ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ
Дулат мектептің "Дауылпаз" деп аталатын аяқдоп командасының капитаны әрі орталық шабуылшысы. Олар бүгін стадионда көршілес ауылдың "Жігер" командасымен жолдастық кездесу өткізбек.
Кездесу "Дауылпаздың" дүркін-дүркін шабуылымен басталды. Бірақ теңбіл доп қақпаға дарымады. Қарсылыстар қорғанысқа көбірек көңіл бөліп, шабуылға сирек шығады.
Дулат қарсылыстарының қорғаныс шебін жарып өту үшін біресе оң қанатқа ойысып, түрлі әдіс-айла қолданып көрді. Алайда доп қақпашының тосқауылына ұшырай берді.
Есеп ашылған жоқ, ойын тең аяқталды. Кездесулерде қақпаға бір доп енгізбей қоймайтын Дулаттың бүгін жолы болмады.
Ж.Мұсаев (75 сөз)
Тапсырма
1.Мәтінді оқы. (Оқылым)
2.Мәтін не туралы? Мәтіннің мазмұны мен тақырыбы бір-біріне сәйкес келе ме? Ойыңды дәлелдеп айт. (Айтылым)
3. Мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қойыңдар. (Тыңдалым. Айтылым)
4. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда. (Жазылым)
5. Мәтіннен септеліп тұрған сөздерді тауып, қай септікте тұрғанын жаз. (Жазылым)
Достарыңызбен бөлісу: |