Жоғарыда айтылған класстардың мақсаттары мен міндеттерін айқындайық



Дата08.07.2016
өлшемі39.3 Kb.
#185475
Талаптарды талдауының критерийі – ақпараттық жүйесін таңдау. Ақпараттық жүйе – есептеуіш жүйе құрылғылары мен қолданбалы бағдарламалар арасында интерфейс рөлін атқаратын, есептеуіш ресурстарын эффективті пайдалануға бағытталатын ұйымдастырушылық, бағдарламалық және техникалық қамтамалар кешені. Жобада қазіргі таңда ең танымал ақпараттық жүйелердің арасында ең қолайлы және «Жүйелік бағдарламалау» пәні бойынша тестілік жүйені жобалауға икемді түрі ретінде ақпараттық есептеуіш жүйелер таңдалды.

«Жүйелік бағдарламалау» пәні бойынша тестілік жүйені жобалау кезінде келесі пайдаланушылар класстары анықталады. Олар: «Пайдаланушы» және «Әкімшілік» («Оқытушы»). Класстарды қолдану жұмысында «Әкімшілік» және «Оқытушы» атқаратын жұмыстары бірдей.

Жоғарыда айтылған класстардың мақсаттары мен міндеттерін айқындайық.

«Пайдаланушы» классына келесі талаптар тән:



  • тестілеуден өту үшін пайдаланушының авторизациялау мүмкіндігі бар;

  • тестілеу тарауларын таңдау;

  • тестілеуден өту;

  • тест нәтижесін көру;

  • «Жүйелік бағдарламалау» пәні бойынша тестілік жүйесінен шығу мүмкіндігі бар.

«Әкімшілік» классына келесі талаптар тән:

  • «Жүйелік бағдарламалау» пәні бойынша тестілік жүйесіне тест сұрақтарын енгізу мүмкіндігі бар;

  • пайдаланушы тапсырған тесттің нәтижесін көру;

  • деректер қорына ақпаратты қосу, өзгерту және өшіру қабілеті бар;

  • «Жүйелік бағдарламалау» пәні бойынша тестілік жүйесінен шығу мүмкіндігі бар.

Модельдеу контекстін анықтап алғаннан кейін контекстік диаграмманы құруға кірісуге болады (басқаша қара шәжік деп атайды). Мұндай диаграмма түрі жұмысқа кіруге не беріледі және оның құрамын бөлшектеп көрсетпегендегі нәтижесі қандай болатынын көруге мүмкіндік береді.

Қорытынды контекстік диаграмманың түрі 1 суретіне сәйкес көрсетілген.



Сурет 1 Қорытынды контекстік диаграмманың түрі
Қарастырылатын «Жүйелік бағдарламалау» пәні үшін кіруші бағыттаушы болып:

    • Авторизациялау – студент бойынша ақпарат.

    • Тестілеу тарауларын таңдау – тест бойынша ақпарат.

    • Тестілеуден өту.

    • Тестілеу нәтижесін көру – студенттің білім деңгейін бағалау.

Шығу бағыттауштары:

    • Баға – студенттің білім деңгейін бағалау.

Басқару бағыттауыштары:

  • Заңнама – «Жүйелік бағдарламалау» пәнінің өз әрекетінде қолданатын әр түрлі заңнамалық құжаттар.

  • Ережелер және процедуралар – «Жүйелік бағдарламалау» пәнінің өз әрекетінде қолданатын әр түрлі ережелер мен процедуралар (мысалы, тестілеуден өту және тестілеу ережелері, студенттердің білім денгійін тексеру процедурасы және т.с.).

Механизмдер бағыттауыштары:

    • оқытушылар;

    • студенттер;

    • тестілік жүйе.

Студенттің білім деңгейі – тестілеуден өту алдындағы студенттің білімі.

Студент туралы ақпарат – тестілеуден өту үшін студенттің аты-жөні жазылады.

Балдарды қою белгісі және ережелері – пән бойынша баға аралық бақылау (60% дейін) және қорытынды аттестаттау (40% дейін) бойынша үлгерімнің ең жоғары көрсеткіштерінің сомасы ретінде анықталады және кестемен сәйкес 100% дейін мәнді құрайды.

Студент – «Жүйелік бағдарламалау» пәні бойынша тестілеуден өтетін студент.

Оқытушы – «Жүйелік бағдарламалау» пәні бойынша студентті тестілеу жүйесінен өткізеді.

Тестілік қабықша – «Жүйелік бағдарламалау» пәні бойынша тестілеуден өту үшін программалық қамтама.

Баға – тестілеуден өткен соң тестілеудің нәтижесі.

Өнімнің (жүйенің) бағдарламасын іске асырылуын қарастыруға өтеміз. Бағдарламалық қамтамаларды таңдаң үшін «компьютерлік бағдарлама» түсінігін қарастырайық.

Компьютерлік бағдарлама (ағылш. Computer program) [1]:

1) белгілі бір алгоритмді жүзеге асыру мақсатында мәліметтер өңдеу жүйесінің нақты құрауыштарын (компьютерді) басқаруға арналған мәліметтер тізбегі;

2) орындалуға (өңделуге) тиіс реттелген командалар тізбегі, есеп шығару алгоритмін сипаттайтын программалау тілінің сөйлемдер жиыны. Есеп шығаруға, сондай-ақ берілген мәселені шешуге арналған, қабылданған синтаксиске сәйкес жазылған компьютер командаларының (нұсқауларының) реттелген тізбегі;

3) программалар мен олардың үзінділеріне, бағыныңқы программаларға, процедураларға, программалық модульдерге, машиналық программалар мен олардың үзінділеріне арналған жалпы атау.

Жүйені жүзеге асыру үшін келесі бағдарламалық қамтамалар тізімі таңдалды:



  • MySQL деректер базасын басқару жүйесі;

  • Dreamweaver және Denwer базалық пакеті [2];

  • PHP, HTML, CSS программалау тілдері.


Әдебиет:

  1. Ченгаев Д.Технологии PHP и MySQL для создания сайтов. – М: Ченгаев, 2009 г. – 880 с.;

  2. Дронов В. DreamweaverMX. – СПб.: БХВ-Петербург, 2007,349с.;


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет