28
Қазақстан Республикасы
Білім
және ғылым министрінің
2018 жылғы «____» ______
№______бұйрығына 2-қосымша
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
үшін «Философия» жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдары үшін «Философия» жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу
бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) «Білім туралы»
Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 5-2)
тармақшасына сәйкес әзірленді және оқытудың мақсатын, міндеттерін,
құрылымын, мазмұнын, әдістерін айқындайды.
2. Осы бағдарлама «Философия» жалпы білім беру пәнінің жаңартылған
мазмұнын зерттеуге, студенттердің
бойында сананың ашықтығы, өзіндік
ұлттық код, ұлттық сана-сезім, рухани жаңғыру, бәсекеге қабілеттілік, реализм
және прагматизм, сыни ойлау, білімге ұмтылыс
қасиеттерін қалыптастыруға,
олардың әділдік, намыс, еркіндік және тағы басқа дүниетанымдық ұғымдарды
игеруіне, сонымен қатар, толеранттық құндылықтарын, мәдениетаралық сұқбат
пен бейбіт өмір сүру мәдениетін нығайтуға және дамытуға бағытталған.
3. Жоғарғы білім берудің білім беру бағдарламасының құрылымына
сәйкес осы бағдарлама бойынша оқу ұзақтығы 150 академиялық сағатты
(5 академиялық кредитті) құрайды.
2-тарау. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін
нәтижелері
4. Бағдарламаның мақсаты студенттердің философияны дүниені
танып-
білудің ерекше формасы ретінде түсінуін қалыптастырып, олардың келешек
кәсіби қызметтері аясында оның негізгі тараулары,
мәселелері мен әдістері
туралы тұтас білім беру.
5. Бағдарламаның міндеттері:
1)
Білім алушылардың қоғамдық сананы жаңартудағы және қазіргі
заманның жаһандық міндеттерін шешудегі философияның рөлін түсіну аясында
білім алушылардың философиялық-көзқарастық және әдістемелік мәдениет
негіздерін игеруі;
29
2)
студенттердің бойында философиялық рефлексияны,
өзін-өзі сараптау
және адамгершіліктік өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру;
3)
ғылыми зерттеу қабілеттерін дамыту, интеллектуалдық және
шығармашылық әлеует қалыптастыру.
6. Бағдарламаны меңгеру қорытындысы бойынша білім алушы келесі оқу
нәтижелеріне ие болады:
1)
философияның тарихи дамуы негізінде онтология мен метафизиканың
негізгі
мазмұнын сипаттау;
2)
нақты дүниені философиялық зерделеудің ерекшелігін түсіндіру;
3)
дүниеге көзқарасты табиғи және әлеуметтік әлемді философиялық
зерделеу мен зерттеудің нәтижесі ретінде негіздеу;
4)
дүниені танып-білудің ғылыми және философиялық әдістерін жіктеу;
5)
мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның
ерекшеліктері мен
мазмұнына түсініктеме жасау;
6)
негізгі дүниетанымдық ұғымдардың мағынасы мен рөлін адамның
қазіргі әлемдегі жеке және әлеуметтік болмысының құндылықтары ретінде
негіздеу;
7)
медиамәтіндер, әлеуметтік-мәдени және жекетұлғалық жағдайлардың
философиялық қырларына этикалық шешімдерді қабылдау және негіздеу үшін
талдау жасау;
8)
қазіргі жаһандық қоғамның өзекті мәселелеріне
қатысты өзінің адами
ұстанымын қалыптастыру және сауатты дәйектеу;
9)
кәсіби саладағы мәселелердің философиялық мазмұнын анықтау үшін
өзекті болып саналатын зерттеу жүргізіп, оның нәтижелерін талқылауға ұсыну.