МОӨЖ 14
Интербелсенді әдістердің бір түрін дайындау мен жүргізу
(интербелсенді экскурсия, кейс-технология, видеоконференция, дөңгелек үстел, дебат, фокус-группа, рөлдік ойындар, тренинг, аздаған группа әдісі)
Қабылдаған:п.ғ.к., аға оқытушы Бекбаева З.Н.
Орындаған:
7М019 Арнайы педагогика: инклюзивті білім беру тобы
Аканбаева Ақнұр
Серікбаева Әйгерім
Қаныт Ақсая
Интербелсенді әдістер - үйренуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқу/оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер
Әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау.
Үйренушілер білімді өздігімен құрастыратын орта құру
терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;
оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып, белсенді өмірлік позиция (көзқарас, дүниетаным) ұстану;
ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алу;
Барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау
Интербелсенді оқу/оқытудың негізгі қағидалары мен мақсаттары
Қағидалар
|
Мақсаттар
|
Орта
қалыптастыру
|
- Білім алушы оқып/үйренуде өз әрекеттерінің жемісті екендігін сезінетін жағдайлар жасау;
- Үйренушілер арасында ашық, еркін, шығармашылық қарым-қатынас орнату;
- Үйренушілерге білімді дайын күйде бермей, оны ізденуге бағыт-бағдар сілтеу.
|
Әрекет арқылы үйрету/үйрену
|
- Үйренушілерге білімнің өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде меңгерілетіндігін дәлелдеу;
- Үйренушілерді белсенді әрекеттерге баулып, олардың білім игеру әрекеттерін ұйымдастыру.
|
Өмірмен байланыстыру
|
- Үйрету/үйренуді практикалық әрекеттерге негіздеу, пән мен тақырыпты күнделікті өмірде туындайтын проблемаларды шешу деп қарастыру.
|
Өзінділік пен дербестікке
баулу
|
- Үйренушілердің дайын жауаптарын қанағат тұтпай, оларды ой-толғаныс арқылы өзіндік пікір құрастыруға, проблема шешуде өзіндік тұрғыдан жауап табуға ынталандыру (егер студент жауап бере алмаса, дұрыс жауапты өзі бермей, оны басқа студенттердің табуына ықпал жасау);
- Үйренушілерде сыни және аналитикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру (күмәндану, өзіндік түсінікке ұмтылу, ақпараттан әртүрлі мағынаны көре білу, дәлелдеме келтіру).
|
бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның) жеке және бірлескен зерттеу жұмыстары, рөлдік және іскерлік ойындар,
пікірталастар, ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, Интернет, құжаттар, мұражай, т.б.), шығармашылық жұмыстар,
кейс-стади презентациялар, компьютерлік оқыту бағдарламалары, тренингтер, интервью,
Достарыңызбен бөлісу: |