- Жобаның мақсаты: Поэзия падишасы Ф.Оңғарсынованың шығармашылығымен терең танысу, қыз тақырыбындағы өлеңдеріне талдау жасау арқылы образ берудегі ерекшелігін тану
- Міндеті: Ф.Оңғарсынова поэзиясындағы лириканың түрлеріне және әйел тақырыбындағы өлеңдеріне талдау жасай отырып, қыздар образындағы ақынның өз бейнесін таныту
- Авторы: Мырзахан Аруна
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
«ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ: МӘДЕНИ РӘМІЗДІК ТАЛДАУ»
- Зерттеу кезеңдері: Тақырыпты зерттеу барысында Ф.Оңғарсынованың шығармашылығымен оқып танысып, әсіресе қыздар тақырыбындағы өлеңдерін терең зерттеп, теориялық, практикалық талдаулар жасап, жұмыс тақырыбына қатысты әдебиеттер мен деректер жинақтап, тұжырым жасалған.
- Жаңалығы: Ф.Оңғарсынова поэзиясындағы лириканың түрлеріне және әйел тақырыбындағы өлеңдеріне талдау жасай отырып, қыздар образындағы ақынның өз бейнесі танылды.
- Нәтижесі: Ғылыми жұмысты орындаушы өз талдауларын қорытындылай келіп, бүгінгі таңда Ф.Оңғарсынова шығармашылығының
- даралық сипатын танытып, ақынның туындыларына мектеп
- бағдарламасынан орын беру қажет деп түйін жасайды.
НЕГІЗГІ
БӨЛІМ
Фариза Оңғарсынова бүгінде ел тарихындағы айтулы тұлға екені анық. Көзі тірісінде қазақ поэзиясының патшайымы ретінде танылды. Ең алдымен халықтың сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленген Қазақстанның халық жазушысының жоғары атағы сияқты атағы даусыз.
Ақын жырларының арқауы – әйелдер
Әйел образы – Кие мен Қасиеттің, өршілдік пен қайсар рухтың символы
Фариза Оңғарсынова өлеңдеріндегі әйел бейнесі
Фариза Оңғарсынова кім?
қазақ қыздарына, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметоваға арналған.
Қыздың өзі ғашық болуы азап екендігін, қыздың нәзіктігі туралы айтылған
күйші Дина Нұрпейісоваға, әншілер Бибігүл Төлегеноваға, Роза Бағлановаға арнайды.
Сонау замандардағы әжесінің ұлылығын жалғап келе жатқан отандастарына гимн іспеттес бұл өлең.
«Тыңдандар, тірі адамдар!»
Қыз сыры
“Сандуғаш”, “Бұлбұл”
Әйел атты ҰЛЫЛЫҚ!
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ӘЙЕЛДЕР БЕЙНЕСІ
ӘЙЕЛ ЖҮРЕГІМЕН ЖЫРЛАҒАН ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВАНЫҢ ПОЭЗИЯСЫНАН ӨЗІНЕ ТӘН ҚАСИЕТІ
Күш қуаты мол
10%
Дана
10%
Батыр
10%
Шыншыл
10%
Өнерлі
10%
Адал
10%
Нәзік сезімді
10%
Тәкаппар
10%
Қайсар
10%
Сүйіспеншіл
10%
- Ең бастысы, Әйел-Ана –өршіл рухты құдіретті күш. Фариза өлеңдерін оқи отырып, әйелдің осы бір аталмыш қасиеттерін мойындамасқа болмайды. Сонымен қатар, бұл Әйел-Ана қасиеттерінің баршасы Ф.Оңғарсынованың өз бойынан табылуы –өлең-жырындағы ғана емес, өмір жолындағы да шыншыл бейнесі шығар, мүмкін.
ҚОРЫТЫНДЫ
Мен бұл жоба барысында Фариза өлеңдеріндегі әйел образын зерттей келе автордың өзінің өршіл рухын, ақындық менін, асқақ бейнесін көрдім.
Ар мен намыстың, әйелдік нәзіктік пен қазақы қайсарлықтың, жасын шабыт пен қас таланттың құймасындай танылып, халқы қадірлеп төбесіне көтерсе де қарапайымдылықтан танбаған, десе де, Махамбеттің қос жүзді болат семсеріндейжалғандықты қақырата шапқан Фариза ақын жырлары - өмір сабағы, өмірдің өз дәрісі, тіпті өмірдің өзі екендігін зерттеу барысында толық білдім.
Ақын поэзиясындағы адасқанға жол көрсетіп, білмегенге жөн сілтеп отыратын Әйел образы –Кие мен Қасиеттің, өршілдік пен қайсар рухтың символы екендігін таныдым.
Ф.Оңғарсынова шығармаларының мектеп оқушылары арасында көптеп таратылғаны жөн деп есептеймін. Ақынның «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Туған жерге сағыныш», «Жүрек сенсің...», «Қыз сыры» секілді шығармаларын мектеп бағдарламасына енгізу қажет. Себебі, бұл шығармалар шәкірттерді өткеннен сабақ алуға, адамзат үшін ең қымбат қасиет – адамгершілікке және патриотизмге тәрбиелері сөзсіз.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ
Достарыңызбен бөлісу: |