Тақырыбы: Электростатика элементтері; тұрақты ток, электромагниттік құбылыстар, электромагниттік өріс, жарық құбылыстары тақырыптарын оқыту әдістемесі
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Электростатика элементтері
Тұрақты ток
Электромагниттік құбылыстар
Электромагниттік өріс
Жарық құбылыстары тақырыптарын оқыту әдістемесі
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Электр заряды. «Электр заряды» ұғымын енгізу «атом құрылыс» тақырыбын меңгерумен басталады. Электр заряды әрқашан қандай да бір денемен (бөлшекпен) байланысты және өздігінен өмір сүре алмайды, өйткені ол бөлшектердің (немесе денелердің) белгілі бір қасиеттерінсипаттайды, атап айтқанда, бір-бірімен электр өрістері арқылы белгілі бір түрде өзара әсерлесу қасиетін сипаттайды. Барлық денелер электрленеді, электрленбейтін дене болмайды, электрленген денелер басқа барлық денелерге қатысты өздерінің қасиеттерін білдіреді.
Алайда электр заряды ұғымы сонымен қалыптасып біткен деп ұйғару дұрыс болмас еді. Бұл – күрделі ұғым.
Электр заряды дискретті, яғни шексіздікке дейін бөлінбейді; минималды элементар электр заряды бар. Теріс электр зарядын тасушы элементар бөлшек – электрон болып табылады (және, мысалы, теріс мю-мезон), элементар оң заряд - протон (оң мю-мезон, позитрон).
Электрон жайында ұғым. Электрон жөнінде түсінік енгізу үшін электр зарядының бөлінгіштігі мен дискреттілігін көрсету қажет. Электр зарядының бөлінгіштігі зарядтардың бір бөлігінің зарядталған бір денеден екінші зарядталмаған денеге ауысуын көрсететін қарапайым тәжірибелерден анық.
Электр зарядының дискреттілігі Иоффе мен Милликеннің едәуір күрделі тәжірибелерімен дәлелденген болатын. Мұнда бұл тәжірибелерді толық түсіндіріп жатпай, олардың мәнісін ғана қарастырамыз.
Электр өрісінде конденсатордың зарядталған пластиналарының арсындағы өлшемдері шағын қандай да бір денеге түсіреді: Милликен тәжірибесінде – бір тамшы май, ал Иоффе тәжірибесінде металл тозаңы. Тамшыны немесе тозаңды микроскоппен бақылайды.Конденсатор астарларының арасындағы кеңістікті ультракүлгін немесе рентген сәулелерімен жарықтандырып, тозаңның немесе тамшының зарядын алмастыра аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |