Жоба Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты


Оңтүстік Қазақстан облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану Қағидалары



бет4/7
Дата09.06.2016
өлшемі0.59 Mb.
#124173
1   2   3   4   5   6   7

Оңтүстік Қазақстан облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану Қағидалары


  1. Осы ортақ су пайдаланудың қағидалары Қазақстан Республикасының Су Кодексіне, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1215 қаулысына сәйкес әзірленді.

  2. Осы қағидалар Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық шекараларында орналасқан су объектілерінде ортақ су пайдалану тәртібін анықтайды және меншік нысанына қарамастан, барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

3. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) ортақ су пайдалану – халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшін су объектілері жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекітіліп берілмей және судың жай – күйіне әсер ететін құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылатын су пайдалану;

2) гидротехникалық құрылыстар – су ресурстарын басқару, су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау және су бұру, судың зиянды әсерінің алдын алу үшін пайдаланылатын инженерлік құрылыстар;

3) су шаруашылығы құрылыстары – су ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын реттеу, сумен жабдықтау, су бұру және судың зиянды әсерін жою мақсатында жасанды түрде құрылған гидротехникалық құрылыстар мен қондырғылар;

4) жер асты шаруашылық – ауыз сулары - өзінің табиғи жай – күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі сапасы бойынша нормативтік талаптарға сай келетін және адамның ауыз суға және тұрмыстық қажетіне, не ауыз су өнімдерін өндіруге арналған жер асты сулары;

5) сарқынды сулар – адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болатын немесе табиғи немесе жасанды су объектілеріне немесе жер бедеріне ағызып жіберілетін ластанған аумақтағы сулар;

6) сулар – су объектілерінде жинақталған барлық сулардың жиынтығы;

7) су пайдалану – жеке және заңды тұлғалардың өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану;

8) су пайдаланушы - өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға.

4. Мынадай:

1) техникалық құралдарды қолданбай, жер үсті көздерінен су алу кезінде;

2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда, жаппай демалу, туризм және спорт мақсаттарында;

  3) кеме қатынасы және шағын кемелерді пайдалану үшін;

4) мал суару үшін су объектілерін пайдалану ортақ су пайдалануға жатады.

Ортақ су пайдалану ортақ су пайдаланылатын су объектілерінде де, ортақ пайдалануға жтапайтын су объектілерінде де жүзеге асырылады және арнайы рұқсат болуын талап етпейді. Қазақстан Республикасының Су Кодексімен көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне рұқсат етілмейді.

5. Халықтың экологиялық, техникалық және санитарлық – эпидемиологиялық қауіпсіздігі мақсатында, мынадай жерлерде:

1) халықтың шомылуы:

ескерту және тыйым салу белгілері орнатылған жерлерде;

шлюздерге, гидроэлектростанцияларға, ағынды суды жіберетін орындарға, малдардың тұрағына және суарылатын жерлерге және басқа да ластау көздеріне, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген ластау көздеріне кемінде 500 метр жақын ара қашықтықта;

сазбалшықты учаскелерде, сондай-ақ қолайсыз және қауіпті табиғи факторлары бар кезде (жағалауы жайпақ, құлама жарсыз және шұңқырсыз, ал су айдынының түбі құмды, шылаусыз, балдырсыз, бұталарсыз және үшкір тастарсыз болуға тиісті).

2) халықтың санитарлық-эпидимиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның және облыстың жергілікті атқарушы органында міндетті тіркелмеген тікелей жер үсті және жер асты су объектілерінен ауыз суға және тұрмыстық қажеттіліктер үшін су алуға;

3) санитарлық қорғау аймақтарында және суат алаңдары мен су объектілерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болмаған жағдайда су объектілерін ортақ су пайдалану тәртібінде мал суару үшін пайдалануға;

4) зардап шеккендерді құтқару үшін пайдаланатын шағын кемелерден және басқа да жүзу құралдардан, сондай-ақ ұйымдастырылған жағажайларда пайдаланылатын шағын кемелер мен жабдықтардан басқа, адамдар көп шоғырланатын жерлердегі су айдындарында шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу қауіпті деп белгіленсін.

6. Шомылу маусымы басталар алдында суды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сай келуі тиіс санитариялық - химиялық және микробиологиялық көрсеткіштер бойынша зерттеу жүргізіледі.



7. Микробиологиялық және химиялық көрсеткіштерге алынатын су үлгілері - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарында, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» №104 Қаулысына сай болуы тиіс.

8. Шомылуға арналған су бетінің шекаралары қызыл түсті қалқитын белгілермен белгіленеді.



9. Құмды жағажайларда аптасына бір реттен сиретпей жиналған қалдықтарды шығара отырып, құмның беткі қабатына механикалық қопсыту жүргізіледі.

10. Адамдардың шомылуына арналған орындарда киім-кешек жууға және жануарларды жуындыруға жол берілмейді.

11. Мемлекеттің қауіпсіздігін және еліміздің қорғанысын, халықтың денсаулығын, қоршаған ортаны және тарихи-мәдени мұраларды, басқа тұлғалардың заңды және құқықтық мүдделерін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жекелеген су объектілерін немесе олардың бөліктерін пайдаланудың шектелуі немесе тоқтатылуы мүмкін.

12. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе жол бермеуді белгілеу үшін, бөлек немесе бірлесе су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы облыстық мәслихатқа ортақ су пайдалану шарттарын белгілеу қажеттілігін негіздейтін ұсыныс енгізеді.

13. Ортақ су пайдаланудың шарттары немесе жол бермеуді белгілеу негізсіз болған жағдайда, ұсынылған ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе жол бермеуді белгілеуден негізді себептермен бас тарту туралы облыстық мәслихат су пайдаланушыны жазбаша хабардар етеді.

14. Шомылуға жол бермеу және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа да шарттары туралы халықты облыстық мәслихат бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, арнайы ақпараттық белгілермен хабардар етеді.

15. Ортақ су пайдалануға жол бермеу немесе шектеу жөніндегі ақпараттық белгілерді орнату бойынша шығындарды, осы су объектілері жекелей немесе бірлесіп пайдалануға берілген жеке және заңды тұлғалар өткереді.

16. Бекітілмеген су объектілерінде осы Қағидаларды бұзғаны үшін айыппұл мөлшері туралы ескертулер бар тыйым салу белгілері мен плакаттар орнатуды жергілікті атқарушы органдары қамтамасыз етеді.

17. Су объектілерін мал суару үшін пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан сондай-ақ, көпшілік демалу орындарынан, рекреациялық және спорттық мақсаттағы жерлерден тыс жерде және суат алаңдары мен су объектілерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда ортақ су пайдалану тәртібімен жол беріледі.

18. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша облыстың жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.

19. Осы қағидаларды бұзғаны үшін, кінәлі тұлғалар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.


ЖОБА
Оңтүстік Қазақстан облыстық

мәслихатының 2014 жылғы

28 наурыздағы №25/204-V

«Оңтүстік Қазақстан облысының

қалалары және елді мекендерінің

аумақтарын абаттандыру

Қағидаларын бекіту туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 4) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы №25/204-V «Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары және елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2666-нөмірмен тіркелген, 2014 жылғы 28 мамырда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 4) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

көрсетілген шешіммен бекітілген, Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары және елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидасында:

бүкіл мәтін бойынша «кәсіпорын», «кәсіпорындар» сөздері тиісті септіктер түрлерінде «ұйым», «ұйымдар» сөздеріне ауыстырылсын;

«кәсіпорындар, ұйымдар», «кәсіпорындар мен ұйымдар», «кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен», «кәсіпорындар немесе ұйымдар», «кәсіпорындармен, ұйымдармен», «кәсіпорындардың және ұйымдардың», «ұйымдар мен кәсіпорындар», «кәсіпорындармен немесе басқа ұйымдармен, сөз тіркестері тиісті септіктер түрлерінде «ұйым», «ұйымдар» сөздеріне ауыстырылсын;

56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«56. Қалалық су ағатын желілердің нөсер суларын қабылдайтын құдықтарға профилактикалық тексеруді және оларды жинауды бекітілген кесте бойынша, айына бір реттен кем емес осы құрылғылар балансында болатын мамандандрылған ұйымдар жүргізеді.».

2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Облыстық мәслихат

сессияның төрағасы Қ.Қамбаров

Облыстық мәслихат

хатшысы Қ.Ержан

ЖОБА

Оңтүстік Қазақстан облыстық

мәслихатының 2013 жылғы

26 маусымдағы №14/125-V

«Оңтүстік Қазақстан облысының

қалаларында және басқа да елді

мекендерінде иттер мен мысықтарды

асырау және серуендету Қағидаларын

бекіту туралы» шешіміне өзгерістер

енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы №14/125-V «Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидаларын бекіту туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2351-нөмірмен тіркелген, 2013 жылғы 10 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

  кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

««Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидаларында   1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      «1. Осы Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидалары (бұдан әрі Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.».».

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат

сессиясының төрағасы Қ.Қамбаров
Облыстық мәслихат

хатшысы Қ. Ержан

ЖОБА


Оңтүстік Қазақстан облысының

2015-2020 жылдарға арналған

кешенді энергия үнемдеу

жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармақ 1) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса тіркелген Оңтүстік Қазақстан облысының 2015-2020 жылдарға арналған кешенді энергия үнемдеу жоспары бекітілсін.

2. «Оңтүстік Қазақстан облысында энергия үнемдеудің 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы №12/107-V шешімінің күші жойылсын.



Облыстық мәслихат

сессиясының төрағасы Қ.Қамбаров
Облыстық мәслихат

хатшысы Қ.Ержан

Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының

2015 жылғы «___»____________

№_______шешімімен бекітілген


Оңтүстік Қазақстан облысының 2015-2020 жылдарға арналған кешенді энергия үнемдеудің жоспары


р/с

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындалу мерзімі

Қажетті қаржы (млн. теңге)

Болжанатын шығыстар (млн. теңге)

Қаржыландыру көзі

Күтілетін нәтиже

Барлығы

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

1.1.

Ұйымдастыру -әдістемелік іс-шаралары, оның ішінде:

 

1.1.1.

Заңда белгіленген тәртіппен шаруашылық субьектілері мен табиғи монополиялар субъектілерінің энергия үнемдеуге арналған кешенді жоспарларын әзірлеу

Шаруашылық субьектілер басшыларының бұйрықтары

ОҚО Тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері, (келісім бойынша)



2014ж

Қаржыландыруды талап етпейді

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1.2.

"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үлгі келісімді
бекіту" туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1116 қаулысына сәйкес жергілікті атқарушы орган,100 000 және одан жоғары ш.о.т. энергетикалық ресурстарды тұтынушы МЭТ субьектісі және энергия тиімділігін арттыру саласындағы өкілетті орган арасындағы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша үш жақты келісімді жасау

Келісім

ОҚО ТҮКШ ж/е ЖКБ , Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері (келісім бойынша)

2015ж

Қаржыландыруды талап етпейді

 

 

 

 

 

 

 

 


1.1.3.

Жылына 100 000 және одан жоғары ш.о.т. энергетикалық ресурстарды тұтынушы МЭТ субьектісілерінің ИСО 50001 энергоменеджмент жүйесін ендіруі

Атқарылған жұмыстар актісі

Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері (келісім бойынша)

2015-2016ж

**

**

**


















2.

Энергетикада энергия үнемдеу

2.1.

"3-Энергоорталық" АҚ (ЖЭО-3)

 

2.1.1.

ТГМЕ=464 ст.№1 қазандық агрегатына күрделі және ағымдағы жөндеу

Атқарылған жұмыстар актісі

"3-Энергоорталық" АҚ (ЖЭО-3) (келісім бойынша)

2015-2020ж

116

3,5

3,7

96

4

4,3

4,5

Кәсіпорынның өз қаражаты

0,3мың.м3/сағ отын шығынын азайту. Күтілетін экономикалық эффект ~12,8 млн.тнг/жыл.

2.1.2.

ТГМЕ=464 ст.№2 қазандық агрегатына күрделі және ағымдағы жөндеу

Атқарылған жұмыстар актісі

"3-Энергоорталық" АҚ (ЖЭО-3) (келісім бойынша)

2015-2020ж

218,9

3,5

93

3,9

4,1

4,4

110

Кәсіпорынның өз қаражаты

Күтілетін экономикалық эффект ~12,8 млн.тнг/жыл.

2.1.3.

ТГМЕ=464 ст.№3 қазандық агрегатына күрделі және ағымдағы жөндеу

Атқарылған жұмыстар актісі

"3-Энергоорталық" АҚ (ЖЭО-3) (келісім бойынша)

2015-2020ж

216,2

90

3,7

3,9

4,1

110

4,5

Кәсіпорынның өз қаражаты

Күтілетін экономикалық эффект ~12,8 млн.тнг/жыл

2.1.4.

Турбоагрегат ПТ-80-100-130/13 ст.№1 күрделі және ағымдағы жөндеу

Атқарылған жұмыстар актісі

"3-Энергоорталық" АҚ (ЖЭО-3) (келісім бойынша)

2015-2020ж

220,7

95

2,5

2,6

2,7

115

2,9

Кәсіпорынның өз қаражаты

Жұмыстың сенімділігін арттыру. ПӘК көбеюі.

2.1.5.

Турбоагрегат ПТ 80/100-130/13 ст. №2 күрделі жөндеу

Атқарылған жұмыстар актісі

"3-Энергоорталық" АҚ (ЖЭО-3) (келісім бойынша)

2015-2020ж

128,2

2,4

2,5

2,6

115

2,8

2,9

Кәсіпорынның өз қаражаты

Жұмыстың сенімділігін арттыру. ПӘК көбеюі.

2.1.6.

Диаметрі 325 мм магистралды жылу құбырларын 720 мм құбырларды ауыстыру. (жылу оқшаулау, қайта орнату )


Атқарылған жұмыстар актісі

"3-Энергоорталық" АҚ (ЖЭО-3) (келісім бойынша)

2015-2020ж

874

128

130

139

148

159

170

Кәсіпорынның өз қаражаты

Жылу шығындарының жылу тасымалдағыштардың ақауының азаюы

2.1.7.

Диаметрі 57 мм ішкі орамды жылу құбырларын диаметрі 159 мм құбырларды ауыстыру. (жылу оқшаулау, қайта орнату)

Атқарылған жұмыстар актісі

"3-Энергоорталық" АҚ (ЖЭО-3) (келісім бойынша)

2015-2020ж

229,8

32,1

34,7

36,7

39,3

42

45

Кәсіпорынның өз қаражаты

Жылу шығындарының жылу тасымалдағыштардың ақауының азаюы

2.1.8.

РК-3,К-19.К-24,К-54, ПМК-49 қазандықтарына ағымдағы жөндеу

Атқарылған жұмыстар актісі

"3-Энергоорталық" АҚ (ЖЭО-3) (келісім бойынша)

2015-2020ж

29,1

4,0

4,3

4,6

5

5,4

5,8

Кәсіпорынның өз қаражаты

Жылу шығынының азаюы

"3-Энергоорталық" АҚ бойынша барлығы

2 032,90

358,5

274,4

289,3

322,2

442,9

345,6

 

 

2.2.

"Шардара СЭС" АҚ

 

2.2.1.

Негізгі және көмекші жабдықтарды жаңырту, қайта құру, сондай-ақ, энергетика секnорында энергия үнемдеу шараларын жүргізу

Атқарылған жұмыстар актісі

"Шардара СЭС" АҚ (келісім бойынша)

2015-2018ж

9060,810096

4221,3609

4828,550196

5,265

5,634




 

Кәсіпорынның өз қаражаты

 

2.2.2.

Энергетикалық аудит жүргізу

Энергия аудит қорытындысы

"Шардара СЭС" АҚ (келісім бойынша)

2017ж

15

 

 

15

 

 

 

Кәсіпорынның өз қаражаты

 

2.2.3.

Жүргізілген энергия аудиттің қорытындысы негізінде энергия үнемдеу іс-шараларын жүзеге асыру

Атқарылған жұмыстар актісі

"Шардара СЭС" АҚ (келісім бойынша)

2018-2019ж

 

 

 

 

**

**

 

Кәсіпорынның өз қаражаты

 

2.2.4.

Ғимаратта және өндірістік орындарда жылыту жүйесін жүргізу, ыңғайлы микроклимат орнату (салқындатқыш)

Атқарылған жұмыстар актісі

"Шардара СЭС" АҚ (келісім бойынша)

2015ж

1,0

1,0

 

 

 

 

 

Кәсіпорынның өз қаражаты

Сапалы жылу энергиясымен қамтамасыз ету

"Шардара СЭС" АҚ

9076,81

4222,36

4828,55

20,27

5,63

0,00

0,00

 

 

2.3.

"Кентау-Сервис" МКК (ЖЭО-5 )

 

2.3.1

Қуаттылығы 15 МВт газбен жұмыс істейтін үш турбиналық қондырғы және қуаттылығы 30 Гкал су жылытқыш 3 қазандықтың құрылысы



Атқарылған жұмыстар актісі

Кентау қаласының әкімдігі, "Кентау сервис" МКК

2016-2017ж

6000,0




3000,0

3000,0



 

 

Республикалық бюджет

 

 

"Кентау-Сервис" МКК (ЖЭО-5) бойынша барлығы

6000,0




3000,0

3000,0




 

 

 

 

2.4.




"Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС

 

2.4.1.

Ғимараттарға таралатын 0,4 кВ әуе электр желілерді ауыстыру

Атқарылған жұмыстар актісі

"Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС (келісім бойынша)

2015-2020ж

804,4

113,3

115,9

106,0

130,8

162,2

176,2

Кәсіпорынның өз қаражаты

276 768 кВт/сағ электр энергияны үнемдеу

2.4.2.

Қолданыстағы 35 кВ ҚС-ның қосымша күштік трансформаторларын қосу және орнату, артық жүктелгенін ауыстыру

Атқарылған жұмыстар актісі

"Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС (келісім бойынша)

2015ж

156,7

156,7

 

 

 

 

 

Кәсіпорынның өз қаражаты

72 000 кВт/сағ электр энергияны үнемдеу

2.4.3.

Қолданыстағы 10-6кВ ТП, КТП қосымша күштік трансформаторларын қосу және орнату, артық жүктелгенін ауыстыру

Атқарылған жұмыстар актісі

"Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС (келісім бойынша)

2015-2020ж

1 268,5

154,9

229,0

202,2

210,5

226,9

245,0

Кәсіпорынның өз қаражаты

558 872 кВт/сағ электр энергияны үнемдеу

2.4.5.

Артық жүктелгенін қолданыстағы 10-6кВ ТП, КТП қосымша күштік трансформаторларды ауыстыру



Атқарылған жұмыстар актісі

"Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС (келісім бойынша)

2015-2020ж

18,9

4,2

5,1

3,1

3,8

1,3

1,4

Кәсіпорынның өз қаражаты

31 200 кВт/сағ электр энергияны үнемдеу

2.4.6.

Артық жүктелген желілердің сымдарын ауыстыру

Атқарылған жұмыстар актісі

"Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС (келісім бойынша)

2015-2020ж

3 645,7

346,6

544,6

637,6

687,1

687,4

742,4

Кәсіпорынның өз қаражаты

3 332 622 кВт/сағ электр энергияны үнемдеу

"Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС бойынша барлығы

5894,2

775,7

894,6

948,9

1032,2

1077,8

1165,0

 

 

 

Энергетикада энергия үнемдеу бойынша барлығы

23003,9

5356,6

8997,6

4258,5

1360,0

1520,7

1510,6

 

 

3.

Сумен қамтамасыз етуші мекемелердегі энергия үнемдеу

3.1.

"Су ресурстары-Маркетингі" ЖШС ("СрМ" Шымкент қ.)

 

3.1.1.

Биогаз өндірумен ағын су тазалаудың жасыл технологиясын енгізу және соның негізінде қуаттылығы 500 кВт/сағ газ генераторлы электр стансасын іске қосу

Атқарылған жұмыстар актісі

"Су ресурстары- Маркетингі" ЖШС (келісім бойынша)

2015ж

1580,00

1580,00

 

 

 

 

 

Инвестиция

Қоршаған ортаға қалдықтар шығындыларының азаюы, дәстүрлі емес 500 кВт/сағ электр энергияны өндіру

3.1.2.

ДРЛ-250 Вт және ЛПО типті құрамында сынабы бар шамдарды НЗ-50 Вт жарықдиодты шамдарға ауыстыру, (50 дана)

Атқарылған жұмыстар актісі

"Су ресурстары- Маркетингі" ЖШС (келісім бойынша)

2015ж

0,8

0,8

 

 

 

 

 

Кәсіпорынның өз қаражаты

10кВт/час электр энергияны үнемдеу, экологиялық таза жарықтандыру жүйесін қолдану. Қалдықтардың атмосфераға шығындарының азаюы

3.1.3.

Тассай су бөгетінің 3 ұңғымасындағы энергияны көп қажет ететін сорғылық агрегатты энергия үнемдегішіне ауыстыру

Атқарылған жұмыстар актісі

"Су ресурстары- Маркетингі" ЖШС (келісім бойынша)

2015ж

3,6

3,6

 

 

 

 

 

Инвестиция

Әр ұңғымада электр энергияны 20% үнемдеу



3.1.4.

Өндірістік орындарда себізгілер үшін су қыздырғышы бар күн көзінен қуат алатын панельдер орнату (АКВ ,БСВ, РВК, Электр цехі)

Атқарылған жұмыстар актісі

"Су ресурстары- Маркетингі" ЖШС (келісім бойынша)

2015ж

0,8

0,8

 

 

 

 

 

Кәсіпорыннның өз қаражаты

Электр энергияның шығынынсыз "Жасыл" технологияныпайдаланып жұмысшылардың тұрмыстық жағдайын жақсарту


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет