«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық
(облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
2. «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) әзірленді.
3. Мемлекеттік қызмет дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушылар) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы органдар) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы, сондай-ақwww.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
1) ХҚО арқылы:
лицензияны беру он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
лицензияны қайта ресімдеу он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
лицензияның телнұсқасын беру екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсыру кезінде ХҚО-да кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
осы стандарттың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды алу кезінде ХҚО-да кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
2) портал арқылы:
лицензияны беру бес жұмыс күні ішінде;
лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқасын беру өтініш түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанында не қағаз тасығышта дәлелді жауап болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет алушы осы Стандартпен қарастырылған тізімге сәйкес толық емес құжаттардың топтамасын ұсынған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысанда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
8. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Лицензиялық алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алымдар ставкасы бойынша жергілікті бюджетке төленеді және мыналарды құрайды:
1) лицензияны, сондай-ақ лицензияның телнұсқасын беру үшін алым төленетін күні қолданыстағы үш еселенген айлық есептік көрсеткіш;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензия беру кезіндегі ставкадан 10%.
Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензияны алуға, қайта ресімдеуге, телнұсқасын беруге электрондық сұрау салу портал арқылы берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
9. ХҚО 9.00-дан 20.00-ға дейін түскі үзіліссіз белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, мереке және демалыс күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбі күнін қоса күн сайын мемлекеттік қызметті ұсынады.
Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Веб-порталдағы жұмыс кестесі: тәулік бойы.
10. Мемлекеттік қызмет алушы мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) ХҚО-ға:
лицензия алу үшін құжаттар тізбесі:
осы стандартқа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;
бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар;
лицензияны қайта ресімдеу үшін құжаттар тізбесі:
еркін нысандағы қайта ресімдеу туралы өтініш;
лицензияларды қайта ресімдеу кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
лицензияның көшірмесі;
лицензияның телнұсқасын алу үшін құжаттар тізбесі:
еркін нысандағы өтініш;
лицензияның телнұсқасын алу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
лицензияның жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттар (өтініш, мемлекеттік баж төлегендігі туралы түбіртек);
2) портал арқылы:
лицензияны алу үшін құжаттар тізбесі:
мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
мына құжаттардың мәліметтері:
отандық тасымалдаушының ЖСН/БСН және атауы;
лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы;
электрондық сұрау салуға бекітілген электрондық сканерленген көшірмесі түрінде - осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар;
лицензияны қайта ресімдеу үшін құжаттардың тізбесі:
мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы қайта ресімдеу туралы сұрау салу;
лицензияны қайта ресімдеу кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәліметтер;
лицензияның деректері (егер лицензия электрондық құжат нысанында болса) не егер лицензия қағаз тасығышта болса, электрондық сұрау салуға бекітілген электрондық сканерленген көшірмесі түрінде;
лицензия телнұсқасын алу үшін құжаттардың тізбесі:
мемлекеттік қызметі алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;
телнұсқа беру үшін алымның бюджетке төленгені туралы мәліметтер;
электрондық сұрау салуға бекітілген электрондық сканерленген көшірмесі түрінде – лицензияның жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттар.
11. ХҚО мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Жергілікті атқарушы органдар лицензияны беруден мынадай:
1) осы субъектілер санаты үшін қызмет түрлерімен айналысу Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған;
2) қызмет түріне лицензия беруге арналған өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрімен айналысу құқығына лицензиялық алым енгізілмеген;
3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жеке түрімен айналысуға тыйым салатын соттың заң күшіне енген үкімі болған;
5) сот орындаушысының ұсынымы негізінде сот өтініш берушіге лицензия алуға тыйым салған жағдайларда бас тартады.
3. Шағымдану тәртiбi
12. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамының немесе ХҚО қызметкерінің әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбiн түсіндіру және шағымды дайындауда жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органның немесе ХҚО-ның басшылығына осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жүгінеді.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда жергілікті атқарушы органдары қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты шағым олардың басшысының атына, осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.
Жергілікті атқарушы органдары қызметкерлерінің әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiб осы мемлекеттік қызметті көрсететін бөлімшенің басшысымен, осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша түсіндіріледі.
14. ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар арқылы ХҚО басшыларына немесе 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А» үй, телефоны 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурстың: www.con.gov.kz мекенжайы бойынша шағым беріледі.
15. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
16. Шағым еркін нысанда пошта арқылы қағаз тасығышта ұсынылады.
17. Мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылдағанын растау үшін нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, байланыс деректерi, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің басқа қағидалары
18. Мемлекеттік қызмет «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 16 және 17-баптарына, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 16-бабының 1) тармақшасына, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
19. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында;
2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» немесе www.elicens.kz «Е-лицензиялау» веб-порталында (бұдан әрі – веб-портал);
3) ХҚО интернет–ресурсында: www.соn.gov.kz;
4) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде;
5) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырады.
20. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандуспен жабдықталған ХҚО ғимараттарында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан.
Порталда - «жеке кабинетте».
21. ХҚО-да бекітілген нысандағы өтініш бланкілері күту залында арнайы орындарда немесе ХҚО қызметкерінде, сондай-ақ ХҚО-ның www.con.gov.kz және жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында орналасады.
22. ХҚО-да құжаттарды қабылдауды «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы қызметкерлер жүзеге асырады.
Веб-портал арқылы жүгінген кезде құжаттарды қабылдау мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
23. Осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті алу үшін мыналар беріледі:
1) ХҚО-ға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі:
сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
қоса берілген құжаттардың саны және атауы;
құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты;
2) веб-портал арқылы жүгінген кезде «жеке кабинетке» мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметтің нәтижелерін алған күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті ұсыну үшін сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама есеп жіберіледі.
24. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) жеке келген кезде және жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсыну бойынша қолхат, онда көрсетілген мерзім негізінде;
2) мемлекеттік қызметті алушының веб-порталдағы «жеке кабинетіне» жіберу арқылы жүзеге асырылады.
25. Уәкілетті орган мен ХҚО-ның мемлекеттік қызметті алушыларға қатысты қызметі сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына және адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың, Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiнiң сақталуына негiзделедi.
26. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету жұмыс нәтижелерi осы Стандартқа 6-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенеді.
27. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық–анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
«Жолаушыларды облысаралық қалааралық,
ауданаралық (облысішiлiк қалааралық)
және халықаралық қатынастарда
автобустармен, шағын автобустармен
тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ
жолаушыларды халықаралық қатынаста
автобустармен, шағын автобустармен
тұрақты тасымалдау бойынша қызметпен
айналысу құқығына лицензияны алуға,
қайта ресімдеуге, телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Жергілікті атқарушы органдардың тізбесі
№ п/п
|
Наименование Акиматов
|
Полный юридический адрес
|
Контактный телефон, адрес электронной почты
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
Акимат Алматинской области
|
город Талдыкорган,
улица Тауелсiздiк, 38
|
8(7282) 27-08-18
www.zhetysu-gov.kz
|
2.
|
Акимат Павлодарской области
|
город Павлодар,
улица Академика Сатпаева 49
|
8(7182) 32-33-35
www.pavlodar.gov.kz
|
3.
|
Акимат Южно-Казахстанской области
|
город Шымкент
улица Таукехана, 6
|
8(7252) 53-74-07
www.ontustik.gov.kz
|
4.
|
Акимат Атырауской области
|
город Атырау
улица Айтеке би, 77
|
8(7122) 35-40-92
www.e-atyrau.kz
|
5.
|
Акимат Восточно-Казахстанской области
|
город Усть-Каменогорск,
улица М. Горького, 40
|
8(7232) 57-85-80
www.akimvko.gov.kz
|
6.
|
Акимат Карагандинской области
|
город Караганды,
улица Алиханова, 13
|
8(7212) 42-10-45
www.karaganda-region.kz
|
7.
|
Акимат Кызылординской области
|
город Кызылорда,
улица Жахаева, 76
|
8(7242) 27-00-81
www.e-kyzylorda.gov.kz
|
8.
|
Акимат города Астана
|
город Астана,
улица Бейбитшилик, 11
|
8(7172) 55-64-23
www.astana.kz
|
9.
|
Акимат Костанайской области
|
город Костанай
улица Аль-Фараби, 66
|
8(7142) 57-50-02
www.kostanay.gov.kz
|
10.
|
Акимат Акмолинской области
|
город Кокшетау,
улица Абая, 83
|
8(7162) 29-72-00
www.akim@akmo.kz
|
11.
|
Акимат Актюбинской области
|
город Актюбе,
проспект Абилкаир-хана 40
|
8(7132) 54-36-30
www.akto.kz
|
12.
|
Акимат Северо-Казахстанской области
|
город Петропавловск
улица Конституции Казахстана, 58
|
8(7152) 46-42-70
www.sko.kz
|
13.
|
Акимат Мангистауской области
|
город Актау,
14 микрорайон дом. 1
|
8(7292) 31-42-15
www.mangystau.kz
|
14.
|
Акимат Западно-Казахстанской области
|
город Уральск,
проспект Достык, 179
|
8(7112) 51-08-82
www.bko.gov.kz
|
15.
|
Акимат Жамбылской области
|
город Тараз
улица Абая, 125
|
8(7262) 43-18-22
www.zhambyl.kz
|
16.
|
Акимат города Алматы
|
город Алматы,
площадь Республики, 4
|
8(7272) 71-60-50
www.almaty.kz
|
Достарыңызбен бөлісу: |