Жоба
Түпқараған аудандық мәслихатының шешімі
11 желтоқсан 2013 жыл № 17/
Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы
21 желтоқсандағы №8/61
«2013-2015 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және «Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №7/77 «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы ____ желтоқсандағы № ___ /___ Маңғыстау облыстық мәслихатының шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде ____ желтоқсан 2013 жыл № ____ болып тіркелген) сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 8/61 «2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 28 желтоқсанда № 2185 болып тіркелген, 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 02-03 (570-571) «Ақкетік арайы» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
2013 жылға арналған аудандық бюджет 1 –қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 6 032 555,2 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 4 237 438,5 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 20 296,4 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 34 388,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 1 740 432,3 мың теңге;
2 ) шығындар – 6 196 550,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу –99 953,0мың теңге оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 107 636,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу -7 683,0мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо-0 теңге, оның ішінде;
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер-0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 263 948,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 263 948,5 мың теңге,
қарыздар түсімі – 51 930,0 мың тенге;
қарыздарды өтеу –7 683, 0 мың тенге;
бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары – 219 701,5 мың теңге».
2. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы: Аудандық мәслихат хатшысы:
О.Әбдірахманов А. Досанова
«КЕЛІСІЛДІ»
«Түпқараған аудандық экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы :
Ж.Төлеген
« » желтоқсан 2013 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |