Жоғары мектеп педагогикасының басқа пәндермен байланысы



Дата22.09.2023
өлшемі15.89 Kb.
#478279
ЖМП басқа пәндермен байланысы


Жоғары мектеп педагогикасының басқа пәндермен байланысы
ЖМП-ның басқа ғылымдармен байланысының екі түрі бар: әдіснамалық және пәндік.
Әдіснамалық байланыс.
- басқа ғылымдарда қалыптасқан негізгі идеяларды, жалпы тұжырымдамаларды педагогикада қолдану (мысалы, философиядан);
- басқа ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерін пайдалану (мысалы, әлеуметтанудан).
Пәндік байланыс.
- басқа ғылымдардың нақты нәтижелерін пайдалану (мысалы, психологиядан, медицинадан, физиологиядан және т.б.);
- кешенді зерттеулерге қатысу.
Педагогика ғылымының нысанына адам және оның қалыптасып дамуы кіргендіктен, бұл ғылым адамды зерттеу нысаны ретінде қарастыратын барлық ғылымдармен байланыс жасайды. Бұл байланыстардың ішінде философия және психологиямен байланыстары ерекше.
Педагогиканың философиямен байланысы ерекше, себебі философия педагогиканың әдіснамалық негізін құрайды, яғни көптеген педагогикалық құбылыстарды түсіндіруге көмектеседі,, педагогикалық ізденістер бағыттарын анықтайды. Философия ғылыми таным қағидалары мен әдістерін, әдістемесі мен технологиясын жасай отырып, педагогикалық зерттеулер мен педагогикалық ізденістерді жүргізудің, педагогикалық тәжірибені талдаудың және педагогикалық тұжырымдамаларды жасаудың теориялық негізі болып табылады. Педагогикалық фактілер мен құбылыстар философиялық негіздемесіз ғылыми мәртебеге ие бола алмайды. Екінші жағынан педагогика философиялық идеяларды «сынақтан өткізу алаңы» болып табылады. Педагогика адамның дүниетанымын қалыптастыру жолдары мен құралдарын жасайды.

Педагогиканың психологиямен де байланысы тығыз және өте маңызды екендігін айта кету қажет. Психологияның зерттеу пәні психика мен тұлғаның психологиялық құрылымы (оның маңызды құрамдас бөліктері сана, іс-әрекет) болғандықтан, психология оқыту мен тәрбиенің жүйелері негізделетін оқушының дамуы мен таным үрдістері туралы қажетті мәліметтерді береді. Психология адамның даму заңдылықтарын ашып, оның деңгейін диагностикалайтын болса, ары қарай педагогика оны оқыту мен тәрбие барысында дамыту мен қалыптастыру жолдары мен мазмұнын қарастырады.


Педагогика мен психологияның маңызды байланыстарына төмендегілерді жатқызуға болады:
1. Тәрбиеленушілер мен білім алушылардың сипаттамалары.
2. Психикалық үрдістер туралы түсініктер.
жас ерекшелік
3. Тұлғаның жеке ерекшеліктерін сипаттау, ең бірінші – дербестік, белсенділік, мотивациясын.
4. Педагогика мазмұн түрінде қабылдайтын сипатында білім беру мақсаттарын ұсыну.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет