Сценарий Кіші мектеп жасындағыларға Узнать больше



бет1/6
Дата09.01.2024
өлшемі69.5 Kb.
#488756
түріСценарий
  1   2   3   4   5   6
Жаңа жылға арналған сценарий 1-4с


2024-Жаңа жылға арналған сценарий
Кіші мектеп жасындағыларға


Узнать больше1-Жүргізуші: Амансың ба халайық?
Жаңа жылды тойлайық
Ән салайық, билейік
Көңілімізді көтерейік!

  • Құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар! Жаңа жылға арналған ертеңгілігін бірге тойлайық!

2-жүргізуші: Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де.
1.....................: Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрле, төрле жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын!
2.....................: Жаңа жылда балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен.
3........................: Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
4..........................: Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылға жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.
Екі шеңбер болып, шыршаны айналып, көңілді әуенге билеу.
Хор: «Шырша» әні
1-Жүргізуші: Ортада таңдандырып талайды,
Шыршамыз жасанып, жайнайды.
Құбылып, құлпырып айнала
Сиқырлы сәулелер тарайды.
Балалар, қараңдаршы қандай әдемі шырша. Біз шыршамызға тақпақ, ән айтып берейікші.
1..........................: Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Келіңдер, келіңдер
Тақпақ айтып беріңдер
Жомарт Аяз атадан
Сыйлық алып көріңдер
2.......................: Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған.
Міне сұлу шыршаның
Көптен күтіп сағынған
3.............................: Суреттерді әр үйге
Әйнектерге әрине
Түнде салып береді
Көзі қалай көреді?

4.....................: Дала нұр, ауыл нұр,
Құтты болсын жаңа жыл!
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет