Ядролық сәулелерден қорғану. Сәулелендірілген адамның денсаулығына зиян келмеу үшін, алынған эквивалентгік доза шектік көнерлік дозадан (категория А үшін) немесе доза шегінен (Б категориясы үшін) аспауы керек. Қауіпсіздікті камтамасыз етудің ең оңай жолы, әрине, сәуле көзінен мүмкіндігінше қашық орналасу. Егер бұл жолмен қауіпсіздікті камтамасыз ету мүмкін болмаса, онда әртүрлі қорғандар (тоскауылдар) тұрғызады. Қорғандардьң түрлері мен құрылымдары сәуленің тегі мен энергиясына тәуелді таңдалады.
Альфа-сәуледен қорғану. Радиоактивті изотоптар шығаратын алфа-бөлшектердің энергиялары 1,83МэВ пен 11,65МэВ аралығында жатады. Олар, заряды протонның зарядынан екі есе артық, ауыр бөлшек. Осыдан олардың иондау қабылеті жоғары, затта өтетін жолы қысқа.
Алъфа-сәуледен қорғанудың басты жолы оның организмнің ішіне демалу, жұту жолдары мен терінің жараланған жерлері арқылы өтуінен сақтану.
Бета-сәуледен қорғану. Радиоактивті ядролар шығаратын бета-бөлшектердің спектрлерінің максимал энергиялары 18,6кэВ-тан (3Н) 14,5МэВ-ка (14В) дейінгі аймақты қамтиды. Радионуклидтардың көпшілігі шығаратын бета-бөлшектердің ең үлкен энергиясы 5МэВ-тан аспайды. Бета-сәуленің өзінен қорғану үшін қалындығы оларды толық жұтуға жеткілікті, қалқандар қолдану керек.
Бета-сәуленің өзін толық жұтатын қорған онымен зақымданудан толық сақтамайды. Электрондардың қорғандық қалқанда жұтылу барысында тежеулік рентген және гамма-сәулелер шығарылады. Бұл тежеулік сәулелердің қарқынын азайту мақсатында бета сәулені жұтатын қорғанды жеңіл, әсерлік атомдық нөмері кіші заттардан (алюминий, силикаттық шыны, плексигласс) жасайды. Одан кейін тежеулік сәуледен қорғану үшін ауыр, Z эфф жоғары заттардан жасалған қалқан қояды. Оның қалыңдығы бета-радиоактивті көздің активтілігі мен ол шығаратын бета-бөлшектердің спектріне тәуелді. Өйткені, тежеулік сәуленің спектрі мен қарқыны осы шамалармен анықталады.
Рентгендік және гамма-сәулелерден қорғану. Рентген-сәулесі мен гамма-кванттардың затқа өтімділігі алфа және бета-бөлшектердің өтімділігінен әлдеқайда жоғары. Сондықтан, олардан қорғандарды есептеу де күрделірек. Қорғандардың қалындықтарын есептеуді, сәуленің энергиялық спектрін, көзден қызметкерлер орналасатын орынға дейінгі, қашықтықты, сәулемен жұмыс істеу уақытын, нұрланатын адамдардың категориясын ескеріп, жүргізу керек.
Нейтрондар электр бейтарап ауыр бөлшектер. Олар зат арқылы өткенде, зарядталған бөлшектер сияқты электрондармен емес, ядролармен әрекеттеседі. Онын заттағы өтімділігі жоғары. Олардың көршілес изотоптармен әсерлесулерінің де сипаттары мүлдем өзгеше. Нейтрондардың катысуымен өтетін ядролық реакциялар, көбінесе, гамма-кванттар шығарумен тынады. Осыдан, нейтрондардан қорғануды қорганда нейтрондардың әсерінен түзілетін гамма-сәуледен қорғанумен қатар жүргізу керек.
Нейтрондардан қорғанды жобалау барысында бірсыпыра жәйттерді, ең алдымен, көздердің сипаттамаларын, ескеру керек.
Ең күрделі қорғауды, құрамында нейтрондарды баяулатқыш жоқ, жылдам нейтрондық реакгорлар талап етеді. Қорғанның бірінші кабаты болаттан, графиттен, борланған графиттен, борланған темір кенінің байытпасынан, борланған бетоннан салынады. Екінші кабықтық қорған бетоннан салынады.
Жылулық нейтронды реакторларда нейтрондардың графит шағылдырғыштары мен баяулатқыштары, бор ерітіндісі қосылған су баяулатқыштар қолданады. Қорғанды болаттан, әртүрлі толтырғыш қосылған бетоннан, темір кенінің байытпаларынан ж.т.т. тұрғызады.
Қуаты аз нейтрон көздерінің қорғаны карапайымдау болады. Нейтрондар көзі тұрған ғимарат бетон жармен қоршалуы керек. Нейтрондар борланған парафиннің немесе борланған полиэтиленнің көмегімен баяулатылады. Ілеспе гамма-кванттардан қорғасын қалқандар қорғайды.
Достарыңызбен бөлісу: |