ЖЕРЛЕУ ҒҰРПЫНЫҢ ФОЛЬКЛОРЫ
Орындаған: Әби Сара
Тексерген: Ұлықпанова Алия
Тобы: 102 ҚФ
ҚР Жоғарғы білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
«Қазақ филологиясы» факультеті
Ақтөбе, 2023 жыл
ЖОспар - Жерлеу ғұрпының фольклоры
- Қазақ халқында қалыптасқан салт
- Қайтыс болғанда орындалатын рәсімдер
- Жоқтау салты
- Жерлеу рәсімі
- Рулық зираттарда жерлеу дәстүрі
- Қорытынды
Жерлеу ғұрпының фольклоры
Жерлеу ғұрпының фольклоры құрылымы аса күрделі әрі қайшылықты, сан түрлі жөн-жоралғылардан тұратын кешенді жүйе. Өйткені, оның негізі – жалпы тіршілік ұғымына қарама-қарсы мәндегі өлім оқиғасы. Аталмыш ғұрыпқа қатысты фольклордың пайда болу, даму, өзгеру тарихы адамзат санасының көне замандардан күні бүгінге дейінгі ой-түсініктерінің тарихымен тығыз байланысты. Жерлеу ғұрпы фольклорының өзге ғұрыптан өзіндік ерекшелігі өлім жайлы көнеден күні бүгінге дейін жалғасқан түрлі түсініктермен байланыстылығы.
Қазақ ХАЛҚЫНДА ҚАЛЫПТАСҚАН САЛТ
Өлім халіне жақындаған адамды о дүниеге жөнелтудің шарттары
Ағайын-туғандарына хабар беру
Тірілерге соңғы тілегін, аманатын айтып естірту
Жанның тәннен шығуы үшін қолайлы жағдайлар жасау (иман үйіру, су тамызу, жастығын алу, т.б.)
Қайтыс болғанда орындалатын рәсімдер
Кісінің қайтыс болғандығы туралы қаралы хабарды оның жақынжуығына бірден айта салмай, ауыр хабарға психологиялық тұрғыдан дайындап алып барып, жеткізу үрдісі қазақ халқының берік қалыптасқан ізгі дәстүрі болған. Ол жөнінде М.Әуезов: «Естіртудің мол ұшырасуы қазақ халқының жан дүниесінің тазалығын, қайғы көріп, қаралы болғанға қабырғасы қайысып, ауыртпалықты бірге көтерісетінін, оның адамның күйінішсүйініштерін терең сезінген сыпайыгершілігін, көргендігін танытады» деп пікір тұжырымдайды.
Жыл бойына азалы үй назардан тыс қалмай, жерлеуге келмегендер келіп, көңіл айтып, жұбатып отырған. Дүниеден озған адамның жасына, жынысына, қоғамдағы орнына байланысты естіртудің, көңіл айтып, жұбатудың мазмұнында өзгешеліктер болады. Көңіл айту, жұбатудың мәні: әркім өзінің сөз шеберлігіне қарай жылы сөйлеп, марқұмға иман тілеп, артындағыларға жақсылық, тіршілік тілеу. Онда тірлікке таяныш боларлық тұжырымдар түйінделіп, қаралы көңілге жұбаныш етерлік мәні бар ойлар ғана айтылады. Яғни: «Ауыр хабар алғашқы рет естілетін жерде құр қайғының бірін айтып, жараның аузын ашып қоймай, қазақтағы бауырмалдық, туысқандық, жан күйерлік жолымен соның емі сияқты жұбату да айтылады»
Достарыңызбен бөлісу: |