Жобаның қажеттілігі Жалпыға білім беру заңында оқушыларға кәсіптік бағдар беру және еңбекке баулуға ерекше көңіл бөлінген



Дата07.07.2016
өлшемі43.18 Kb.
#183210

Жоба авторлары

Тегі, аты-жөні

Cалекина Рауза Мукановна, Райымкулова Қалила Копжасаровна

Аймақ

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы

Мектеп орналасқан елді мекен

Ақтөбе қаласы

Мектеп нөмірі немесе атауы

36 қазақ орта мектебі

Жоба тақырыбы

Қазақтың ұлттық қолөнері,тұс киіз,9-класс

Жобаның қысқаша мазмұны

Жобаның қажеттілігі Жалпыға білім беру заңында оқушыларға кәсіптік бағдар беру және еңбекке баулуға ерекше көңіл бөлінген. Оқушыларға сәндік –қолданбалы өнердің сан тарауларының бірі-қазақтың ұлттық бұйымдарының жасалу және дайындалу жолдарына тоқталу.

Жобаның өзектілігі Қазіргі заман талабына сай ұлттық қолөнерді меңгерген оқушы дайындауға ықпал ету.

Жобаның мақсаты Қолөнер- дүние жүзінің әр халқына тән халық қазынасы ,ғасырлар мұрасы. Осы мұраларды қол шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларына арқау ете білген. Басты мақсат осы өнер ғажайыптарын оқушылардың бойына сіңіру.


Пән(дер) технология

Класс(тар) 9-класс

Бұл оқу жобасы мектеп бағдарламасындағы орта буынның 9-кластарына арналған.

Жобаның ұзақтығы

Жоба аптасына 2 сабақ, 8 аптаға арналған

Жоба негізі

Білім Беру стандарты

Мемлекеттік жалпыға Білім Беру стандарты, 9- класқа арналған оқу бағдарламасы бойынша 16 сағат;


Дидактикалық мақсат / Күтілетін нәтиже

Жоба соңында оқушылар мынадай нәтижелерді көрсетеді:

Күтілетін нәтиже.

1.Материал таңдай білу.



2.Түс үйлесімділігін анықтай білу.

3.өру тәсілдерін меңгеру.

4.ұлттық қолөнерді ажырата білу.

5.Ою-өрнек үндестігі.

6.қазіргі заманғы үй интереріне ұлттық қолөнердің кейбір элементтерін қолдана білу.




Жобаға бағытталған сұрақтар

Жобаға негізделген сұрақтар

Қазақтың ұлттық қолөнерінің адам өміріндегі маңызы. 2.Тұс киіз туралы не білесіз? 3.Қандай ою-өрнек салуға болады?

Оқу тақырыбындағы проблемалық сұрақтар

1.Ата-бабамыздан қалған мұраларға сіздің көзқарасыңыз?

Оқу бағдарламалық сұрақтар

1.Түс үйлесімділіктің керегі бар ма? 2.Тігіс түрлерінің ерекшелігі неде?

Жобаға дейінгі жұмыс

Оқушылар жоба бойынша жұмыс жасайды және тапсырмалар орындайды

Жоба соңындағы жұмыс

1.Оқушыны жобаға дайындау;

2.Жұмыс тақырыбымен таныстыру;



3.Оқушыны зерттеу жұмысына өзіндік көзқарасын қалыптастыру.

1.Эскизі арқылы суретін саламыз

2.Материал (БАҚ және мата) таңдай білу.

3.Керекті құрал-жабдықтар (ине,жіп,қайшы,шаблон,бор,оймақ,т.б) 4.Негізіне орналастыра білу(оюды салғастыру,үйлестіру,көктеу)

5.Тігіс түрлеріне тоқталу (орайпек,біз,баспа тігіс)

6.Тігу жұмыстары

7.Жобамәліметтерін жинақтау,саралау,жүйелеу.

Жобаны бағалау, жұмыс тақырыбын толық меңгеру,болашақта жобаның оқушы қажеттілігіне жарату.

Оқыту тілі өзге тілдегі оқушы

Эскизді,суретті мәтіндер мен иллюстративті жинақтар,аударуға арналған екі тілді сөздіктер мен басқа да құжаттар.

Дарынды оқушы

Оқу материалын мазмұнын меңгерудің әр түрлі әдістерін меңгерту, оқушының өз бетімен зерттеу қызметін ұйымдастыру.Жұмыстың бағыты мен заңдылықтарын білуге, берілген тапсырмаларды жүйелеу, саралау, жұмысты терең түсіне, сезіне білуге арналған тапсырмалар орындау.

Технологиялар – көрнекіліктер

Фотоаппарат, лазерлі диск, видеомагнитофон, компьютер(лер), принтер, видеокамера, жобалау жүйесі, видео-, конференц құралдары, DVD-музыкалық құрылғысы,сканер, интернет, телевизор, т.б.

Баспа материалдары

Оқулықтар,әдістемелік нұсқаулықтар,газет-журналдар,энциклопедиялар, анықтамалық жинақтар т.б.

Интернет-ресурстары

Веб-адрес тізімі, жобаны жасауға арналған ресурстар.

Басқа ресурстары

Жобаны табысты жасау үшін кіммен әңгімелесу, сұхбат жүргізу керек, нені ұйымдастыру керек?(экскурсиялар, эксперименттер, қонаққа бару,ересектермен,ауыл адамдарымен, басқа оқушылармен/кластар, эксперт, ата-аналар және т.б.)


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет