«Өзім кетсем де, артымда сөзім қалсын» деп жырлаған ақын жырлары мәңгілік



бет1/3
Дата31.05.2022
өлшемі129.66 Kb.
#458823
  1   2   3
«?ç³ì êåòñåì äå, àðòûìäà ñ?ç³ì ?àëñûí» äåï æûðëà?àí à?ûí æûðëàðû


Есләм Зікібаев – Солтүстік Қазақстан об­лысында дүниеге келді. Оның балалық ша­ғы Есіл өзенінің жағасындағы Өрнек дей­тін кішкентай ауылда өтті. 
Рауза апай әңгімесінде: «Ағаңды құр­мет­теуді ол кісінің туған ауылынан үйрендім. Өр­нек ауылының айналасын аққайыңды ор­ман қоршаған. Сол алақандай ауылда бі­рін-бірі танымайтын жан жоқ еді. Жаз шыға ел­ге барсақ, әрқайсысы үйлеріне қонаққа ша­қыратын. Кішкене ғана ауыл. Әр үйін бі­лемін десем де болады», – дейді. 
Өрнек ауылындағы Өрнек орта мектебіне 2004 жылы Есләм Зікібаевтың аты берілді. Бір кездері төрт жылдық мектеп болатын, қа­зір тоғыз жылдық болып өзгерген. Сол мек­тепте Есләм ақынның өз музейі бар. 
«Өзім кетсем де, артымда сөзім қалсын» деп жырлаған ақын жырлары мәңгілік. 
– Кім оянып, мәңгіге кім жатады,
Тоқтамайды күн шығып, күн батады...
Өзім кетсем, артымда сөзім қалсын, 
Ерік бердім жан сырым – жырға тағы, – деп жырлайтын ақын жыры туған жерге, отан­ды сүюге, ұлтты сүюге жетелейді. 
Әріптестері ол туралы «Есләм Зікі­баев­тың ақындығы көк аспанда қанатын еркін сам­ғаған қыран бүркітті көз алдыңа елес­те­теді» деген екен. Расымен де солай. Қараңыз­шы:
– Қарашығым!
Ән тербеп өскен елдің баласымын,
Әнмен айтсам жете ме жүрегіңе,
Сырларымның сап таза, сап асылын.
Сағым далам –
Сұлулықты жырлаудан жаңылмаған, 
Махаббатты анамдай әлдилеген,
Әлдилеген ғажайып лағыл далам, – дейді қыран ақын. 
Туған елге, туған жерге деген сағыныш. Оның жырлары еркіндікті сүйеді, елдікті на­сихаттайды. Парасатты жырлар ұлтты тәр­биелеуге қызмет етеді. 
Есләм ақынның өлеңдеріне ән де жа­зыл­ды. Ол жөнінде Рауза апай: «Есләм ағаларың әнге арнайы сөз жазбаған ақын. Еліне, туған жер­ге деген ғашықтық сезімінен туған жыр­лары әнге сұранып тұрған болуы керек. Ол үнемі адалдықты ақтарыла жырлады. Есләм Ар мен Ақиқаттың жаршысы еді. Кісілігі мен кі­шілігі қандай! Жырлары тұнған лирика де­сек те болады. Ең бастысы, ол өз жүрегінің лү­пілін тыңдап ақын болды» деп сыр шер­те­ді. 
Рауза апай мен Есләм ақынның табысуы да өзгеше. «Біз студент кезде таныстық. Екеу­міз де Алматыда оқыдық. Алайда бізді та­ныстырған Қордайдың би алаңы еді. Ол кез­де кешкі сегізден бастап, бір-екі сағатқа би­ге баратын едік. Ата-анамнан сұранып, қа­сымда өзімнен бірер жас кіші сіңлімді ер­тіп алып, би алаңына барғанбыз. Алаңда бей­таныс екі жігіт жүр екен. Түрі сұсты бо­лып көрінгенімен, бойшаңы биге шақырды. Би­леп жүріп атымды, қайда оқитынымды сұрады. Атымның Рауза екенін, Қыздар инс­титутында екінші курсқа көшкенімді айт­тым. Қазақ пен қырғыз арасындағы диа­лек­тілерді жинау үшін ғылым академиясының Тіл білімі инстиутты іссапарға жібергенін, ауыл аралап, диалекті сөздерді жинап жүр­гендерін айтты. Бірақ жігіттің аты есімде қал­мапты. Күзге салым Алматыға келіп, жа­тақханама орналасып жатсам, қыздардың бәрі: «Сені ұзын бойлы бір жігіт іздеп жүр» деп қоймайды. Сөйтсем, ағаларың Алматыға келе сала мені іздеген екен. Жақын таныса жүріп, сырлас досқа айналдық. Қыз бен жігіт бо­лып жүргенімізде «ақын едім, өлең жаза­тыным бар еді» дегенді айтқан емес» дейді. 
Ақын – көңіл-күйдің адамы. Мұқағали ақын: 
«Ей, ақындардың жарлары! 
Ақын деген табиғат ғой. 
Қысы, күзі, жазы бар. 
Көктемі бар шуақты,
Аймала да, ақыныңды жазып ал.
Кеше біреу жылатты» деп тегін жырлама­са керек-ті. Сол айтқандай, ақынға жар болу да оңай емес. 
Ал ақынға жар болу тіптен оңай емес. Бұл орай­да Рауза апайдың да айтары бар. «Ақын­ның жары болу екінші қызмет сияқты көрінеді маған. Ақынның жары алғашқы тың­дарманы, оқырманы деуге де болады. Ша­бытты шақтарында оны көп қозғауға бол­майтын. Өзі аса балажан кісі еді. Сүйсе құлай сүйе білген жан еді. Ақын адамдардың еш­қайсысы бір-біріне ұқсамайтын. Есләм­нің ерекшелігі, өлең жазуда жер талғамайтын. Сөй­те тұра, өлеңдерінің басым көпшілігі қыс мез­гілінде жазылыпты. Тіпті «Жеңеше» де­ген поэмасын екі жетіде бітіргені бар-ды» дей­ді Рауза апай.
Қордайдан сонау Солтүстіктегі Өрнек ауы­лына күйеуге шығам дегенінде, Рауза апайдың ата-анасы қалай қарады екен? Біз­дің бұл сауалымызға: «Күйеуге шы­ғат­ы­ным­ды естігенде, ата-анам жер түбіне кетіп ба­ра­сың деп қатты толқыды. Тіпті әкем араға ағайындарымызды салып, алысқа бармай-ақ қойса қайтеді дегендей де әңгімелер айтса ке­рек. Әншейінде ұяң, біртоға адам едім. Бі­рақ бұл жолы қарсылығымды ашық біл­дір­дім. «Бәрібір сол жігітке тұрмысқа шы­ға­мын» дегенімді естіп, ағайын-туыс аса қар­сы­лық білдіре қоймады» дейді апай.
Есләм Зікібаев өлеңге кеш келді. Кеш кел­се де, айналасы он-он бес жылдың ішінде сегіз өлең жинағын шығарыпты. Әбділда ақын ол туралы: «Есләм тақырып жағынан кілең жаңалық айтады деу қиын. Бірақ бізге мә­лім тақырыптардың өзі де Есләмша жыр­лап, жадырап отырады. Өйткені талантты ақын­ның өлеңді поэтикалық дәрежеге көте­ретін өнері көп, аспаптары мол» деген екен.
Қазақтың қабырғалы қаламгерлері Қа­дыр Мырза Әлі мен Мұзафар Әлімбаев та ақын інісінің өзгеше поэзиясын қадыр тұт­ты. Қадыр ақын: «Есләм күй таңдайтын, бап таң­дайтын ақын. Оның сирек жазатыны осы­дан шығар. Дарын иесінің өзін мүлде ерек­ше сезінетін алымды сәттері шабытты шақ­тары болса керек» десе, Мұзафар Әлім­баев: «Есләм поэзияға кешігіңкіреп келді. Алай­да кенже қалған жоқ. Ақындық өнер са­нымен емес, сапасымен өлшенер болар. Ақын­ның негізгі тақырыбы – азаматтық, Отан­ға, туған елге деген сүйіспеншілік» де­ген екен. 
Қазақты қазақтан артық сүйген Герағаң (Герольд Бельгер) Есләм ақын жайында бы­лай деп сыр шерткен екен. «Есләммен 1947-48 жылдар аралығында ауылда танысқанбыз. Мен оқитын әйгілі Ленин қазақ орта мек­те­бінің қасында интернат болатын. Сол интер­нат­қа түсуге есіл өңірінің жетім балалары жан-жақтан ағылып келетін. Бірақ бәрін бір­дей қабылдауға жағдай болмайтын. Жар­ғайың ауылынан оқу іздеп келген бесін­ші сы­ныптың оқушысы Есләм интернатқа түсу­дің реті келмеген соң, бір-екі ай санда­лып, басқа мектепке ауысып кеткен. Таны­суы­мыздың басы сол кезде болатын. Бірақ сол жылдардан менің есімде қалғаны шама­лы.
60 жылдары Алматыда қайта қауыштық, қайта табыстық десе де болғандай. Есләм өз елі­нің, Есіл өңірінің тамаша патриоты бола­тын. Солтүстіктің түлектерін ерекше қадір­лей­тін. Кімнің қай ауылдан, қай ауданнан, қай жерде оқып, қызмет істегенін – бәрін бес саусағындай білетін. Есләмнің жерлестік түй­сік-түсінігі, таным-ұғымы біртіндеп ма­ған да дарыды. Таныс қазақтар қуақыланып, менен кейде «қай ру боласың?» деп сұрай­тын. Сол кезде «Гера», «Герольд» деген аты­ма дыбыс үндестігін қуып, «кереймін» дей­тін­мін. Сонымды бірде естіп қалған Есләм жақ­тырмай: «Ой, сен қалай керей боласың?!» деп тап берді. «Е, сонда мен кіммін?». «Аты­ғай­сың ғой!». «Ә, солай ма?» Есләмнің арқа­с­ында жөнімді тауып, атығай болып, үйіріме қайта қосылғандай болдым». 
Ақынның жарты ғұмыры газет-журналда өтті. Қарапайым хабардан бастап, бас мақа­ла­ға шекті үздіксіз жазды. Сурет те түсірген кез­дері болған. «Қазақстан пионері» газе­тін­де, «Қазақстан әйелдері» журналында, «Социа­листік Қазақстан», Алматы облыстық «Же­тісу» газеттерінде еңбек етті. Қазақ КСР Бас­па, полиграфия және кітап саудасы істері жө­ніндегі мемлекеттік комитеттің бөлім бас­тығы, «Жалын», «Жазушы» баспаларында бө­лім меңгерушісі, «Кітап жаршысы» газе­тінің бас директоры, Қазақстан Жазушылар ода­ғының әдеби кеңесшісі, көркем әдебиетті на­сихаттау бюросының директоры, «Ақи­қат» журналының бөлім меңгерушісі қыз­меттерін атқарды. 
Рауза апай ақынның газет-журналдарда жа­зылған дүниелерін қаттап, жинақтап қойыпты. «Жинақталған мақалаларының өзі бір кітапқа жүк. Естеліктері, эсселері де дайын тұр. Бұның бәрі жеке жинақ болып шық­са, талайлардың жүрек қылын шертер еді. Отағасы қайтыс болған соң, арада біраз уа­қыт өткен кезде сағынып, күнделігін па­рақ­тап шықтым. Аты аталмай жүрген жазу­шы­лар жайлы көбірек жазған екен. Тоқаш Бер­дияров, Ізтай Мәмбетов, Әділбек Абай­ділданов сияқты ақындарды атап өтіпті. «Ме­нің де шығармашылығым қалай болар екен» деп ойлаған болу керек. Сырбай, ғафу аға­лармен талай тойларда бірге жүрген, ол кі­сі­лер жайлы да естеліктері бар екен. Осы­лар­ды жинақтап 2003 жылы ой-толғамдары мен эсселерінен құралған «Жыр — тағды­рым» жинағын шығардық. Сондай-ақ, «Қас-қағым сәт», «Армандай ғұмыр», «Өмір бәй­ге» жинақтарымен қоса үш томдық таңд­а­ма­лысы жарық көрді. Ақындықпен, жур­на­листикамен ғана шектеліп қалмай, аудар­ма­мен де тыңғылықты айналысқан. Серб жазу­шысы Змайдың бірталай шығар­мала­рын, башқұрт ақыны Ш.Бикколдың «Жүре­гім­нің жарығы», қырғыз ақыны Ж.Са­дықовтың «Тау жолы» жыр кітаптарын, түр­кімен жазушысы К.Құрбаннепесов шы­ғар­маларын тәржімалағанын осы күні біреу білсе, біреу білмейді. Ал сол кітаптарды ау­дару­дағы бастан кешкен қиыншылықтары мен шығармашылық азабына өзім куәмін» дейді. 
Жеке блокнотындағы өлеңдерін де жи­нақ­тап, компьютерге теріп қойыпты. Бір жол болса да, өлеңдері жоғалмасын деген мақ­сатпен жиып-теріп отыр. Мұның бәрі ақын мұрасына деген сүйген жардың құр­меті, ерекше пейілі, ықыласы болса керек. 
– Кешегі Абай, Мағжан, Қасымдардың,
Артында қалған ұшқын-жасыннанмын.
Сынығымын алмастай асылдардың,
Тұнығымын тұңғиық ғасырлардың, – деп жыр төккен ақынның өзі де, сөзі де мәңгілік бо­лары хақ! 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет