Музыка Әуен ойнап тұрады, бұлт үстінде періште қыз бала отырады



бет1/3
Дата27.02.2023
өлшемі34.18 Kb.
#470108
  1   2   3
8 наурыз Анашым күнім


8 Наурыз «АНАШЫМ-КҮНІМ!»
1музыка Әуен ойнап тұрады, бұлт үстінде періште 2 қыз 2 бала отырады.
Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – Ана.
Баласын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ол Ана.
Әр сәби жарық дүниеге келер кезде өз анасы қандай адам болатыны туралы ойлайды екен. Ендеше сәби періштелерді тыңдап көрейік.
1 періште: Азиза. Мен жарық дүниеге келген кезде анамды қатты жақсы көретін боламын. Анамды сыйлаймын, амандығын тілеймін. Менің анам сұлу адам.
2 періште. Әміре. Ал менің анам сымбатты адам. Жарық дүниеге келгенде мен күнде анамның бетінен сүйіп, жылы сөздер айтамы боламын.
3 періште Жанерке. Ал менің Анам – ажарлы кісі. Анамды қатты жақсы көремін. Анам ауырмай ұзақ өмір жасаса екен деп тілеймін.
4 періште Рысбек. Менің анам көрікті. Анасыз өмір не болмақ?! Анам аман болсыншы! Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілеймін.
Барлығы бірге: Барлық балалардың аналары аман болсын!
Ойй бізді аналарымыз күтіп жатыр екен.
Осы кезде періште жарық дүниеге келетін уақытын болғанын айтып бәрі залдан шығып кетеді.
Барлық бала аналарынын қолынан ұстап, әсем әуенмен залға кіреді, барлығы ән орындайды.
2-Ән. «Ана әлдиі» хор
Қолдарындағы гүлдерін аналарына беріп орындарына апарып отырғызады
Жүргізуші:
Армысыздар ақ жаулықты әжелер,ардақты аналар!Өздеріңізге арналған мерекемізге қош келдіңіздер. Ендеше ересек “Наурыз” тобының «АНАШЫМ-КҮНІМ» атты ертеңгілігін бастаймыз. Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді. Аяулы аналар, сіздерге деген балаларыңыздың жылы елбіздерін қабыл алыңыздар.
3-Тақпақтар.
1.Адина:
Аяулы анашым-ардағым,
Жанымда жүрші сен әрдайым.
Құлпырған гүлімдей жайнай бер,

Әнімді мен саған арнаймын.
2. Нұрахмад

Өмірге бізді келтіріп,
Жарық дүние сыйлаған.
Жамандыққа баласын,
Ешқашанда қимаған.
Көрмесін қайғы балалар,
Аман болсын аналар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет