Жоба Түпқараған аудандық мәслихатының шешімі 11 желтоқсан 2013 жыл №17/ Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 желтоқсандағы №8/61



Дата25.02.2016
өлшемі21.81 Kb.
#25528


Жоба
Түпқараған аудандық мәслихатының шешімі
11 желтоқсан 2013 жыл № 17/

Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы

21 желтоқсандағы №8/61

«2013-2015 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және «Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №7/77 «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы ____ желтоқсандағы № ___ /___ Маңғыстау облыстық мәслихатының шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде ____ желтоқсан 2013 жыл № ____ болып тіркелген) сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 8/61 «2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 28 желтоқсанда № 2185 болып тіркелген, 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 02-03 (570-571) «Ақкетік арайы» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

2013 жылға арналған аудандық бюджет 1 –қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 6 032 555,2 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 4 237 438,5 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 20 296,4 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 34 388,0 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша – 1 740 432,3  мың теңге;

2 ) шығындар –  6 196 550,7 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу –99 953,0мың теңге оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 107 636,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу -7 683,0мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо-0 теңге, оның ішінде;

қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер-0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 263 948,5 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 263 948,5 мың теңге,

қарыздар түсімі – 51 930,0 мың тенге;

қарыздарды өтеу –7 683, 0 мың тенге;

бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары – 219 701,5 мың теңге».

2. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрағасы: Аудандық мәслихат хатшысы:
О.Әбдірахманов А. Досанова

«КЕЛІСІЛДІ»

«Түпқараған аудандық экономика

және қаржы бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің бастығы :

Ж.Төлеген




« » желтоқсан 2013 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет