Булану кез келген температурада өтетінін оқушыларға айту керек. Булану құбылысы әртүрлі сұйықтарда әртүрлі өтетінін көрсету керек. Сосын екі шыны әйнекке судың немесе спирттің екі бірдей тамшысын тамызып, оның бірін қыздырғыштың үстінде ұстап көрсету керек. Оқушылар қыздырылған әйнектен қыздырылмағанға қарағанда тамшының әлде қайда жылдам жоғалатынын байқайды. Осының негізінде оқушылар булану қыбылысының шапшаңдығы температураға байланысты деген қорытынды жасайды. Қайнау. Күнделікті өмір тәжірибесінен оқушылар қайнау құбылысын күнделікті бақылайтындығына байланысты класс тәжірибесінен бас тартуға болмайды. Себебі, күнделікті өмір тәжірибесінде олар қайнау құбылысын тек үстіне ғана көреді де, бетінде не болып жатқанын ғана байқайды. Сондықтан класста қайнау құбылысы бойынша тәжірибелер жасап көрсеткен орынды.
Агрегаттық күйлердің арасындағы айырмашылықтар туралы мәселені неғұрлым тереңірек қарастырған абзал, өйткені бұл білім көптеген құбылыстарды түсіндіруге мүмкіндік береді. Зат бір агрегаттық күйден екінші агрегаттық күйге өткенде оны құрайтын молекулалардың өздері өзгермейтінін (әртүрлі заттардың молекулаларының бір-бірінен ерекшелігі болғанымен) баса айтып отырған дұрыс.
Конденсация және булану құбылыстарының өзара байланыстарын оқыту, қайнау температурасының қысымға тәуелділігін және қаныққан бу қысымының температурағы тәуелділігін, кризистік температура ұғымдарын қалыптастыру оқушыларда диалектикалық ойлау әдісін тәрбиелеуде маңызды рол атқарады.
Кебу мен конденсациялану процестерін қаратыруда мына фактілерге ерекше көңіл аударған жөн:
- қатты денелер мен сұйықтардың кебуі кез-келген температурада жүреді;
- газдағы конденсациялану құбылысы, оның қысымы мен температурасының белгілі шамаларында жүзеге асады және бұл параметрлердің мәндері әр зат үшін әртүрлі.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Жұмыс ұғымын қалыптастыру әдітемесін көрсетіңіз
Энергия ұғымдарын қалыптастыру әдістемесін көрсетіңіз
Ішкі энегрия ұғымын қалыптастыру мәселесіне тоқталыңыз
Жылу мөлшері тақырыбын оқыту әдістемесін көрсетіңіз
Заттардың агрегаттық күйлері тақырыбын оқыту әдістемесін көрсетіңіз
|