Электр қауіпсіздігі Жоспар



бет1/27
Дата14.12.2023
өлшемі153.18 Kb.
#486548
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
f61dbbe17d5d170


Электр қауіпсіздігі

Жоспар:
Кіріспе.
1) Пәннің мақсаты мен міндеті.
2) Электр қауіпсіздігі бойынша мамандарға талаптар.
3) Электр қауіпсіздігі туралы ҚР заңнамасы, нормативтік құжаттар.
4) Терминдер және анықтамалар.
5) Дабыл түрлері және электр қауіпсіздігі белгілері.
Кіріспе
Қазақстан Республикасында электрмен қамтамасыз ету электр қондырғыларды жасау мен енгізудің қазіргі заманғы жоғарғы нәтижелі электр машиналарын және аппараттарын, электр беретін желілерді, әртүрлі электротехникалық жабдықтарды, автоматика және телемеханиканы пайдалану арқылы дамып келеді.
Көптеген электр қабылдағыштарды қауіпсіз және авариясыз пайдалануда, оларады қолданатын және қызмет көрсететін жұмыскерлер алдына, еңбекті қорғау бойынша жан-жақты және күрделі міндеттерді қояды.
Электрленген өндірістік қондырғыларды пайдаланатын қызметкерлер мен жұмыскерлердің дұрыс және қауіпсіз еңбек жағдайы электр қондырғыларды пайдалануда ережелер мен нормаларды орындағанда ғана қамтамасыз етілуі мүмкін.
1 Пәннің мақсаты және міндеті
Пәннің мақсаты жұмыс сипатына қарай нақты кәсіпорындарда (ұйымдарда) еңбектің электр қауіпсіздігінің жағдайын жасау мәселесінде кәсіптік іскерлігі бар мамандарды дайындау болып табылады.
Пәннің міндеті: электр тогымен адамды соғу себептерін, электр тогының және атмосфералық электрдің әсер етуінен көлік жұмыскерлерін қорғау тәсілдері мен құралдарын зерттеу.
Пәнді оқып - үйреніп студент білуге тиісті:
- электр тогынан зақымданудың мүмкін көздерін және олардың қауіптілігін бағалауды;
- электрге байланысты жұмыстарды қамтамасыз ететін маңызды техникалық талаптарды;
- тиімді тәсілдерін таңдау негіздерін;
- адамның электр тогынан зақымдануының алдын алуды ұйымдастыру мен техникалық іс  шараларды;
- электр қондырғыларда жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық құралдарды;
- электр қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жалпы мәселелерді;
- электр тогының адамға әсер етуінің сипаты мен салдарларының факторларын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет