Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5, C-O-4, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.
С-О-2 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.
С-О-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс*: 1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы. сот орындаушысына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
С-R-1 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
| С-4 |
138248
|
186551
|
С-О-2
|
163232
|
220697
|
С-О-4
|
109932
|
148242
| С-R-1 |
142412
|
192381
|
I. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті, 010000, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 11, анықтама телефондары: (7172) 71-84-17, электронды мекен-жайы: kadry_kk@minfin.gov.kz мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:
1. Үкіметтік талаптар мен қарыздар бойынша міндеттемелерді тіркеу басқармасының бас сарапшы-бас қазынашысы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне), С-4 санаты 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Бюджеттік кредиттеу нәтижесінде пайда болған үкіметтік және кепілдік берілген қарыз міндеттемелерін, үкіметтік талаптарды есепке алуды, үкіметтік сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар шоттарынан қаржыларды алу жөніндегі қаржы процедураларын іске асыруды, республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаржысын алуға арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімін қарастыруды қамтамасыз ету, үкіметтік сыртқы қарыз және байланысты гранттар қаржыларын шығындау және есепке алу тәртібі мен процедуралары, қарыздарды және кредиттерді есепке алу жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді дайындау және әзірлеуге қатысу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару). Негізгі қызмет бойынша мерзімді қайта даярлау курстарынан өткен сертификаттардың болуы жөн. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
2. Ведомстволық бақылау басқармасының бас сарапшысы-бас қазынашысы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне), С-4 санаты 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Қазынашылық комитетінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің қызметтеріне ведомстволық бақылауды жүргізеді және материалдарға талдау жасайды. Бюджетті атқару, ведомстволық бақылауды ұйымдастыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, Қаржы Министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен, Қазынашылық комитетінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынас жасайды. Нормативтік құқықтық актілердің және Қазынашылық комитетінің басқа да құжаттары жобаларын дайындау және жетілдіруге құзіреті деңгейінде қатысады. Құзіреті деңгейінде Қазынашылық комитетінің аумақтық және құрылымдық бөлімшелеріне консультативтік көмек көрсетеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару). Негізгі қызмет бойынша мерзімді қайта даярлау курстарынан өткен сертификаттардың болуы жөн. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
3. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары, С-О-2 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Банк операцияларын жүргізу және олар бойынша есеп берулерді жасау, валюталық операцияларды жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, корреспонденттік шоттар, баланс шоттары бақылауды ұйымдастыру, бюджет төлемдерінің есепке алынуының дұрыстығын бақылау, мемлекеттік мекемелердің шоттарды ашу және жүргізу тәртібін сақтауды жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау. Мәліметтер базасын басқарудың реляциялық жүйесі негізінде әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу және пайдалану; ақпараттарды қорғау және ақпараттық жүйені құру, бағдарламалық-техникалық кешендерді тиімді пайдалануды бақылау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық саласында (құқықтану) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында (автоматтандыру және басқару немесе ақпараттық жүйелер немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету); Негізгі қызмет бойынша мерзімді қайта даярлау курстарынан өткен сертификаттардың болуы жөн. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
4. Қызылорда обысы бойынша Қазынашылық департаменті Ведомстволық бақылау бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Бөлім қызметіне жалпы басшылық жасау, Қазынашылық Департаментінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің қызметіне ведомстволық бақылау жасау жұмыстарын ұйымдастыру; бюджеттің орындалуы, ведомстволық бақылауды реттейтін нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттарды әзірлеуге қатысу; Бюджеттің орындалуын, ведомстволық бақылау мәселелері бойынша Комитеттің, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен және Департаменттің аумақтық органдарымен өзара байланыс жасау. Бөлімнің қызметшілерінің өкілеттіктерін және лауазымдық міндеттерін анықтайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару). Негізгі қызмет бойынша мерзімді қайта даярлау курстарынан өткен сертификаттардың болуы жөн. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
5. Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департаменті Әулиекөл аудандық қазынашылық басқармасының басшысы, C-R-1 санаты 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Республикалық бюджеттің кассалық орындалуы және мемлекеттік бюджеттің есептік-кассалық қызмет көрсетуін, республикалық, өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуы мәселелерінде алдын ала және ағымдағы бақылауды, қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, республикалық бюджетті орындау жөніндегі бухгалтерлік есеп және есеп беруді, банк есептілігін және бухгалтерлік есеп жүргізу жөніндегі жұмыстарды бақылау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) немесе құқық саласында (құқықтану) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында (автоматтандыру және басқару немесе ақпараттық жүйелер немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
6. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті Мақтаарал аудандық қазынашылық басқармасының басшысы, C-R-1 санаты 1 бірлік
Функционалды міндеттері: Республикалық бюджеттің кассалық орындалуы және мемлекеттік бюджеттің есептік-кассалық қызмет көрсетуін, республикалық, өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуы мәселелерінде алдын ала және ағымдағы бақылауды, қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, республикалық бюджетті орындау жөніндегі бухгалтерлік есеп және есеп беруді, банк есептілігін және бухгалтерлік есеп жүргізу жөніндегі жұмыстарды бақылау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) немесе құқық саласында (құқықтану) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында (автоматтандыру және басқару немесе ақпараттық жүйелер немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.
Достарыңызбен бөлісу: |