«ЖОҒары мектеп педагогикасы» ПӘнінен дәріс кредит саны 3 курс -1



бет8/24
Дата08.04.2024
өлшемі94.38 Kb.
#497999
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
ЖМП лекция

Бақылау сұрақтары:

      1. Әдіснама деніміз не?

      2. Теориялық білімді практикада жүзеге асыру тәсілі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. С.Д.Смирнов Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. М., 2009.

  2. Мынбаева А.И. Основы педагогики высшей школы. А, 2008, -156.

  3. Иманбекова Б. Қазақстандағы педагогикалық ойлар мен білім беру тарихы. А: Қазақ университеті, 2010. -158.

  4. Дүйсембінова, Р. Қ. Кәсіби педагогика. Оқулық / Р. Қ. Дүйсембінова ; ҚР Білім және Ғылым мин-гі. - Алматы, 2012. - 348 б.

  5. Сорокопуд, Ю. В.Педагогикавысшейшколы. Учебное пособие / Ю. В. Сорокопуд. - Ростов н/Д: Феникс, 2011. - 541 с.

  6. Громкова, М. Т.Педагогикавысшейшколы.Учебное пособие / М. Т. Громкова. - М. : ЮНИТИ-ДАНА, 2012. - 447 с.


5 -дәріс. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби коммуникативтік құзыреттілігі
Дәрістің мақсаты: Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби коммуникативтік құзыреттілігін негіздеу.
Қарастырылатын мәселе:

        1. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби коммуникативтік құзыреттілігі

        2. Педагогикалық процесс

Педагогикалық процесс дегеніміз – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиелеуші және тәрбиеленушілердің өзара әрекеттесуі. Басқа сөзбен айтқанда, педагогикалық үрдіс дегеніміз - әлеуметтік тәжірибе жеке адамның сапасына айналатын үрдіс. Тұтастылық негізінде оқыту, тәрбиелеу және дамыту бірлігін қамтамасыз ету педагогикалық үрдістің басты мәнін құрайды.
Педагогикалық процесті жүйе ретінде қарастырайық. Педагогикалық процесс дегенеміз – барлық жүйелерді біріктіретін басты жүйе. Онда шарттары, формалары, әдістері бар дамыту, оқыту, тәрбиелеу үрдістері қамтылған.
Педагогикалық теория педагогикалық үрдісті динамикалық жүйе ретінде елестетуді үйрене отырып, прогрессивті қадам жасады. Құрамдас компоненттерді нақты айырудан бөлек, елестету көптеген байланыстарды және олардың компоненттерінің арасындағы қатынастарды талдауға мүмкіндік береді; ал бұл педагогикалық процесті басқару тәжірибесінде басты болып табылады.
Педагогикалық процесс орын алатын жүйелер – толығымен алынған халық білімінің жүйесі, мектеп, сынып, сабақ және т.б. Бұлш жүйелердің әрқайсысы белгілі бір сыртқы орталарда қызмет етеді: табиғи-географиялық, қоғамдық, өндірістік, мәдени және т.б. Алайда арнайы жүйелер де болады, мысалы, иектеп ішіндегі жағдайларға материалдық-техникалық, санитарлық-гигеналық, моральдік-психологиялық, эстетикалық және т.б. жағдайлар жатады.
Құрылым дегенеміз - жүйе ішіндегі элементтердің орналастырылуы. Жүйе құрылымын қабылданған критерийлар бойынша бөлінген элементтер (компоненттер), сонымен қатар олардың арасындағы байланыстар жатады. Педагогикалық жүйелер арасындағы байланыстар басқа динамикалық жүйелердегі компоненттер арасындағы байланыстарға ұқсамайды. Педагогтың мақсатқа бағытталған әрекеті еңбектің едәуір бөлігі бар органикалық бірлікте жатыр. Объект – сол субъект. Үрдіс нәтижесі қабылданған технологияға, педагог және оқушының өзара әрекеттесуіне байланысты.
Педагогикалық процесті жүйе ретінде талдау үшін талдау критерийлерін бекіту керек. Мұндай критерия ретінде процестің едәуір көрсеткіші немесе жеткен нәтижелердің шамалары бола алады. Оның жүйені зерттеу мақсаттарына жауап бере алатындағы маңызды.
Педагогикалық процеспен алғаш танысқан студенттің мақсаты қандай? Әрине, бәрінен бұрын ол жүйенің жалпы құрылымын, оның басты компоненттерінің арасындағы өзара байланыстарды түсінгісі келеді. Сондықтан жүйе мен критерийлер бағдарланған мақсатқа сәйкес келу керек.
Педагогикалық процесс жүретін жүйенің компоненттері – педагогтар, тәрбиеленушілер, тәрбилеу шарттары. Педагогикалық процестің өзі педагог және оқушылардың өзара әреткеттесуінің мақсаттары, мазмұнын, әдістерін, формаларын сипаттайды.  Бұл жүйені қалыптастыратын компоненттер – мақсат, мазмұны, қызмет және нәтижелі. Процестің мақсатты компонентіне педагогикалық қызметтің алуан түрлі мақсаттары және тапсырмалары кіреді: жалпы мақсаттан – жеке тұлғаның жан-жақты және үйлесімді даиуынан – жекелеген сапаларын және олардың элементтерін қалыптастырудың нақты мақсаттарына дейін. Мазмұнды компонент  жалпы мақсатқа және сол сияқты әрбір нақты мақсатқа кіретін ойды бейнелейді, ал қызметті – педагогтар және оқушылардың өзара әрекеттесуін, олардың бірлесіп қызмет етуін, процесті ұйымдастыру және басқаруды білдіреді. Сонымен қатар бұл компонент әдебиетте ұйымдастырушы немесе ұймдастыру-басқарушы деп аталады. Процестің нәтижелік компоненті оның өту нәтижелілігін бейнелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет