Жоғарыда айтылғандардың барлығы дипломдық жұмыстың зерттеу тақырыбы мен өзектілігін айқындайды


Республика аумағында 2020 жылдағы болған өндірістік және тұрмыстық өрттер



бет5/15
Дата30.11.2022
өлшемі2.16 Mb.
#466083
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
работа

Республика аумағында 2020 жылдағы болған өндірістік және тұрмыстық өрттер

- 14192 өндірістік және тұрмыстық өрт болды (1,8%-ға азайды), зардап шеккен 941 адам (2,3%-ға кеміді), 369 адам қаза болды (4,4%-ға кеміді), материалдық нұқсан 3256,5 млн. теңгеге (18,3%-ға кеміді).



Өрт саны мына облыстарда: Батыс Қазақстан 20,2%-ға (161 оқиғаға), Ақтөбе 17,7%-ға (134 оқиғаға), Атырау 10%-ға (41 оқиғаға), Солтүстік Қазақстан 8,1%-ға (62 оқиғаға), Қостанай 7,6%-ға (97 оқиғаға), Қарағанды 5,6%-ға (106 оқиғаға) және Астана қаласында 6,8% (59 оқиғаға) азайды.


Өрт санының өсуі мына облыстарда: Маңғыстау 7,1%-ға (16 оқиғаға), Қызылорда 6,5%-ға (31 оқиғаға), Шығыс Қазақстан 6,4%-ға (111 оқиғаға) байқалды.
Өрт туындайтын негізгі объектілерге жататын: 68,1% тұрғын үй секторы, 15,7% көлік құралдары, 3,4% сауда кәсіпорындары, 3,4% басқа ашық аумақтар, 2,1% ормандар, 2% өндірістік ғимараттар мен құрылыстар,
1,5% әкімшілік-қоғамдық ғимараттар, 0,8% ауылшаруашылық объектілер, 0,7% салынып жатқан объектілер мен құрылыс алаңдары болып отыр.
Өрттің пайда болуының ең таралған себептері: 36,3%-ы отты абайсыз қолдану, 24,3%-ы электр жабдықтарын техникалық пайдалану және монтаждау қағидаларын бұзу, 12,6%-ы пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, 9,3%-ы анықталған қасақана өртеу, 4,5%-ы балалардың отпен ойнауы, 4,3%-ы тұрмыстық электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу болып табылады.


Республика аумағында 2017 жылдағы болған өндірістік және тұрмыстық өрттер

- 14724өндірістік және тұрмыстық өрт болды (3,8%-ға азайды), зардап шеккен 801 адам (15,2%-ға кеміді), 342 адам қаза болды (8,1%-ға кеміді), материалдық нұқсан 2266,3млн. теңгеге (30,4%-ға кеміді).



Өрт саны мына облыстарда: Оңтүстік Қазақстан 18,4%-ға (154 оқиғаға), Павлодар 8,6%-ға (88 оқиғаға), Атырау 5,1%-ға (19 оқиғаға), Қостанай 1,8%-ға (21 оқиғаға), Астана қаласында 13,8%-ға (112 оқиғаға) және Алматы қаласында 2,9% (20 оқиғаға) азайды.


Өрт санының өсуі мына облыстарда: Ақтөбе 29,4%-ға (183 оқиғаға), Алматы облысы 21,1%-ға (342 оқиғаға), Шығыс Қазақстан 18,3%-ға (339 оқиғаға), Маңғыстау 17,4%-ға (42 оқиғаға), Ақмола 12,1%-ға (111 оқиғаға),Жамбыл 9,3%-ға (66 оқиғаға),Қарағанды 8,7%-ға (156 оқиғаға)байқалды.
Өрт туындайтын негізгі объектілерге жататын: 66,5% тұрғын үй секторы, 15,9% көлік құралдары, 3,2% сауда кәсіпорындары, 3,6% басқа ашық аумақтар, 3,6% ормандар, 1,8% өндірістік ғимараттар мен құрылыстар,
1,3% әкімшілік-қоғамдық ғимараттар, 1% ауылшаруашылық объектілер, 1% далалық болып отыр.
Өрттің пайда болуының ең таралған себептері: 41,4%-ы отты абайсыз қолдану, 22,9%-ы электр жабдықтарын техникалық пайдалану және монтаждау қағидаларын бұзу, 11%-ы пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, 8,3%-ы анықталған қасақана өртеу, 4,3%-ы балалардың отпен ойнауы, 4%-ы тұрмыстық электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу болып табылады.
Осылайша, негізгі өрт тәуекелі біріншіден табиғи, техногендік, әлеуметтік факторларға тәуелді. Өрт тәуекелін басқару дегеніміз көрсетілген факторға әсер ете отырып тәуекел мәнін қолайлы мәнге дейін төмендету. Өрт тәуекелінің уақытқа тәуелділігі көбінесе осы тәуекелді басқарумен байланысты олардың динамикасын бақылауға мүмкіндік береді. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері мен тәсілдері, барлық белгілі шаралары өрт тәуекелін басқару құралдары болып табылады. Өрт туралы барлық ғылым жетістігі, барлық өрт-техникалық шаралар осыған арналған. ХІХ ғасырда және ертеректе адамдар өрттен аз зардап шекпеген материалдар мен заттардың өздігінен тұтануы немесе найзағай соққысынан туындайтын өрттен аз зардап шекпеген. Осындай өрттің туындау тәуекелі жеткілікті үлкен болған. Бірақ найзағайдан қорғайтын жүйе мен әдістер жасалғаннан кейін, материал мен заттың өздігінен тұтануына әкелетін үдерістің физикалық және химиялық жағы зерттегеннен кейін және осы үдерістің туындауы мен дамуын болдырмау бойынша сәйкес ұсыныстар берілгеннен кейін осындай өрттердің саны айтарлықтай азая бастады. Түрлі типтегі электр қондырғыларды пайдаланумен орнату ережесінің бұзылу себебі бойынша туындайтын өрттер саны жоғары. Бірақ бұл өрттер техникалық жүйелермен құрылғыларда туындағанымен, оларды жасаған, құрастырған және пайдаланатын адамдар. Сондықтан да осындай өрттердің себебін әлеуметтік-техногенді факторға жатқызған дұрысырақ болады. «Электр өрттерінің» туындау және даму тәуекелін шартсыз басқаруға болады. Қысқа тұйықталудан қорғаудың арнайы жүйесін қосқандағы әдістермен құрылғылардың тұтас кешені. Өрттің барлық осы тобы үшін өрт тәуекелінің мәнін айтарлықтай төмендетеді. Басқа да өрттер туралы осылай айтуға болады, олардың туындау себебі техногендіге жатады. Осындай өрттің барлық тәуекелі өркениеттің ғылыми-техникалық жетістігі арқасында ХХІ ғ. айтарлықтай азайтуға болады.
Әлеуметтік фактормен байланысты өрт тәуекелін басқарумен жағдай айтарлықтай күрделірек, себебі жердегі өрт қауіпінің басты көзі адам болып табылады. Бұның ең айқын мысалы (отты абайсыз пайдаланумен байланысты туындайтын өрттен басқа) ойластырған өрт қоюмен байланысты өрттер болып табылады. Отты абайсыз қолданудан туындайын өрттің үлкен санына келетін болсақ олар тұтану көзіне, жанғыш зат пен материалға абайсыз, жеңілтек, сауатсыз қатынасынан емес сонымен қатар темекі шегумен, ішімдік және нашақорлықпен, т.б. байланысты. Осыған ұқсас өрт тәуекелін басқару кездейсоқ күрделі. Бұнда қоғамдық тап өкілдерінің педагог, психолог, физиолог, социолог, БАҚ өкілдерінің және т.б. адамда, планетада қауіпсіз өмір сүрудің жаңа мәдениетін қалыптастыруға икемдейтін мақсатты бағытталған қызметі қажет. Өрт тәуекелін басқарудың көптеген түрлі тәсілдері мен құралдары бар: құрылыстың өртке қарсы нормалары мен ережелері, өрт автоматтандыру жүйесі, өрт техникасы құралдары, өрт- техникалық қарулану және т.б. [39].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет