Сақталған ескерткіштердің көпшілігі обалар. Көрсетілген
дәуірлердегі обаларға тән қасиет олардың сыртқы көріністерінің
бір – біріне ұқсас келуі. Елек өзенінің жоғарғы ағысындағы
Бесоба, Сынтас обаларын зерттегенде мәйіттер мүрдеге жерленбей,
жер үстіне дайындалған алаңға жерленгені анықталған. Мәйіттер
қойылған соң, олардың үстінен ағаштан шатыр, тұрғызылып, оның
үсті
жеңіл-желпі бұталармен жабылып, одан кейін топырақ, құм,
таспен оба тұрғызылған. Жерлеудің мұндай әртүрлі болып келуі,
сармат тайпаларында өздеріне тән жергілікті әдет-ғұрып, салт-
сананы көрсетеді.Сынтас обасына жерленген адамның жанынан
табылған қару-жарақ, құрал-саймандар, түрлі қымбат бұйымдар,
оның тіршілігінде белгілі әскери қолбасшы болғандығын
байқатады. Оған екінші дәлел оның екінші
жағында қызмет
көрсетуші екі малайы да бірге жерленген.
Сармат обаларында өте бағалы заттар көптеп табылған.
Сондықтан да жерленген адамдардың бай, кедей немесе ру-
ақсақалы, тайпа көсемдері екендіктері бірден байқалады. Ал
адамдары дүние мүліктерімен бірге жерлеу олардың о дүниедегі
өмірге сену, ата – баба рухына табыну сияқты діни-наным
сенімдердің сармат тайпаларында орын алғандығын дәлелдейді.
Бұл діни нанымдардың әдеттері сонау қола дәуірінен бері қарай
жалғасып келе жатқандығын байқау қиын емес.Сондай әдеттің бірі
қола дәуіріндегі адамды өртеп, күл-көмірін
жерлеу салтының
сарматтарда кездесуі.
Обаларда табылған әшекей, сәндік бұйымдар сармат
тайпаларының ішінде тамаша зергерлердің болғандығын көрсетсе,
ал темірден жасалған үзеңгі, ауыздық және оның сулықтары т.б.
металл бұйымдар он саусағынан өнер тамған тамаша темір
ұсталарының болғандығына күмән туғызбайды. Ал б.з.
алғашқы
ғасырларындағы сармат обаларынан мыстан, шойыннан жасалған
қазандар, құмандар, күміс қасықтар табылды.Заттардың ішінде
алтыннан жасалған қымбат бағалы бұйымдар да кездеседі. Сармат
шеберлері металдың барлық түрлерін ұқсата білген темір дәуірінің
соңғы кезінде сармат тайпаларының тұрмыста металл бұйымдарды
жиі-жиі қолданғандықтары зергерлік пен ұсталықтың
дамығандығын көрсетеді.