаппай тасымалдауға;

5) көлік құралдарын көшелерде, өзендер мен басқа су қоймаларында, су құбыры шүмектерінде, құдықтарда, тұрғын үй ғимараттарының аулаларында жууға;

6) адамдардың суға түсуіне арналған жерлерде кір жууға және үй жануарларын суға түсіруге;



ШҚО ЭТКШБ

Мәслихат

СЭС

ҚР ӨДМ

7) тұрғын үй объектісі, ұйым, мекеме аумағында санитарлық арақашықтықты ұйымдастырмай аула жабдықтарын, күрелген орлар мен қоқыс жинау алаңдарын салуға және қайта жабдықтауға;

8) ыдыстарды жақын орналасқан көгалдарға, сауда шатырының төбелеріне, дүңгіршектерге және басқа сауда объектілеріне жинастыруға;

9) кәсіпорындар мен ұйымдар аумақтарында, көшелер мен көгалдарда, тұрғын үй кварталдарында, жеке және саяжай учаскелерінде, сондай-ақ контейнерлер мен урналарда өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды, қоқысты, жапырақтарды, ағаш кесінділерін, жағуға, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жерге көмуге;

10) ағаштар мен бұталардың тамырына жақын жерлерге жапырақтар тастауға рұқсат берілмейді.

8. Тұрғын үй кварталдары, шағын аудандар аумағында, сондай-ақ үйге жақын аумақтарда бөлінген жер учаскесі шекараларында мынадай тәртіп сақталады:

1) төсеніштер, жаяужолдар, жүргінші жолдары, кварталішілік өтпелер мен жолдардың жабындары жарамды жағдайда болуы тиіс;

2) спорттық, ойын, балалар және шаруашылық алаңдарының жабдықтары, қоршаулар мен шарбақ дуалдар жарамды жағдайда болуы тиіс;

3) сұйық қалдықтар мен ірі көлемді қоқысты қоқыс салғышқа тастауға рұқсат берілмейді;

4) көгалдандыру көшеттеріне, балалар ойнайтын, спорттық және шаруашылық алаңдарына иттерді серуендетуге рұқсат берілмейді.



3. Тіршілік қарекеті қалдықтарын жинау орындарын ұйымдастыру және күтіп ұстау
9. Елді мекендер аумақтарын санитарлық тазалау жүйесі тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жинауды, жоюды, зарарсыздандыруды және пайдаға жаратуды көздейді және оны мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.

10. Қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдаға жарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында, сондай-ақ арнайы бөліп берілген жерлерде жүргізіледі.

11. Топырақты, тіршілік қарекеті қалдықтарын және басқа жуынды-шайындыны тікелей егістікке, бақшаға, орманға, батпаққа, саябаққа, көгалға, су объектілеріне және олардың жағалауындағы қорғаныс алқаптарына, сондай-ақ осы мақсаттар үшін белгіленбеген басқа жерлерге апаруға және лақтыруға рұқсат берілмейді.

ШҚО ЭТКШБ

Мәслихат

СЭС

ҚР ӨДМ

12. Иеліктегі үйлер, ұйымдар, мәдени-көпшілік мекемелер аумағында, демалыс орындарында көлік кіретін кіреберістері бар қалдықтар жинайтын контейнерлер орналастыру үшін арнайы алаңдар бөліп беріледі. Алаңды су өткізбейтін жабынмен және үш жағынан биіктігі 1,5 метр қоршаумен орналастырады.

13. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді қақпақтармен жабдықтайды. Контейнерлерден алаң шетіне дейінгі қашықтық 1 метрден кем болмауы керек. Алаңды тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардан, барлық бейіндегі ұйымдардан, спорт алаңдарынан және тұрғындардың демалыс орындарынан 25 метрден алыс қашықтықта орналастырады.

14. Контейнерлердің есептелген көлемі қалдықтардың нақты жиналуына сәйкес келуі керек. Орнатылатын контейнерлер санын есептеу контейнерлерді пайдаланатын тұрғындар саны, қалдықтарды жинау нормалары, оларды сақтау мерзімі ескеріле отырып жүргізіледі.

15. Қалдықтарды контейнерлерде сақтау мерзімін Цельсия (С) бойынша 0 градус және төмен температура кезінде үш тәуліктен асырмауға, плюс температура кезінде бір тәуліктен асырмауға рұқсат беріледі.

16. Одан әрі пайдалануға жарамсыз контейнерлер уақытында ауыстыруға жатқызылады.

17. Көп қабатты тұрғын үй құрылыстары аудандарында контейнерлік алаңға жақын аумақты қатты тұрмыстық қалдықтар алаңы шетінен 1,5 метр радиуста қажетіне қарай жоспарлы-тұрақты тазалау жүргізіледі.

18. Канализациясы жоқ иеліктегі үйлерде сұйық қалдықтарды жинауға арналған су өткізбейтін орымен күрелген қоқыс төгетін ор жабдықталады және жер үсті бөлігі қатты түйіршіктерді бөлу үшін қақпақ және тормен жабдықталады. Аулалық дәретхана болған жағдайда қоқыс төгетін ор ортақ болуы мүмкін.

19. Сұйық қалдықтарды аулалар мен көшелерге төгуге, сондай-ақ ол үшін құдықтар мен нөсер канализациясы ағынын пайдалануға рұқсат берілмейді.

20. Канализациясы жоқ аулалық және қоғамдық дәретханаларды тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттардан, балалар ойнайтын және тұрғындар демалатын алаңдардан 25 метрден кем емес, құдықтар мен бұлақ шегендеулерінен 50 метрден кем емес қашықтыққа алыстатады.

21. Жеке тұрғын үй құрылыстары аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтардан жоспарлы-тұрақты тазалау аптасына екі реттен кем емес жүргізіледі.


ШҚО ЭТКШБ

Мәслихат

СЭС

ҚР ӨДМ

22. Қоғамдық пайдалану орындарында урналар орнатылады. Урналардың арасындағы қашықтық адамдар көп шоғырланатын көшелерде 40 метрден және адам аз жерде 100 метрден кем емес қашықтықта орнатылады. Қалалық көлік тоқтайтын жерлерде урналар міндетті түрде орнатылады. Урналарды тазалау олардың толуына қарай жүргізіледі.

23. Коммуналдық шаруашылық саласындағы атқарушы органдар қоғамдық пайдалану орындарында: алаңдар, көлік тораптары, вокзалдардың маңайы, теміржол станциялары, кемежайлар, автостанциялар мен автовокзалдар; қала сыртындағы және ішіндегі саябақтар, шағын бақтар, желекжолдар, жағажайлар, көрмелер, стадиондар, халықтың бұқаралық демалу орындарында қоғамдық дәретханалардың орнатылуын қамтамасыз етеді.

4. Аумақты қыс мезгілінде жинау
      24. Қыс мезгілінде соқпақ жолдар, саябақ орындықтары, урналар, басқа да элементтер мен кіші сәулеттік нысандар, сондай-ақ олардың алды мен маңайындағы кеңістік, оларға кірер жолдар қар және қызылсу мұзынан тазартылуы тиіс.

25. Инженерлік желілердегі апаттардың нәтижесінде жаяужолдар мен жүретін жолдарда пайда болған қызылсу мұзын желі иелері опырып алады және жинайды.

26. Қар шығарудың технологиялық операциясы екі кезеңмен жүзеге асырылады:

қарды жолаушылар көлігі аялдамасынан, жерүсті жаяужолдарынан, көпір және жол өтпесінен, аурухана аумағы мен әлеуметтік маңызы бар нысандарға кіру жолдарынан бірінші кезекте (іріктеп) шығару;

қарды соңғы рет (түгел) шығару, қар бірінші кезекте шығарылған соң, коммуналдық шаруашылық саласындағы атқарушы орган анықтаған кезекшілікке сәйкес жүргізіледі.

27. Көшелер мен өтпе жолдардағы қар, мұз арнайы бөліп берілген жерлер немесе дайындалған алаңдарға шығарылуы тиіс.

28. Қар үйіндісін жол, көше қиылыстары мен жол өтпелеріне бір деңгейде және темір жол үстінен өтетін жерлерге жақын, көліктік қоршаулар немесе биіктетілген жол жиектерімен жабдықталған жол учаскелерінде, жаяужолдарға үюге тыйым салынады.

29. Елді мекен аумағында:

1) жол тораптарының, көшелердің жүретін бөліктеріне және жол өтпелеріне, жаяужол мен көгалдарға кварталішілік жолдардан, аула аумағынан, кәсіпорындар, ұйымдар аумағынан, құрылыс алаңдарынан, сауда объектілері мен тағы басқалардан тазартылған қарды жылжытуға немесе үюге;


ШҚО ЭТКШБ

Мәслихат

СЭС

ҚР ӨДМ

2) техникалық тұз бен хлорлы кальцийді көктайғаққа қарсы реагент ретінде жаяужолдарға, қалалық жолаушы көлігі тоқтайтын отырғызу алаңдарына, саябақтарға, шағын бақтарға, аулаларға және басқа жаяу жүретін және көгалдандырылған жерлерге қолдануға (жоба орындаушыда шекті рұқсат етілетін төгінділердің нормативтері жоқ болған жағдайда);

3) кір және тұзды қарды, сондай-ақ мұз сынығын көгалдар, гүлзарлар, бұталар мен басқа жасыл көшеттерге роторлық лақтыруға және үюге рұқсат берілмейді.

30. Көпір құрылыстарындағы жаяужолдар мен сатыдан түсетін жерлерді тазалауға мына талаптар қойылады:

1) көпірлердің жаяу жолдары мен сатыдан түсетін жерлері жаңа жауған және тығыздалған (қарлы-мұзды) қардан жабынына дейін барлық ені бойынша тазартылуы тиіс;

2) қар қалың жауған кезеңде көпір құрылыстарының жаяу жолдары мен сатыдан түсетін жерлері көктайғаққа қарсы материалдармен өңделіп, жаяу жүргіншілер жүруге арналған жолдар тазартылуы тиіс;

3) көктайғақ немесе оның пайда болуы туралы хабарланған кезде ең алдымен сатыдан түсетін жерлер, содан кейін жаяужолдар көктайғаққа қарсы материалдармен өңделеді.

31. Жаяужолдар, аула аумақтары және өтпе жолдар қар мен мұздан асфальтқа дейін тазартылуы, қар мен мұз сынықтары арнайы бөлінген жерге апарылуы тиіс. Қызылсу мұзы (көктайғақ) пайда болған жағдайда ұсақ құммен өңдеу жүргізіледі.

32. Аула аумақтары мен кварталішілік өтпе жолдардан тазартылатын қар аула аумақтарында автокөліктің еркін қозғалуына және жаяу жүргіншінің жүруіне кедергі жасамайтын жерлерге кейіннен міндетті түрде шығарумен уақытша үйіледі.

33. Қарды кварталішілік аумақтарға үю еріген судың ағуына кедергі жасамауы тиіс.

34. Көп пәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелері және (немесе) ғимараттар пайдаланушылары қыс уақытында төбе жабындыларын қардан, қызылсу мұзынан және сүңгі мұзынан уақытында тазалауды ұйымдастырулары тиіс.

35. Ғимараттар мен тұрғын үйлердің төбелерін қардан, қызылсу мұзынан оны жаяужолға лақтырып тазалауға тәуліктің тек жарық кезінде ғана төбе жабындысының көше жаққа қараған құламасының үстінен рұқсат беріледі. Төбе жабындысының қалған құламаларынан, сондай-ақ тегіс төбе жабындыларынан қарды лақтыру ішкі аулалық аумақтарға жүргізіледі.




ШҚО ЭТКШБ

Мәслихат

СЭС

ҚР ӨДМ
Қарды лақтыру алдында жаяу жүргіншінің жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күзету іс-шараларын жүргізу қажет. Ғимараттар мен тұрғын үйлердің төбелерінен лақтырылған қар мен қызылсу мұзының жиындылары тез арада жолдың жүретін жағына жиналып, кейіннен мамандандырылған кәсіпорын әкетуі үшін үйіледі.

5. Көшелерді, жолдарды, көліктің аялдау және отырғызу

алаңдарын жинау
36. Жол төсемдері жолдың шет жағына жиналатын ластанулар су ағынымен жасыл көшеттер алқабына немесе жаяужолға шашырамайтындай етіп жуылады.

37. Нөсер канализациясы жоқ көшелердегі жүру бөлігі арнайы машиналармен жиналады. Көшелерге ас тұзын себуге рұқсат берілмейді.

38. Көшелердің алаңдар ені бойынша жүретін бөлігін, жол желілерінің жолдары мен өтпежолдарын, көлік қоятын орындарды, сондай-ақ жағалауларды, көпірлерді, жол өткізгіштерді тазалау мен күтіп ұстауды кәсіпорын-мердігерлер осы жұмыстарды жүргізу үшін уәкілетті органмен жасасқан мемлекеттік сатып алу шартының негізінде жүргізеді.

39. Соңғы автобус бағдарларында тұру-бұрылу алаңдарын тазалауды жүретін жол бөлігін тазалауды жүзеге асыратын кәсіпорындар жүргізеді.

40. Жол төсемдерін қоқыстан, батпақ пен қардан үздіксіз технологиялық тазалауды қамтамасыз ету үшін тораптық көшелерді бойлай көпшілік баратын объектілерге тікелей жақын орындарға күнделікті сағат 23.00-ден 7.00-ге дейін автокөлік құралдарын қоюға рұқсат берілмейді, тыйым қажетті жол белгілерін орнатумен белгіленеді.

41. Жоғары қарқынды қозғалыстағы көшелерге жылдың ыстық кезінде су себіледі. Су себу-жуу және сыпыру-жинау машиналарына техникалық су құйылады, ашық су қоймаларынан су құйып алуға тек санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болған жағдайда рұқсат беріледі.

42. Жол төсемдерін, белдік және резервтік жолақтарды, тораптардың жиекке жақын бөліктерін, көшелер мен жаяу жолдарды сыпыру жол төсемдерін алдын ала ылғалдандырумен жүзеге асырылады.

43. Жолдардың жүретін жағы ластанудың барлық түрінен толығымен тазартылуы тиіс. Реттеу сызығымен белгіленген белдік және резервтік жолақтар құм мен түрлі ұсақ қоқыстан үнемі тазартылып тұруы тиіс.

44. Жол жиектері ірі көлемді және басқа қоқыстан тазартылуы тиіс. Жұмыстарды орындау кезінде қоқысты көшелер мен жолдардың жүру бөліктеріне апаруға тыйым салынады.

45. Жолаушы көлігінің аялдау алаңдарын тазалауды жүретін жолды тазалауды жүзеге асыратын кәсіпорын жүргізеді.

46. Қоғамдық жолаушылар көлігінің аялдау алаңдарындағы жолаушылар павильондарын тазалау мен жууды олардың иелері жүзеге асырады.

47. Теміржол жолақтарын тазалауды жолдардың иелері жүзеге асырады.

48. Жаяужолдарда орналасқан сыртқы жарықтандыру мен байланыс желісі қондырғысының орнату діңгегі мен тірегінің айналасындағы аумақты тазалауды жаяужолдарды тазалауға жауапты кәсіпорындар жүргізеді.


ШҚО ЭТКШБ

Мәслихат

СЭС

ҚР ӨДМ

49. Уақытша көше саудасы мен қоғамдық тамақтану орындарын, бизнес объектілеріне (базарлар, кафе, дәмханалар, сауда павильондары, тез салынатын сауда кешендері, шатырлар, дүңгіршектер мен тағы басқа) бөлінген аумақтарды тазалауды осы объектілердің иелері жүргізеді.

50. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде асфальт сынығын шығаруды жұмыстарды орындайтын ұйымдар жүргізеді: негізгі жол тораптарында – тез арада, қалған көшелер мен аулаларда – бір тәулік ішінде.

6. Шағын сәулет нысандарын күтіп ұстау
51. Тұрғын үй құрылыстары аумағы, қоғамдық алаңдар, скверлер, саябақтар, демалуға арналған алаңдар шағын сәулет нысандарымен жабдықталады.

52. Шағын сәулет нысандары стационарлық және мобильді бола алады, олардың саны мен орналасу аумақты көріктендіру жобаларымен анықталады.

53. Қоғамдық құрылыстар аумағына, алаңдарға, скверлерге, саябақтарға, жағалауларға арналған шағын сәулет нысандары жеке жобалар бойынша дайындалады.

54. Салынып жатқан учаске шекараларында жаңа құрылыс жүргізу кезінде шағын сәулет нысандарын жобалауды, дайындауды және орнатуды тапсырыс беруші бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырады.

55. Шағын сәулет нысандарының құрылымдық шешімдері олардың орнықтылығын және пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

56. Шағын сәулет нысандарын күтіп ұстауды және жөндеуді оларды меншікте, иелікте, пайдалануда ұстайтын тұлғалар жүзеге асырулары тиіс.



7. Ақылы автотұрақтар мен гараж кооперативтерін орналастыру және көріктендіру
57. Жекеменшік иеленушілердің жеңіл автомобильдерінің гараждарын, күзетілетін ашық автотұрақтарды, автокөліктің уақытша тұрақтарын (ақылы және ақысыз) орналастыру белгіленген тәртіпте әзірленіп, келісілген қолданыстағы экологиялық, санитарлық және қала құрылысы нормалары мен ережелеріне, жобалық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі.

58. Жекеменшік гараждар аумақтарын көріктендіру және оларды күтіп ұстау олардың жекеменшік иеленушілері немесе гараж кооперативтері (серіктестіктер) қаражаттарының есебінен жүзеге асырылады.




ШҚО ЭТКШБ

Мәслихат

СЭС

ҚР ӨДМ

59. Жеңіл автокөліктің ақылы ашық тұрақтарын тұрғын үй және қоғамдық құрылыстарға дейін санитарлық алшақтықты қамтамасыз ете отырып орналастыру қажет. Автотұрақтардың қатты жабындары, қоршаулары, күзетке арналған бөлмесі және сыртқы жарықтандыруы болуы тиіс.



8. Жер қазу жұмыстарын жүргізу тәртібі, инженерлік құрылымдар мен коммуникацияны күтіп ұстау
60. Жол төсемдері мен жаяужолдарды, көгалдар мен басқа объектілерді бұзумен байланысты жер қазу және басқа жұмыстарды жүргізетін барлық заңды және жеке тұлғалар жұмыстарды жүргізуге қолданыстағы заңнамаға сәйкес рұқсат алуға міндетті.

61. Заңды және жеке тұлғалар асфальт жабындарын бұзуға байланысты жер қазу жұмыстарын аяқтаған соң жол жабындарын бес тәулік ішінде қалпына келтіреді.

62. Қарамағында инженерлік коммуникациялар бар заңды және жеке тұлғалар инженерлік желілер мен құрылымдардың техникалық жағдайын үнемі қадағалаулары тиіс, өйткені олар көріктендірудің бұзылуына апаруы мүмкін, атап айтқанда:

1) аумақты су басуына және мұздың пайда болуына жол бермеу, люктердің қақпақтары, құдықтар мен камералардың аражабындары, нөсер канализациясының торлары қатты жабын деңгейінде және жарамды қалыпта болуы үшін бөліп берілген және қорғалатын аймақтың санитарлық жағдайын қадағалау;

2) жинақтау, кері төгу және пайдалану ережелері сақталмағандықтан бұзылуы мүмкін жерасты желілері үстіндегі қатты немесе топырақ жабындарының жағдайын қадағалау, жер үстіндегі инженерлік коммуникацияларды, құрылмалар мен құрылымдарды уақтылы жөндеу, тазалау және бояуды жүргізу;

3) инженерлік коммуникациялар мен құдықтарды уақтылы тексеру және тазалау жүргізу.

63. Қатты жабыны бар аумаққа күрделі жөндеу немесе қайта жаңарту жүргізілген жағдайда инженерлік желілер құдықтары люктерінің белгілерін тиісті параметрлерге дейін жеткізу жөндеуге тапсырыс берушінің есебінен жүргізіледі.

ШҚО ЭТКШБ

Мәслихат

СЭС

ҚР ӨДМ

64. Елді мекен аумақтарынан жерүсті және жерасты суларын бұруға арналған каналдарды, құбырлар мен кәріздерді профилактикалық тексеруді және тазалауды, нөсер канализациясы коллекторларын, жаңбыр суын қабылдайтын құдықтарды тазалауды пайдаланушы кәсіпорындар жүргізеді; аула аумақтарында – жекеменшік пәтер иелері кооперативтері; кәсіпорындардың жеке учаскелері мен аумақтарында – аумақтардың иелері жүргізеді.

65. Су ағызудан туындаған су басулар (қазаншұңқырлардан суды сорып төгу, инженерлік желілердегі апаттық жағдайлар) орын алған жағдайда оларды жою және залалды өтеу жауапкершілігі бұзушылықтарға жол берген ұйымдарға жүктеледі.

66. Автоматтық режимде (қызмет көрсетуші персоналсыз) жұмыс істейтін трансформаторлық немесе таратушы қосалқы станцияларға, басқа инженерлік құрылымдарға, сондай-ақ электр тарату желілерінің тіректеріне жақын орналасқан аумақтарды жинауды осы объектілердің меншік иелері жүргізеді.

Жер үсті құбыр өткізгіштердің астындағы қорғау аймақтарының аумақтарын жинау және күтіп ұстауды желілердің меншік иелері жүргізеді.

9. Апаттық жұмыстарды жүргізу
67. Апаттар туындаған жағдайда инженерлік коммуникация мен құрылымдардың иелері, пайдаланушы ұйым апаттар мен оның салдарын жою бойынша шұғыл түрде шаралар қабылдауға міндетті. Бұл ретте адамдар мен көлік қозғалысының қауіпсіздігі, сондай-ақ маңайда орналасқан жерасты және жерүсті құрылымдарының, инфрақұрылым объектілерінің, жас көшеттердің сақталуы қамтамасыз етілуі тиіс.

68. Пайдаланушы ұйым апат орнына апаттық бригаданы жіберумен бір мезгілде апат ауданында жерүсті және жерасты құрылымдары бар ұйымдарға апат сипаты мен орны туралы хабарлайды.

69. Апат аймағында жерүсті және жерасты коммуникациялары бар заңды тұлғалар апаттар туралы ақпаратты алған кезде сол жерлерге орындау сызбаларымен өз өкілдерін жібереді, олар өз ведомствосына қарасты құрылымдар мен инженерлік коммуникациялардың елді мекендегі орналасуын көрсетулері керек.

70. Апатқа жақын жерде материалдар немесе басқа құндылықтарды жинақтайтын иелер апаттық жұмыстар басшысының бірінші талабы бойынша тез арада учаскені босатады.





ШҚО ЭТКШБ

Мәслихат

СЭС

ҚР ӨДМ
71. Апаттарды жою жұмыстары жолды толығымен немесе жартылай жабуды талап еткен жағдайда ішкі істер органдары көлік жолын, айналып өту бағдарын уақытша жабу және зақымдалған желілердің иелерімен бірлесіп зақымдануды жою мерзімін белгілеу туралы жедел шешім қабылдайды.

72. Апаттық жұмыстар жүргізу орындары қалқандар немесе апаттық жарықтандыру құрылғысы және қызыл габаритті шамдар орнатылған белгіленген үлгідегі қақпалармен қоршалады. Көшенің (магистраль) жүретін жағына ішкі істер органдарымен келісу бойынша қажетті жол белгілері орнатылады.

Апаттарды жою жұмыстарын жүргізуге жауапты тұлғалар апаттық жарықтандыру жұмысына, қоршаулар (қақпалар), жол белгілерін орнатуға жұмыстар толығымен аяқталғанға дейін жауапты болады.

73. Апаттардың салдарын жою және аумақты көріктендіруді қалпына келтіру үшін апаттың туындаған күнінен бастап бір тәуліктен аспайтын мерзімде жергілікті атқарушы органда жер қазу жұмыстары өндірісіне рұқсат ресімдеу қажет. Жер қазу жұмыстары өндірісіне рұқсат белгіленген мерзімдерде ресімделмеген жағдайда қазу рұқсатсыз жүргізілді деп есептеліп, кәсіпорын қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

74. Бұзылған жол төсемдері мен басқа көріктендіру элементтерін қалпына келтіруді апаттық жұмыстар аяқталған соң инженерлік желілердің иелері дереу жүзеге асырады.

10. Ғимараттар мен құрылымдардың қасбеттерін күтіп ұстау
75. Ғимараттардың, құрылымдардың меншік иелері өз объектілерінің қасбеттерін және олардың жеке элементтерін (төбе жабындары, балкондар, лоджиялар, суағар құбырлары және басқалар) жөндеу, бояу жұмыстарын уақытында жүргізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ қасбеттерде орналасқан өздерінің ақпараттық маңдайша жазуларын таза және қалыпты жағдайда ұстауға міндетті.

76. Мыналарға:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органмен келісусіз ғимарат қасбеттерін өз еркімен қайта жаңарту және олардың құралымдық элементтерін өзгертуге;

2) сәулет бөлшектерін алдын ала қалпына келтірмейінше ғимараттар мен құрылымдардың қасбеттерін бояуға рұқсат берілмейді.





ШҚО ЭТКШБ

Мәслихат

СЭС

ҚР ӨДМ

77. Ғимараттар мен құрылымдардың меншік иелері оларды қала құрылысы мен жобалық құжаттамаларға, қала құрылысының нормативтері мен ережелеріне, экологиялық, санитарлық, өртке қарсы және өзге де арнайы нормаларға сәйкес тиісінше күтіп ұстау, соның ішінде өздеріне тиесілі ғимараттар мен құрылымдардың қасбеттерін меншік қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізулері тиіс.

78. Егер заңды және жеке тұлғалардың меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе жедел басқаруында тұрғын емес немесе тұрғын ғимараттарда жеке тұрғын емес үй-жайлар болған жағдайда, онда осы тұлғалар ғимаратты пайдаланып отырған ауданына қарай аталған ғимараттардың қасбеттерін жоспарлы жөндеуде үлестік қатысады.

79. Ғимараттар, қызметтік жайлар және құрылымдарды жалға алушылар жалға алу шартының талаптарына сәйкес ғимарат пен құрылымдардың қасбеттерін жөндеу бойынша міндеттемелер алады.



11. Сыртқы жарықтандыру мен субұрқақтарын күтіп ұстау
80. Көшелерде, жолдарда, алаңдарда, жағалауларда және басқа жарықтандырылатын объектілерде сыртқы жарықтандыруды іске қосу табиғи жарық деңгейінің кешкі ымыртта 20 люкске дейін төмендегенде, ал өшіру таңғы іңірде 10 люкске дейін көтерілгенде жүргізіледі.

81. Істен шыққан газ разрядты шамдар, доғалы сынапты шам, металл диодты доғалы шам, доғалы натрий шамы, люминесцент шамдар осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген бөлмелерде сақталып, оларды пайдаға асыру үшін арнайы кәсіпорындарға апарылады. Шамдардың аталған түрлерін қалалық полигонға апаруға тыйым салынады.

82. Сынған жарықтандыру тіректері мен байланыс желілерін әкетуді электрлендірілген көліктің негізгі тораптардағы тіректердің иелері – дереу; қалған аумақтарда, сондай-ақ бөлшектелетін тіректерді бір тәулік ішінде әкетуді жүзеге асырады.

83. Субұрқақтарының жағдайы мен пайдаланылуы үшін жауапкершілік пайдаланушы ұйымға жүктеледі.

84. Субұрқақтарын іске қосу мерзімдерін, олардың жұмыс режимін, тостағандарын жуу мен тазалауды, технологиялық үзілістер мен жұмысының аяқталуын елді мекеннің коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органы белгілейді.

85. Субұрқақтарының жұмыс істеп тұрған кезінде су бетін қоқыстан тазалау күнделікті жүргізіледі. Пайдаланушы ұйым субұрқақтарын оларды өшірген кезеңде де таза ұстауға міндетті.




ШҚО ЭТКШБ

Мәслихат

СЭС

ҚР ӨДМ


12. Ауылдық елді мекендер аумақтарын күтіп ұстау
86. Ауылдық елді мекендердің аумақтарында мыналарға:

1) көпшіліктің пайдалануындағы аумақтарға металл сынықтарын, техниканы, қолданудан шығып қалған агрегаттар мен құрылғыларды, құрылыс және тұрмыстық қоқыстарды, қож, пішен, көң және басқа да тұрмыс қарекеті қалдықтарын үйіп тастауға;

2) жерді жанар-жағармай материалдарымен, мұнай өнімдерімен, шаруашылық-нысап сарқындарымен ластауға, тұрмыстық, азық-түлік және өнеркәсіп қалдықтарының үйіндісіне айналдыруға;

3) белгіленбеген жерлерде мал жайылымы мен малды бақылаусыз өз бетімен жайдыруға;

4) ветеринарлық-санитарлық талаптарды ескерусіз елді мекендер шегінде мал және құс ұстауға арналған ғимараттар мен құрылыстарды салуға және қолда барын пайдалануға;

5) асфальтбетон жабынды көшелерде жүкті сүйреп тасуға, шынжыр табан жүрістегі тракторларды жүргізуге жол берілмейді.



13. Жарнаманы орналастыру және күтіп ұстау
87. Сыртқы (көзбен шолу) жарнама және ақпарат құралдары таза күйде ұсталып, Қазақстан Республикасындағы жарнама туралы заңнама талаптарына сәйкес белгіленген тәртіпте орналастырылуы тиіс.

15. Осы Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
88. Осы Ережелерді бұзған заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес жауапты болады.

89. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ережелерді бұзған тұлғаларды әкімшілік жауапқа тарту келтірген материалдық залалының орнын толтырудан, осы Ережелерде қарастырылған талаптарды орындаудан және жіберілген бұзушылықтарды жоюдан босатпайды.



90. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Ережелердің сақталуын бақылауды өз өкілеттігінің шегінде тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.



ШҚО ЭТКШБ

Мәслихат

СЭС

ҚР ӨДМ


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет