Жоба павлодар ауданының қылмыстық-атқару жүйесі пробация қызметінің есебінде



Дата07.07.2016
өлшемі19.42 Kb.
#182851


ЖОБА

Павлодар ауданының



қылмыстық-атқару жүйесі

пробация қызметінің есебінде

тұрған, бас бостандығынан

айыру орындарынан босатылған

адамдар үшін және

интернаттық ұйымдардың

кәмелетке толмаған түлектерді

үшін жұмыс орындарының

квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының  5-5)5-6) тармақшаларына сәйкес, қылмыстық-атқару жүйесі пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерін әлеуметтік қорғау және оларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жұмыс орындарының квоталары:

қылмыстық-атқару жүйесі пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін меншік нысанына қарамастан Павлодар ауданының кәсіпорындарында және ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санынан екі пайыз;

бас бостандығанан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін меншік нысанына қарамастан Павлодар ауданының кәсіпорындарында және ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санынан екі пайыз;

интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін меншік нысанына қарамастан Павлодар ауданының кәсіпорындарында және ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде белгіленсін.
      2. «Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдамалар беру арқылы қылмыстық-атқару жүйесі пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектеріне квоталанатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі Н. Әутәліпов



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет