1. Ацетилен өндірісі және оны қайта өңдеу



бет1/5
Дата26.12.2023
өлшемі31.74 Kb.
#488129
  1   2   3   4   5
Рк 2


Рк
1.Ацетилен өндірісі және оны қайта өңдеу 


Ацетилен — CH≡CH көміртегі атомдары арасында реакциялық қабілеті жоғары үштік байланысы бар ацетилен көмірсутектері қатарының бірінші мүшесі. СН≡СН - әлсіз эфир иісі бар түссіз газ.
Ацетилен өндірісінің екі түрі бар:
1. Кальций карбидінен алу. Карбидті əдіспен алынған ацетиленнің концентрациясы жоғары (99% -дан аста). CaC2-ін сөндірілмеген əк СаО және кокстан электродоғлы пештерте алады:
СаО +3О----- СаС2 +СО
Реакция - эндотермиялық, бұл өндірілетін ацетиленнің өзіндік құнының маңызды элементін құрайды. Экзотермиялық реакция бойынша кальций карбидінің сумен əрекеттесуі кезінде ацетилен алынады:
СаС2 + 2Н2О-----С2Н2 + Са(ОН)2
Карбидті əдіспен алынған ацетиленнің концентрациясы жоғары (99% -дан астам), бірақ құрамында NH₃, H₂S, фосфорлы сутегі және т.б аз қоспалар бар, олар CaC₂ құрамында əрдайым болатын қосылыстардың сумен ыдырауы кезінде түзіледі: нитридтер, сульфидтер және Са фосфидтері және т.б. металдар. 
Шикізат: кальций карбиді CaC2 Параметрлері : t реакция = 50-60°С, жанасу уақыты = 0,01 Шығым ~50 %
2)Термиялық ыдырау әдісі. 1) тотығу пиролизі. 2) гомогенді пиролиз. Көмірсутектердің тотығу пиролизі - онда ацетиленнің түзілу реакциясының эндотермиясы көмірсутектердің бір бөлігінің оттегімен тотығуының экзотермиялық реакциясымен өтеледі. Гомогенді пиролиз көмірсутекті газдар мен сұйықтықтарға негізделген. СН4 немесе басқа көмірсутектер пештегі оттегі қоспасымен бірге жағылады, газ 2000 ° C температурада жүреді. С - С байланысының үзілуімен болатын пиролиз реакциялары едəуір жылу сіңірумен жүреді. Пештің орта бөлігінде 500°C дейін қыздырылған шикізат газ ағынына енгізіледі. Жоғары температурада ыдырау жəне конверсия процестері С2Н2, басқа газдар мен күйе түзілуімен. Бұл əдістің тотығу пиролизінен артықшылығы пештің қауіпсіздігі жəне сенімділігі, бірақ оған отқа төзімді материалдар қажет.
Карбидты әдіс
(–) шикізат пен электр энергиясының көп шығыны (әк және кокс).
(+) жеңіл тазартылатын концентрленген С2Н2 алынуы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет