«ЖОҒары мектеп педагогикасы» ПӘнінен дәріс кредит саны 3 курс -1



бет1/24
Дата08.04.2024
өлшемі94.38 Kb.
#497999
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
ЖМП лекция




әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Философия және саясаттану факультеті


Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы
«ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫ» ПӘНІНЕН
дәріс

КРЕДИТ САНЫ - 3
КУРС -1
Құрастырған: п.ғ.к., доцент Молдасан Қ.Ш

АЛМАТЫ -2024
Дәрістердің қысқаша мазмұны.


1- дәріс. Педагогика ғылымы және оның адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орны.


1. Дәрістің мақсаты: педагогика ғылымы туралы жалпы түсінік қалыптастыру, ғылым ретіндегі өзіндік орнына баға беру, ғылыми сипаттау.
2. Негізгі мәселелер:
1. Педагогика ғылымы және оның адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орны.
2. Педагогиканың объектісі, пәні және қызметтері
Қазіргі кездегі саяси-экономикалық, әлеуметтік, рухани-мәдени өзгерістер ел өмірінің, сондай-ақ адам өмірінің барлық саласына өзінің әсерін тигізді. Айналадағы құбылыстарға, заттарға, адамға деген ішкі сана-сезім, көзқарас, қарым-қатынас түбімен өзгерді. Адамдардың, қоғамның құндылықтары мен қызығушылықтары да басқаша сипат алды. Білімге деген сұраныс та, талап та өсе түсті. Қай мемлекеттің де негізгі тірегі - асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де, белсенді адамдар. Әрине, "келешектің иесі - жастар". "Жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманына көбірек ұксас келеді. (И.С.Кони). Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді. Жоғары мектеп педагогикасы- кәсіби-мамандарды тәрбиелеу мен білімдендіру туралы ғылым. Жоғары мектеп педагогикасының пәні – жоғары оқу орнындағы педагогикалық жүйе мен педагогикалық іс-әрекет.Жоғары білімді дамытудың негізгі бағыты қазіргі заман талаптарына сай, ғылыми зерттеу жұмыстардың нақты өмір барысында экономикалық бәсекелестік жағдайында ене алатын, ақпараттық және жаңа технологиялармен жетілген болуын қамтамасыз ету.
Жоғарғы мектеп- білім берудің және іс-әрекет жүйелерінің қайта жаңғыруымен дамуын қамтамассыз етеді. Бұл қызмет адамдардың бірін-бірі үзіліссіз алмастырып отыратын ұрпақтарымен, әлеуметтік қатынастардың жаңа материалдарында және өзгеріп отыратын тарихи жағдайлардағы мәдени нормаларды іске асыру арқылы орындалады. Білім беру қызметі ретінде адамдар қарым-қатынастарының барлық жүйесіне таралған, бірақ ұйымдасқан үрдіс ретінде білім беру арнайы әлеуметтік институттары мен іске асырылады.Білім берудің басты мақсаты- адамның қорларын дамыту болып табылады. Әрбір ел үшін экономикалық және технологиялық даму, қоғамның жақсы жағдайы мен азаматтарының жақсы өмірі оның белсенді халқының дағдыларының, білімдері мен біліктіліктерінің орташа деңгейіне пропоционал болады.Жоғары білікті адамдардың жақсы еңбек ақы алуына, бақталастыққа қабілеттілікті жоғарылатуға көмектесу мүмкіндіктері бар, олар жұмыс профилінің мүмкін болатын өзгерістеріне жақсы бейімделген, одан айрылып қалған жағдайда көп қайғырмайды, өз білімдері мен дағдыларының деңгейін көтеруге және оны жаңартуға қабілетті болып келеді.Адам қорлары дамуының біртұтас және ұзақ мерзімді жобасы университеттердегі, политехникалық және кәсіби мектептердегі білім беруге қол жеткізу үшін қажетті жағдай жасау дегенді білдіреді. Бұл білім берудің үшінші деңгейі. Оған оқытудың кішігірім жалғасымдылығымен кәсіби-ұйғарымдық бағыты кіреді.
Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі - адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді. Осыған байланысты елдің білім беру жүйесінің барлық салаларында көптеген өзгерістер мен реформалар іске аса бастады. Қазақстанның бастауыш, орта, арнайы кәсіптік, жоғары кәсіптік, жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ісінде де айтарлықтай өзгерістер орын алды . Қазіргі кезеңде Республикасызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет